28
үшін қандай мерзімдерді анықтағаныңызды хабарлаңыз.
5.
Білім алушылар жұмыстың нәтижесін жүйеге кесте бойынша – оқытушының емтиханға
жоспарлаған уақытына сай жүктеуі керек.
6.
Жұмысты шеттен алып пайдалануға (түпнұсқалыққа) тексеру –
міндетті шарт болып
табылады.
7.
Білім алушылардың өтініші бойынша мерзімдерді өзгертуге тыйым салынады. Жүйе
өзгерістерді тіркеп отырады.
8.
Емтихан кестесі бойынша білім алушылар екінші кезеңге –
орындалған жұмыстарды
ауызша қорғауға шығады.
9.
Емтихан тізімдемесіне қойылатын емтихан үшін қорытынды балл емтиханның 1 және 2
кезеңдері үшін балл сомасы болуы керек.
29
4.
ЭССЕ.
Moodle ҚОЖ-да өткізіледі. Емтихан форматы – бейсинхронды.
Эссе – бұл білім алушылардың ақпаратпен
жұмыс істеу қабілетін,
оны талдау,
құрылымдау, тұжырымдар мен ұсыныстарды қалыптастыруын бақылау құралы. Оны
сондай-ақ емтихан «рефлексия» («Thinking» exam) деп атайды. Емтиханның бұл түрі білім
алушылардың белгілі бір мәселе бойынша үш сағат ішінде үлкен көлемдегі мәтін жазуын
қамтиды.
Бір сағат ішінде білім алушылар ойланады, эскиздер жасайды және эссе құрылымын
дайындайды. Содан кейін екі сағат ішінде эссені жазады.
Бұл емтихан форматы өз
ақылыңды және аналитикалық
қабілеттеріңді қолдана отырып,
курстың көптеген
элементтерін біріктіруді талап етеді.
Айта кету керек, батыс университеттері үшін емтиханда эссе жазу Essays in exams
немесе Critical Thinking exam эссе жазудың дәстүрлі түрі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: