Оқу жылының басына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік ұсынымдар



бет8/16
Дата06.09.2023
өлшемі60.63 Kb.
#476703
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
ИМП на 2023-2024 год каз

Оқу орындарын ірі бизнес өкілдерінің қамқорлыққа алуына қатысты

Қамқорлықтың мақсаты-экономиканы кадрлармен қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар мен колледждер арасында тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату.
ЖАО «Атамекен» ӨКП өкілдерімен бірлесіп, колледждерді қамқорлыққа алуға ниет білдірген ірі кәсіпорындардың (ұйымдардың) тізбесін, сондай-ақ кәсіпорындардың (ұйымдардың) бейініне сәйкес келетін колледждердің, кадрлар даярлау бейіндерінің тізбесін айқындау жөніндегі жұмысты белсенді жалғастырған жөн.
Колледждерге қамқорлықты жүзеге асыру бойынша компаниялар (кәсіпорындар) арасындағы меморандумдарға, келісімдерге қол қою жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.
Меморандумдарда (келісімдерде) келесі бөлімдер көрсетілуі тиіс: ынтымақтастықтың мәні мен принциптері, ынтымақтастықты іске асыру, тараптардың міндеттемелері, меморандумдардың қолданылу мерзімі, тараптардың жауапкершілігі, сондай-ақ компания өкілдерінің қамқоршылық және индустриялық кеңестерге кіру міндеттемелері, студенттердің практикасын ұйымдастыру, шеберханалар мен зертханаларды заманауи жабдықтармен жарақтандыруға жәрдемдесу, білім беру бағдарламаларын өзектендіру, кәсіпорын базасында педагогтардың тағылымдамадан өтуі, сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыру.
ҰБДҚ-да ірі кәсіпорындардың колледждерге қамқорлығының мониторингі көзделген.
Мониторинг келесі деректер бойынша жүзеге асырылатын болады: кәсіпорындардың, меморандумдардың, әзірленген білім беру бағдарламаларының, кәсіпорындардың өтінімдері бойынша нысаналы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттердің саны, көрсетілген материалдық көмектің көлемі және т.б.



  1. Worldskills (Ворлдскиллс) қозғалысының дамуына қатысты

WorldSkills Қазақстандағы қозғалысы келесі нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі:

  1. «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамын Қазақстан Республикасындағы WorldSkills Kazakhstan жобасының ұлттық операторы етіп айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 22 бұйрығы;

  2. «Қазақстанда WorldSkills қозғалысын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 126 бұйрығы (бұдан әрі - №126 бұйрық);

  3. Қазақстан Республикасындағы WorldSkills Kazakhstan чемпионаттарының қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) (WorldSkills Kazakhstan Бас Ассамблеясы 2020 жылғы 20 сәуірде бекіткен)

4) «Жаратылыстану-математикалық циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстарын және кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 бұйрығы.
WorldSkills дағдылардың құндылығын көрсетеді және бүкіл әлемде білікті мамандардың танылуын арттырады.
WorldSkills Kazakhstan (бұдан әрі - WSK) қозғалысының мақсаты-техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, кәсіптер мәртебесін ілгерілету.
2023 жылы WSK өңірлік чемпионаттарының қорытындысы бойынша WorldSkills Kazakhstan 2023» республикалық чемпионатына қатысу үшін әр өңірден 15-тен 30 адамға дейін жеңімпаздар анықталды.
WSK республикалық чемпионатын өткізу 2023 жылғы 19-27 қараша аралығында Астана қаласында «EXPO» халықаралық көрме орталығы базасында жоспарланған
WSK республикалық чемпионатының жеңімпаздары жаттығу лагерлерінде жаттығады және WS халықаралық чемпионаттарына қатысады.
Ағымдағы жылы WorldSkills Халықаралық чемпионаты 2023 жылғы 3 қыркүйектен 10 қыркүйекке дейін Гданьск қаласында (Польша Республикасы) өтеді
2023-2024 оқу жылында № 126 ереже мен бұйрыққа сәйкес көздеу қажет:
ТжКОБ ұйым деңгейінде:
1) WSK сарапшыларының біліктілігін бірлесіп арттыру бойынша әлеуметтік серіктестермен өзара әрекеттерді кеңейту;
2) МТБ нығайту және шығын материалдарын сатып алу кезінде WorldSkills International және WorldSkills Europe кәсіптік стандарттарын ескеру;
3) WSR сарапшылары ретінде әлеуметтік серіктестерді тарта отырып, WSR колледжішілік чемпионатын, оның ішінде Abilympics (Abilimpics) және Deafskills (есту бойынша) құзыреттері бойынша өткізу;
4) WSK колледжішілік чемпионатын өткізу кезінде бағалаудың ашық жүйесін (CIS) қолдану;
5) WSK өңірлік (аймақтық) чемпионатына қатысу үшін WSK колледжішілік чемпионатының жеңімпаздарын жіберу;
6) WSR республикалық чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін (ҚР ҰҚ мүшелігіне кандидаттарды) оқу-жаттығу лагерлеріне олардың тұруы мен көлік қызметтерін қамтамасыз ете отырып жіберу;
7) ТжКОБ ұйымының WSK-те үздік нәтижелерінің бенчмаркингі, оның ішінде БАҚ-ты тарта отырып;
8) Кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізу кезінде WorldSkills құралдарын қолдану.
Жергілікті атқарушы органдар деңгейінде:
1) WorldSkills қозғалысына өңірдің әлеуметтік серіктестерін белсенді тарта отырып, сарапшылық қоғамдастықты дамытуды жалғастыру;
2) WSK сарапшылары ретінде әлеуметтік әріптестерді тарта отырып, WSR өңірлік чемпионатын өткізу, оның ішінде Abilympics (Абилимпикс), Deafskills (есту бойынша) құзыреттері бойынша, сондай-ақ салалық бағыттарды, соның ішінде Agroskills дамыту.
3) WSK өңірлік чемпионатын өткізу кезінде ашық бағалау жүйесін (CIS) қолдану;
4) WorldSkills International және WorldSkills Europe кәсіптік стандарттарын ескере отырып, өңір колледждерінің МТБ нығайту және олардың базасында WSK республикалық чемпионатына және WS халықаралық чемпионаттарына ҚР ҰҚ өңірлік құраманы дайындау үшін жаттығу лагерлерін құру;
5) WSK республикалық чемпионатына қатысу үшін WSK өңірлік чемпионатының жеңімпаздарын жіберу;
6) Өңір өкілдері қатысатын халықаралық чемпионаттарға дайындау мақсатында оқу-жаттығу лагерлерін шығын материалдарымен қамтамасыз ету;
7) WSK-те өңірдің үздік нәтижелерінің бенчмаркингі, оның ішінде БАҚ-ты тарта отырып;
8) Өңірлік деңгейде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу кезінде WorldSkills құралдарын қолдану.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет