ОҚу курстарының каталогы



бет8/9
Дата14.06.2016
өлшемі0.9 Mb.
#135157
1   2   3   4   5   6   7   8   9


3 курс

6 семестр

Пәннің аталуы

Қазақстан тарихының деректемесі

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

6

Оқытушының Т.А.Ә.

Мұсаева Сүйкім Төлембайқызы

Доцент/ оқытушы:

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық – 15, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Қазақстан тарихы», «Мамандыққа кіріспе», «Қосалқы тарихи пәндер», «Мұрағаттану», «Қазақстан тарихының тарихнамасы»

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Тарихи деректің табиғатын белгілі бір уақыттағы тарихи және әлеуметтік жағдайда пайда болған, сол жағдайды бейнелейтін және өзін жасаған субъект туралы мәлімет беретін тарихи таным құралы ретінде зерттеу, деректанулық талдаудың негізгі принциптерін тәсілдерін және методтарын меңгеруге көмектесу.

Мазмұны

Дәрістер: Деректану пәні. Тарихи деректерді сыныптау проблемасы. Деректанудың қалыптасуы мен дамуы. Қазақ ғалымдары мен ойшылдарының деректанушылық көзқарастары. Тарихи деректерді талдау методикасы. Деректанулық сын. Деректану методикасының негізгі принциптері. Зерттеушілердің деректермен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері. . Қазақстан тәуелсіздігі және деректану ғылымы.

Республикалық басылым беттеріндегі деректану мәселелер бойынша пікір-таластар Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар дәуір деректері Қазақстан көшпелілері тарихы антик авторлары (б.з.д. ҮІІІ ғғ.).

Қазақстанның халқы мен жергілікті аймақтары туралы Қытай деректері (б.з.д. II ғ.) Халық ауыз әдебиетінің туындылары тарихи дерек ретінде Қазақстанның халқы мен территориясына байланысты ежелгі түріктердің руникалық ескерткіштері (ҮІ-Х ғғ.). Ортағасырлық авторлар түркі тайпалары мен Оңтүстік-Шығыс халықтары туралы. Қазақстан Алтын Орда мен Моғолстан құрамында. ХҮІІ-ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша заң құжаттары Қазақстан тарихына байланысты статистикалық деректер. Іс жүргізу материалдары. Мерзімді басылым және мерзімді басылымды зерттеудің ерекшеліктері Жеке адамдық құжаттар тарихи дерек ретінде. Кеңестік кезендегі Қазақстан тарихының дерек көздері. Қазақстан тарихының дерек көздері (1991-2009 жж.)

Қазақстанның қазіргі заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы деректері



Практикалық сабақтар: Деректану теориясы, тарихи және әдістемесі. Теориялық және қолданбалы деректану

Деректанулық ұғымдар мен терминдер анықтамасы: «дерек»,деректану»,сыныптау»,тарихи дерек», «тарихи факт». Тарихи деректанудың қосалқы тарихи пәндермен және арнайы тарихи курстармен арақатынасы. Типтік және түрлік жіктелуі. Жазба деректердің негізгі типтері

Деректану ғылымының негізін қалаушылар:А.Л.Шлецер,Шлейермахер, Б.Нибур, Л.фонРанке, П.Дону, Э.Бернгеймн, Ш.Ланглуа, Ш.Сеньобос, В.О.Ключевский, Ш.Уәлихановтың бастау алған деректану ғылымының дамуына қазақтардың Ә..Бөкейхан, А.Байтұрсынов, Е.Бекмаханов, Ә.Марғұлан, О.Сүлейменовтің т.б.қосқан үлестері

Деректермен жұмыс істеудің әдістемелік принциптері мен кезендері. Халық ауыз әдебиетінің туындылары тарихи дерек ретінде. Ежелгі түріктердің руникалық ескерткіштері. Ортағасырлық Қазақстан (рим, византия, армян, орыс деректері). ХҮІІ-ХХ ғасырлардағы заң құжаттары тарихи дерек ретінде.ХҮІІ-ХХ ғасырлардағы статистикалық деректер. Кеңес деректерінің түрлері мен ерекшеліктері. Іс-қағаздық құжаттар.Қазақстан тарихының қазіргі заман тарихы бойынша деректер



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Деректерді деректанулық сыннан өткізу; тарихи деректерді жан-жақты талдау; тарихи құжаттарды бір-бірімен салыстыру; деректердің шынайлық дәрежесін анықтау; деректерді сыныптау жолдарын меңгеру;


3 курс

6 семестр

Пәннің аталуы

Шетел археологиясы

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

6

Оқытушының Т.А.Ә.

Таштанов Ж.

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-30, практикалық-30, ОСӨЖ-60, СӨЖ-60

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы-180

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Археология ғылымы. Археология пәні мен міндеттері. «Шетелдік археология». Шетелдік мамандар еңбектеріндегі археологиялық деректер, мәдениеттер, т. б. Шетелдік археологтар әдістемелері.

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Шетел археологиясы: теориялық және әдістемелік концепциялардың дамуы мен ізденістерін, тұжырымдамаларын пайымдау.

Мазмұны

Дәрістер: Жоғарғы палеолит.Мезолит.Неолиг. Энеолиг.

Қола дәуірі. Орта Еуропаның қола дәуірі. Оңтүстік-шығыс Еуропадағы қола дөуірі. Батыс Жерорта теңізіңдегі қола дөуірі. Солтүстік Еуропадағы қола дәуірі. Еуропвның батыс бөлігінің қола дөуірі.

Темр дәуірі. Латен мәдениеті. Иберлер. Гермаңдықтар.

Көне Месопатамияның археологиясы. Көне Иран археологиясы. Көне Қытай археологиясы. Индостан жерінің көне дәуірі Шығыс Жерорта тещзі жөне Кіші Азияның көне мәдениеті. Ауғанстан. Перу және Орталық Американың көне мәдениеті. Американдық Майя мен Ацетек тайпалар құрылысы. Монғолия археологиясы. Көне Жапония. Африка археологиясы



Практикалық сабақтар: Европаның палеолит ескерткіштері Европаның тас ғасырының палеолит өнері Геологаялық кезеңдеу Европаның мезолит мәдениеттері Батыс Европаның неолит мәдениеттері Европаның мегалиттік құрылыстары Оңтүстік-Шығыс Европаның неолит мәдениеттері Орталық Европаның неолит мәдениеттері Европаның тас ғасырындағы өнері мен наным-сенімдері Солтүстік және Орталық Европаның неолиті мен энеолиті Эгей өркениеті Европаның қола дәуірі. Археологаялық мәдениет Темір ғасырын тарихи дәуір және мәдени саты ретінде қарастыру Италияның және Грецияның темір ғасыры Кельттердің археологиялық ескергкіштері Фракилердің, киммерийлердің және скифтердің археологиялық ескергкіштері

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

«Шетелдік археология» курсының алар орны мен маңызы.


3 курс

6 семестр

Пәннің аталуы

Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

6

Оқытушының Т.А.Ә.

Мусаева С.Т.

Доцент/ оқытушы:

Т.ғ.к, доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық – 15, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: археология, этнология, тарихи қосалқы пәндер, әлемдік музейлер, Қазақстандағы музей ісінің тарихы.

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Студенттерді теориялық және қолданбалы музейтану ғылымы мен музей ісінің негізгі анықтамаларымен, ілімдерімен, сондай-ақ, концепцияларымен таныстыру болып табылады

Мазмұны

Дәрістер: Кіріспе. Музей ісі және ескерткіштерді қорғау ғылыми пән ретінде. Музей және оның негізгі әлеуметтік қызметтері. Тарихи музей және олардың қазіргі Қазақстан қоғамындағы атқаратын міндеттері. Тарихи музейдің ғылыми - зерттеу қызметі. Тарих музейлердің құжаттақ – қорғау қызметі. Тарихи музейлердің қорлары. Музей қорларын ғылыми жинақтау. Музей қорларын мемлекеттік есепке алу. Музей қорларын қорғау және сақтау. Музейлік құнды заттарды консервациялау және жаңарту. Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау. Тарихи музейлердің ақпараттық – білім беру қызметі. Музей экспозициясын ғылыми жобалау. Экспозицияның архитектуралық (сәулеттік)- көркемдік шешімдері. Педагогика музейлік пән ретінде. Тарихи музейлердегі білім беру және тәрбиелеу жұмысының түрлері мен әдістері.

Практикалық сабақтар: Музейлік деректердің негізгі түрлері. Музей қорларын ғылыми ұйымдастыру. Музей заттарын консервациялау және реставрациялау. Тарихи экспозицияны жобалаудың негізгі кезеңдері. Музейдің қор, сатып алу және сараптамалық комиссиясының қызметі. Музей жинақтарын мемлекеттік есепке алу құжаттары. Музей педагогикасы музейтанулық пән ретінде. Музей мекемелеріндегі ғылыми- зерттеу жұмысының негізгі бағыттары. Қазіргі музейлердегі жаңа ақпараттық технологиялар. Қазақстандағы музей ісінің қалыптасуы мен дамуы тарихы. Музей қорларын жинақтаудың əдістемелік негіздері. Тарихи музейлердегі қор жұмысының негізгі бағыттары. Тарихи музейлердің қорының қалыптасуы.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

тарихи музей экспозицияларын ғылыми тұрғыдан талдаудыүйрену;


3 курс

6 семестр

Пәннің аталуы

Тарихты оқыту әдістемесі

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

6

Оқытушының Т.А.Ә.

Бакибаева Г.

Доцент/ оқытушы:

Т.ғ.к.,доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-30, практикалық-15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 180

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Археология, этнология, Алғашқы қауымдық құрылыс тарихы, Ежелгі Батыс және Шығыс тарихтары, Орта ғасыр тарихтары (Батыс және Шығыс), Жаңа тарих (Европа және Америка; Азия, Африка және Латын Америкасы). Қазіргі заман тарихы (Европа және Америка; Азия, Африка және Латын Америкасы), деректану, тарихнама, қосалқы тарихи пәндер.

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Тарихты оқыту әдістемесі студенттердің базазлық тарих пәндері бойынша алған білімдерін іс жүзінде пайдалануға иекмдеумен айналысатын қолданбалы пән. Осыған орай пәннің мақсаты мен міндеттері айқындалады. Яғни, «Тарихты оқыту әдістемесә» студенттердің тарихи білімдерін оқушылардың санасына орнатудың неғұрлым тиімді жолдарын жасауды өзіне мақсат етіп қояды. Осыған орай, өз кезегінде курстың міндеттері де айқындалады.

Мазмұны

Дәрістер: Тарихты оқыту әдістемесінің жоспарлары мен бағдарламасы Тарихи елестету – тарихты мектепте оқытудың негізгі факторы. Тарих пәнінің мектеп курстарындағы заңдылықтар мен түсініктер. Тарих пәнінің пәнаралық және пәнішілік байланыстары Тарихты оқытудың тәсілдері Тарих сабағын өтудегі сабақ тыс түрі Тарихты оқытудың ауызша әдіс-тері Тарихты оқытудың көрнекі құралдарды пайдалануы Кино-фото құжаттарын баспа материалдарын пайдалану.Тарихты оқытуда компьютерлік құралдарды пайдалану. Тарихи құжаттар және оны мектеп курстарында пайдалану Тарихъты оқыту жұмыстарын ұйымдастыру формалары Тарих сабағы,оны дайындау және өткізу КР тарихын оқыту әдістемесі Қазіргі таңдағы Қазақстан тарихы сабағы Тарихты оқытуда көркем әдебиетті пайдалану әдістері Тарихты оқытудағы жаңа технологиялар Тарих сабағында оқушыларда қалыптастырылатын іскерліктер мен дағдылар Мұғалім тұлғасы және оның тарих сабағына даярлығы Тарих сабағы Тарихты оқыту кезінде оқушы білімін тексеру мен бағалау Тарих сабағындағы тәрбие жұмысы Тарих пәнінен сыныптас тыс жұмыс Тарих кабинеті.

Практикалық сабақтар: Ежелгі дүние тарихы пәні бойынша оқулық мәтінінен хронологиялық кесте құру Орта ғасырлар тарихы пәні бойынша оқулық мәтінінен синхрондық хронологиялық кесте құру Жаңа заман тарихы пәні бойынша оқулық мәтінінен синхрондық хронолгиялық кесте құру Қазіргі заман тарихы пәні бойынша оқулық мәтінінен синхрондық хронологиялық кесте құру Ежелгі дүние тарихы пәні бойынша оқулық мәтінінен картографиялық ойындар жасау Орта ғасырлар тарихы пәні бойынша оқулық мәтінінен картографиялық ойындар жасау Жаңа заман тарихы пәні бойынша оқулық мәтінінен картографиялық ойындар жасау Қазіргі заман тарихы пәні бойынша оқулық мәтінінен картографиялық ойындар жасау Қазіргі заман тарихы пәні бойынша оқулық мәтінінен рольдік ойындар жасау Қазіргі заман тарихы пәні бойынша оқулық мәтінінен кейс жасау Мектеп оқулығы тақырыбы бойынша кино-сабаққа әдістемелік талдау жасау. Мектеп оқулығы тақырыбы бойынша жаңа тақырыпты меңгеру дәстүрлі сабағына әдістемелік талдау жасау. Мектеп оқулығы тақырыбы бойынша жаңа тақырыпты меңгеру интерактивті сабағына әдістемелік талдау жасау. Мектеп оқулығы тақырыбы бойынша кейске әдістемелік талдау жасау. Мектеп оқулығы тақырыбы бойынша саяхат сабаққа әдістемелік талдау жасау. Мектеп оқулығы тақырыбы бойынша білім жүйелеу, қайталау дәстүрлі сабағына әдістемелік талдау жасау Мектеп оқулығы тақырыбы бойынша білім жүйелеу, қайталау сабағын интерактивті сабағына әдістемелік талдау жасау Мектеп оқулығы тақырыбы бойынша білім жүйелеу, қайталау сабағын ойын әдісі арқылы өткізуге әдістемелік талдау жасау. Мектеп оқулығы тақырыбы бойынша жарыс-сабаққа әдістемелік талдау жасау. Мектеп оқулығы тақырыбы бойынша дебат-сабаққа әдістемелік талдау жасау.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Қазіргі таңдағы білім беру жүйесін меңгеру



3 курс

6 семестр

Пәннің аталуы

Қазақстанның ортағасырлық археологиясы

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

6

Оқытушының Т.А.Ә.

Бейсенов М.

Доцент/ оқытушы:

аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптік пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 15, практикалық – 15, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: архитектура, топография, картография, этнография, құықтану

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Қазақстанның ортағасырлық археологиясының тарихы мен дамуымен (қалалар, елді-мекендер) таныстыру, олардың біздің мемлекетіміздің тарихи қалыптасуындағы және жергілікті халықтың этногенезінің құралуындағы орны мен маңызын көрсету.

Мазмұны

Дәрістер: Ортағасырлық қалалар және қоңыстар. Ортағасырлық қалалар мен қоныстардың археологиясының зерттелу тарихы. Ортағасырда қалалар мен қоныстардың пайда болу және даму мәселелері. Жер шаруашылығы мен мал шаруашылығы дамыған Оңтүстік Қазақстан және Жетісу мәдениеттері (б. э. д. ІІ – б. э. V ғ.). Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық қалалары. Шу – Талас өнірінің ортағасырлық қалалары мен қоныстары (VI-XIII ғғ.). Солтүстік – шығыс Жетісудың ортағасырлық қалалары мен қоныстары. Орталық Қазақстанның қалалары мен қоныстары. Қазақстанның кейінгі ортағасырлық қалалары. Қазақстан жеріндегі ортағасырлық архитектуралық ескерткіштері.

Практикалық сабақтар: Ерте ортағасырлардағы мемлекеттер. Батыс түрік және Түргеш Қағанаттарының археологиялық ескерткіштері. Оғыз және Қарлұқ мемлекеттері және олардың шаруашылығы. Қимак қағанаты. Ортағасырлық Қазақстан өміріндегі арабтар.

VI-IX ғғ. бірінші жартысындағы ортағасырлық мәдениет. VI-IX ғғ. қалалар мен қалалық елді-мекендер.

Ортағасырлық қалалардың дамуындағы Ұлы Жібек жолы. Ерте ортағасырлық Қазақстандағы наным-сенімдер мен діндер. Ерте ортағасырлардағы Қазақстан жеріндегі мекен еткен және өмір сүрген халықтардың тілдері, жазулары, әдебиеті. Ерте ортағасырдың археологиялық деректер бойынша заттай және рухани мәдениеті. Кейінгі ортағасырдың мемлекеттері, олардың заттай және рухани мәдениеті. Қазақстанның ортағасырлық археологиясы мен тарихындағы қыпшақтар. Оңтүстік Қазақстанның ІХ-ХІІІ ғ-ғы ортағасырлық қалалары мен елді-мекендерінің дамуы.

Ұлы Жібек жолындағы кейінгі ортағасырлық қалалар.

Ортағасырлық Талхиз (Талғар) қаласы. Ерте ортағасырлық Тараз, Отрар қалалары, олардың архитектурасы және құрылыстары. Шу мен Талас өзендерінің өңірлеріндегі Ерте және кейінгі ортағасырлық қалалары мен елді-мекендері, олардың заттай мәдениеті. Қазақстанның ортағасырлық ақша сарайлары. Қазақстанның жеріндегі ортағасырлық мавзолейлер мен некропольдер. Батыс Қазақстандағы Алтын Орда қалалары, олардың архитектуралық. құрылыстары және заттай мәдениеті. Отрар оазисіндегі қалалар және олардың Ұлы Жібек жолының дамуы мен гүлденуіне қосқан үлесі. Ортағасырлардағы Жетісудың қалалары мен елді-мекендері.Орталық Қазақстанның ортағасырлық қалалары. Археологиялық деректер бойынша Алматының пайда болу уақыты. Қазақстан археологтарының Қазақстан республикасының егемендік алғаннан кейінгі ортағасырлық археология бойынша ашқан жаңалықтары. Қазақстанның ортағасырлық қалалары мен елді-мекендеріндегі архитектуралық ансамбльдер, құрылыстар және үлгілер.

Ортағасырлық деректердің ортағасырлық қалалар мен елді-мекендерді зерттеудегі маңызы. Қазақстанның ғалым-зерттеушілерінің ортағасырлық археология мен

тарихын зерттеуде қосқан үлестері. Қазақстандық ортағасырлық археология мектебінің дамуы мен болашағынын тенденциясы.


Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Қазақстанның ортағасырлық қалалары жөнінде, олардың пайда болу уақыты, дамуы, құлдырауы туралы

мәліметтер беріледі.




3 курс

6семестр

Пәннің аталуы

Тарихи таным мен тарихи үрдіс теориясы

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

6

Оқытушының Т.А.Ә.

Жанысбекова.Г.

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, таңдау компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық – 15, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Ежелгі дүние тарихы.. Орта ғасырлар тарихы. Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы. Қазақстанның орта ғасырлар тарихы. Европа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы.

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Тарихтың философиясы мен методологиясының негізі түсініктерімен таныстыру; теориялық бағыттарымен, мектептермен, концепциялармен және оның өкілдерімен таныстыру.

Мазмұны

Дәрістер: Кіріспе. Тарих философиясының қалыптасуы және дамуы. Тарихи үрдістің категориялары және сипаты. Тарихи танымның ерекшелігі. Тарих ғылымының пәні. Ғылыми таным әдістері. Тарихи танымның негізгі методологиялық принциптері Тарихи факт. Тарихи деректің методо логиялық мәселелері. Тарих ғылымындағы танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлері. Тарихи үрдістің қазіргі заманғы мәселелері

Практикалық сабақтар: Тарих пен филосо фияның, тарих пен әлеуметтанудың арақатынасы туралы мәселе.Тарихи зерттеулердегі сандық әдістер.

Тарихи теория, оның белгілері, құрылымы және функциялары "Қоғамдыық - экономикалық формация", "өркениет" және "мәдени-тарихи жүйелер": салыстырмалы талдау. Историцизм: Г.Гегель мен Л.Ранкеден К.Маркс пен К.Попперге дейін.Христиандық историософия. Г.Гегель және тарихтың философиясы.

Р.Коллингвудтың неогегелиандық тұжырымдамасы.

М.Вебердің идеалдық түрлер теориясы.О.Шпенглердің историософиясы. Н.Кондратьевтің ұзын толқындар теориясы. Г.Г.Шпеттің методологиялық зерттеулері.

А.Тойнби және өркениеттерді салыстырмалы зерттеу әдістері.К.Ясперстің "өзектік уақыт" теориясы. О.Тоффлердің толқындық теориясы.Постиндустриализм теориясы.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Тарих философиясының міндеттері тарихи үрдістің дамуының басты себептері мен факторларын анықтау, тарих өмірді хронологиялық және процессуальдық жағынан бөлшектеуді іске асыру,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет