67
−
құжаттарға сілтемелердің қолайлы көздерінің тізбесі (ғылыми
журналдар немесе
қорғауға қабылданған материалдарды орналастыруға арналған платформалар);
−
құжаттарды дайындауға қойылатын талаптар;
−
жариялануы тиіс басылымдарға қойылатын талаптар (ғылыми басылымдар,
конференция жинақтары және т.б.), басылымдардың саны, көлемі және т.б.;
−
жұмысты бағалау саясаты – әртүрлі үлгідегі құжаттарды
бағалаудың міндетті
градациясы бар бағалау рубрикаторы, мысалы, конференцияларға,
ғылыми
мақалаларға қатысу дәлелдері, тағылымдамадан өткені немесе өнертабыстарды/сауда
белгілерін/ студенттердің пайдалы модельдерін енгізу туралы куәліктер және т.б.).
Факультеттің оқу және оқыту сапасы жөніндегі академиялық кеңесі ПОӘК-ті тексеру
кезінде "объективті емтихан бағдарламасы" құжатын оқытушы талаптарының деңгейі, пән
бағдарламасына, оқу нәтижелеріне, пән бойынша алған дағдылары мен құзыреттеріне
сәйкестігін тексеруі тиіс.
Теориялық оқу кезеңінің 5-ші аптасында оқытушы студенттерге қорытынды бақылау
тапсырмасын береді – пән бағдарламасына сәйкес құжаттарды дайындайды.
Оқытушы "Нөлдік" аптада MOODLE ҚОЖ-де пән курсында "Тапсырма" элементін
жасайды, оның сипаттамасына дайындалған "Пән
бойынша қорытынды бақылау
бағдарламасы" файлын жүктейді және оның орналасқан жері туралы білім алушыларға
айтады.
Оқытушы "Тапсырма" элементіне құжаттар топтамасы жауап ретінде бір Word файл
форматында Moodle ҚОЖ-не жарияланымдар тізімін жүктеп және құжаттар топтамасына
сілтеме жасау арқылы қорытынды бақылауға электронды түрде жауап беру керек деп
түсіндіреді.
Білім алушы құжаттарды ашық қол жетімді жеке бұлтты сақтаудың (Microsoft One
Drive,
Google Drive, Яндекс диск және т.б.) бірыңғай папкасына жинайды және оған
сілтемені word файлында – оқытушының тапсырмасына жауап ретінде жүктейді. Папкаға
кіру емтихан өткізілгеннен кейін кемінде 6 ай сақталуы тиіс.
Құжаттар әлеуметтік желілердегі/блогтардағы парақшаларда болып табылмайтын
республикалық және халықаралық маңызы бар электрондық
БАҚ-тағы жарияланатын
материалдарды, бейнелер мен аудио сюжеттерді қамтуы мүмкін. Жарияланымдар көлемі
мен бейне және аудио сюжеттер уақытын оқытушы белгілейді.
Факультеттің оқу және оқыту сапасы жөніндегі академиялық кеңесі ПОӘК-ті тексеру
кезінде "объективті емтихан бағдарламасы" құжатын оқытушы талаптарының деңгейі, пән
бағдарламасына, оқу нәтижелеріне, пән бойынша алған дағдылары мен құзыреттеріне
сәйкестігін тексеруі тиіс.
Топтың негізгі контингенті үшін, кесте бойынша емтихан басталардан 48 сағат бұрын
объективті емтиханнан өту үшін, оқытушы таңдаған білім алушылар жүктеген құжаттары
бар бұлтты қоймаға (Microsoft
One Drive, Google Drive, Яндекс диск және т.б.) сілтеме
көрсетілген, Word файлды "Тапсырма" элементіне жауап ретінде Moodle ҚОЖ-ға жүктейді.
Файлға кіру емтихан аяқталғаннан кейін 6 ай ішінде сақталуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: