Оқу жылының күзгі семестрінің сессиясы кезінде қорытынды бақылау (емтихан) өткізу формаларының сипаттамасы


емтихан-конференцияны ұйымдастырушы



Pdf көрінісі
бет58/90
Дата23.12.2023
өлшемі3.09 Mb.
#487765
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   90
Қорытынды бақылауды жүргізуге арналған нұсқаулық 2023-2024 күзгі семестр (1)

емтихан-конференцияны ұйымдастырушы – оқытушы немесе 
емтихан комиссиясының мүшесі Microsoft Teams немесе Moodle ҚОЖ-дағы BigBlueButton-
да (немесе басқа да БКБ қызметтері) конференцияны бастайды, шақыру жібереді және 
емтиханға қатысушыларды қосады. 
 
МАҢЫЗДЫ. 
Егер емтиханды 
емтихан комиссиясы қабылдаған жағдайда, оқытушы емтихан 
қабылдаушылар білім алушыларға жалпы чатта емтиханның басталғаны туралы ескерте алуы үшін 
комиссия мүшелерін білім алушылар тобының чатына алдын ала енгізеді. 
6. 
Барлық қатысушылар конференцияға онлайн қосылғаннан кейін оқытушы немесе комиссия 
мүшесі: 
a. 
емтиханның БЕЙНЕЖАЗБАСЫН қосады; 
b. 
емтиханға қатысушыларды қабылдайды; 
c. 
бейнежазбаның жүріп жатқандығы туралы ескертеді; 
d. 
емтиханның регламенті туралы хабарлайды: 
− 
емтихан тапсырушылардың ретін, 
− 
дайындыққа берілген уақытты, 
− 
жауап беруге берілетін уақытты; 
− 
қажет болса, қағазға қаламмен жауап тезистерін жазуға рұқсат береді; 
− 
емтихан алушы жауап берер алдында тезистері бар парақты көрсетуі керектігін 
ескертеді; 
− 
басқа емтихан тапсырушыларға күту режимінде болуға – камераның алдында үнемі 
болмауға, бірақ жиналыстан шықпауға рұқсат етеді; 
e. 
емтихан тапсырушының аты-жөнін және тегін хабарлайды; 
f. 
әр емтиханнан өтушіден бейнекамераға жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуді 
(
Жеке куәлігі немесе төлқұжат), видео және аудиобайланысты қосуды сұрайды.
Емтиханды ID-карта бойынша және құжаттардың көшірмесімен қабылдауға тыйым 
салынады
. Сонымен қатар білім алушы отырған бөлмені көрсетуін сұрайды - бөлмеде бөтен 
адамдар, қосымша ақпарат көздері болмауы керек (егер бұл білім алушы тарапынан мүмкін 
болса) 
g. 
қосымша ақпарат көздері мен құлаққаптарды пайдалануға тыйым салу туралы ескертеді 
(қосымша сұрақтар алуды қоспағанда). 
7. 
Емтихан комиссиясының мүшесі білім алушының аты-жөнін атайды, одан экран 
көрсетілімін қосуды, Univer АЖ-ға өзінің тіркеу жазбасымен кіруді, емтихан билетін ашуды 
және билет сұрақтарын оқуды сұрайды.
8. 
Комиссия білім алушы айтқан сұрақтарды әрі қарайғы сауалнама үшін жазып отырады. 
9. 
Білім алушыдан бейнені камераға ауыстыруды сұрайды (білім алушының бет-әлпеті 
міндетті түрде көрінуі керек)
10. 
Жауап беру үшін дайындыққа уақыт береді: 
− 
дайындалу уақытын оқытушы және/немесе комиссия мүшелері анықтайды; 
− 
комиссия мүшелері мен оқытушы білім алушының дайындық процесін бақылайды, 
қажет болған жағдайда (емтихан кезінде тәртіп ережелерін өрескел бұзған жағдайда, 


53 
тәртіп бұзушылық актісін жасай отырып) ескертулер жасайды немесе білім алушының 
жауабын тоқтатады; 
− 
білім алуышларға жауаптың конспектісін жасау үшін жоба жобасын пайдалануға 
рұқсат етіледі. Бұл ретте білім алушы онымен жұмыс істегенге дейін және одан кейін 
камераға шимай парағын көрсетуі тиіс. 
11. 
Білім алушыдан билет сұрақтары бойынша жауап алады. 
12. 
Білім алушының жауабы аяқталғаннан кейін емтихан тапсырған адамға 
бейнеконференциядан кетуге рұқсат береді.
13. 
Әрі қарай рәсім топтың әр білім алушысына қайталанады. 
14. 
Барлық білім алушылардың немесе жеке білім алушылардың жауаптары аяқталғаннан 
кейін, егер Zoom бағдарламасы 40 минутқа шектелген жағдайда, бейнежазбаны тоқтатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет