Оқу жылының басына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік ұсынымдар



бет2/16
Дата06.09.2023
өлшемі60.63 Kb.
#476703
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
ИМП на 2023-2024 год каз

Анықтама: 2022 жылы 170 жаңа кәсіптік стандарт өзектендіріліп, 21 жаңа кәсіптік стандарт бекітілді. Бұдан басқа, ағымдағы жылы 220 кәсіптік стандарт әзірленіп, тағы 278 кәсіптік стандарт өзектендіру жоспарлануда. Бүгінгі таңда ҚР «Атамекен» ҰКП 597 кәсіптік стандарт бекітілген (https://atameken.kz).
«Білім беру жүйесінде кәсіптік стандарттарды қолдану» пилоттық жобасы аясында анықталған 17 колледж жаңартылған 47 кәсіптік стандарт негізінде МЖМБС жаңа құрылымы мен жаңа түзетулері бойынша 46 білім беру бағдарламасын әзірлеген пилоттық режимінде оқыту 2023 жылдың қыркүйегінен басталуы тиіс.



  1. Жалпы білім беру пәндеріне қатысты (ЖБП модулі)

2023-2024 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларында жалпы білім беретін пәндердің тізбесі мен көлемі қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша мамандық бейінін ескере отырып, МЖБС (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына 23.09.2022 жылы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар) сәйкес айқындалады.
«Жалпы білім беру пәндері» модулі бойынша жалпы сағат саны 60 кредит/1440 сағатты құрайды («Хореография өнері» мамандығы бойынша - 38 кредит/912 сағат), жалпы білім беру пәндері 1-2 курста оқытылады.
Мамандықтың бейініне қарамастан міндетті жалпы білім беру пәндерге: «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті», «Орыс тілі және әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін топтар үшін), «Орыс тілі» және «Орыс әдебиеті», «Қазақ тілі және әдебиеті» (оқыту орыс тілінде жүргізілетін топтар үшін), «Шетел тілі», «Математика», «Информатика», «Қазақстан тарихы», «Дене шынықтыру», «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» жатады.
ТжКОБ ұйымдары мамандығының бейініне байланысты «Физика», «Химия», «Биология», «География», «Графика және жобалау», «Дүниежүзі тарихы», «Шетел тілі» (екінші шетел тілі тек «Өнер» бағыты үшін) кемінде төрт пәнді таңдайды.
Жалпы білім беру пәндері бойынша емтихандар «Жалпы білім беру пәндері» модуліне бөлінген кредиттер/сағаттар есебінен өткізіледі.
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 161 бұйрығымен қатар 2024 жылы 1 қаңтардан бастап 2024-2025 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде қолданылатын болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет