27
Ұзақтығы
Дайындық және қорғау уақытын емтихан алушы немесе емтихан комиссиясы шешеді.
Емтихан кестесі бойынша оқытушы
веб-конференцияны жоспарлап,
білім алушыларға
хабарлайды.
1.
Барлық қатысушылар конференцияға онлайн қосылғаннан кейін оқытушы:
a.
емтиханның БЕЙНЕЖАЗБАСЫН қосады;
b.
емтиханға қатысушыларды қабылдайды;
c.
бейнежазбаның жүріп жатқандығы туралы ескертеді;
d.
емтиханның регламенті туралы хабарлайды:
−
емтихан тапсырушылардың ретін,
−
жауап беруге берілетін уақытты хабарлайды;
−
басқа емтихан тапсырушыларға күту режимінде болуға – камераның алдында
үнемі болмауға, бірақ жиналыстан шықпауға рұқсат етеді;
e.
емтихан тапсырушының аты-жөнін және тегін хабарлайды;
f.
әр емтиханнан өтушіден бейнекамераға жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуді
(Жеке куәлігі немесе төлқұжат), видео және аудиобайланысты қосуды сұрайды.
Емтиханды
ID-
карта бойынша және құжаттардың көшірмесімен қабылдауға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
.
Сонымен қатар білім алушы отырған бөлмені көрсетуін сұрайды - бөлмеде бөтен адамдар,
қосымша ақпарат көздері болмауы керек (егер бұл білім алушы тарапынан мүмкін болса);
2.
Білім алушы веб-камерада және/немесе өз экранын көрсете отырып (егер
жобаны
презентация ретінде көрсету сатысымен қорғау көзделсе) өз жұмысын қорғауды жүзеге
асырады
.
3.
Оқытушы білім алушыға оның жұмысының мазмұны бойынша қосымша сұрақтар қояды.
4.
Білім алушының жауабы аяқталғаннан кейін оқытушы
оған бейнеконференциядан
шығуға рұқсат береді және келесі білім алушыны жауапқа шақырады.
5.
Білім алушылардың жазбаша жұмыстары мен оларды ауызша қорғауды тексеру негізінде
оқытушы білім алушыларға тиісті балл тағайындау туралы шешім қабылдайды.
6.
Білім алушының қорытынды бағасын оқытушы:
−
MOODLE ҚОЖ жүйесінде балл түрінде қояды (құрылған «Тапсырма» элементіне білім
алушылардың жауаптарында);
−
жүйедегі балдарды Univer АЖ-ның аттестаттау тізімдемесіне ауыстырады.
7.
Жоба немесе шығармашылық тапсырма форматында өткізілген емтихан үшін аттестаттау
тізімдемесіне балл қою уақыты – 48 сағатқа дейін. АМжД
шешімі бойынша ұзақтығын
қайта қарау мүмкін.
8.
Ауызша қорғау кезеңін қабылдау барысының бейнежазбасын / бейнежазбаларын бұлтты
сақтау сервисіне немесе бейнехостингке (Google дискісі, OneDrive, Youtube және т. б.)
жүктейді және сілтемені UNIVER АЖ тиісті бөліміне орналастырады.
9.
Тексеру қорытындысы бойынша оқытушы емтиханға қатысушыларды аттестаттайды:
−
Moodle ҚОЖ жүйесінде балл қояды;
−
жүйедегі баллдарды Univer АЖ аттестаттау
ведомосіне көшіреді;
Достарыңызбен бөлісу: