Оқу жылының күзгі семестрінің сессиясы кезінде қорытынды бақылау (емтихан) өткізу формаларының сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет2/90
Дата23.12.2023
өлшемі3.09 Mb.
#487765
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90
Қорытынды бақылауды жүргізуге арналған нұсқаулық 2023-2024 күзгі семестр (1)

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер білім алушылар кесте бойынша онлайн форматта қорытынды 
бақылаудан өте алмаған жағдайда, техникалық қателікке байланысты, емтихан 
платформасына жетекшілік ететін университет Кеңсесінің келісімі бойынша көшіріледі. 
Егер білім алушылар техникалық қатенің бар екендігін және емтихан тапсырудың мүмкін 
еместігі туралы қайта мәлімдеген жағдайда, онда білім алушының өтініші және 
факультеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректордың атына жазылған ұсынысы 
негізінде Incomplete кезеңінде қайта тапсыру ұйымдастырылады.
Бұл ретте пән 
оқытушысы 
қорытынды 
тапсырманы 
30% 
жаңартуы 
тиіс 
(жаңа 
кейс/эссе/шығармашылық/аралас емтихан тақырыбын береді немесе толықтырады, тест 
сұрақтарының банкін 30% жаңартады). 
ҚАШЫҚТАН ӨТЕТІН ЕМТИХАН ФОРМАТТАРЫ 
Синхронды. Бейсинхронды. Аралас.
1. 
Синхронды формат – білім алушы нақты уақытта «осы жерде және қазір» режимінде 
емтихан тапсырады. 
Тестілеу – автоматты режим, емтихан тапсыруды прокторингтің автоматты жүйесі, 
проктор не оқытушы (прокторинг болмаған кезде) бақылайды. 
Стандартты емтихан: ауызша – білім алушы емтихандар кестесі бойынша 
оқытушымен немесе онлайн бейне конференция байланысы платформасы (БКБ) арқылы 
емтихан комиссиясының өкілдерімен байланысады. Билет сұрақтары автоматты түрде 
қалыптастырылады – бұған деканның ОӘТЖ орынбасары жауапты. Microsoft Teams, 
MOODLE ҚОЖ-дағы BigBlueButton корпоративті қосылыстары ұсынылады. Техникалық 
проблемалар болған жағдайда – ZOOM, Skype және басқалары. Комиссия сессия аяқталған 
күннен бастап 3 ай ішінде емтиханның бейнежазбасын және бейнежазбалардың сақталуын 
қамтамасыз етеді.
Стандартты емтихан: жазбаша – білім алушы кесте бойынша емтиханды онлайн-
платформада 
Univer АЖ тапсырады. Билет сұрақтары автоматты түрде қалыптастырылады 

бұған деканның ОӘТЖ орынбасары жауапты. Білім алушы сұрақтарға жауап жолдарын 
толтырады. Емтихан тапсыруды прокторингтің автоматты жүйесі немесе проктор 
бақылайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет