Эволюциялық ілім
Эволюциялық ілім – тірі организмдердің эволюциялық дамуының себептері мен қорғаушы күштері, олардың механизмдері және жалпы заңдылықтары туралы ілім.
- Эволюция биологияда – тірі табиғаттың қайта айналып келмейтін және тура бағытталған тарихи дамуы.
- Эволюция құбылысы тіршілік деңгейлерінің барлық сатыларында, яғни молекулалық тіршілік деңгейінен биосфералық деңгейге дейін байқалады және үнемі құрылысы мен атқаратын қызметтері бойынша ерекшеленеді.
- Эволюциялық ілім жасауда Чарльз Дарвиннің еңбегі зор.
- Эволюция терминін алғаш рет швейцариялық философ Шарль Бонне 1762 жылы өз еңбектерінде пайдаланды.
- Эволюциялық процестер заңдылығы өте күрделі және ғалымдар күні бүгінге дейін анықтай алған жоқ.
Эволюциялық ілім
Шарль Бонне
(1720 — 1793)
Чарльз Дарвин
(1809 - 1882)
Биологиялық эволюция
Биологиялық эволюцияның мынадай бірнеше анықтамалары бар:
- Тірі ағзалардың тарихи дамуының қайталанбайтын үдерісі.
- Биологиялық жүйелердін; біртіндеп, азды-көпті бағытта жоғары сатыға көтерілу үдерісі.
- Тірі ағзалардың қарапайым формадан күрделірек (жетілген) формаға баяу өзгерген үдерісі.
Эволюция тарихи өзгеріс процесі ретінде үнемі біркелкі жүрмейді. Организмдердің сан алуан жүйелік топтарындағы эволюциялық өзгеріс жылдамдығы айтарлықтай ерекшеленеді. Бір топтар қандай да бір уақыт аралығында өзгелерінен жылдамырақ эволюция жолымен дамып және сол тарихи даму барысында екіншісі уақыт аралығында мүлдем бөгеліп қала алады. Тірі организмдердің қандай да бір жүйеленген тобының дамуына, қалыптасып жетілуіне көптеген факторлар әсер етеді. Атап айтқанда, сақталып қалуы, тірі қалып, одан әрі дамып-жетілуі факторларға тәуелді болады.
Эволюция ілімінің қалыптасуы
- Эволюциялық ілімнің бастапқы қалыптасу кезеңі ертедегі грек философтары Аристотель, Гераклит, Демокрит Лукреций, Эмпедокл т.б. еңбектерімен тығыз байланысты. Олар табиғаттың өзгеріп отыратындағы, организмдердің тарихи дамуы туралы жазды.
- Эволюциялық ілімнің пайда болуына үлкен әсер еткен – К.Линнейдің тірі организмдерді жеке жүйелік топтарға жіктеуі, қосарлы атауды, яғни бинарлық номенклатураны енгізуі болды.
- Ең алғашқы эволюциялық ғылыми көзқарастың қалыптасуына елеулі еңбек сіңірген Жан Батист Ламарк болды. Ол 1809 жылы «Зоология философиясы» атты еңбегшінде эволюцияның ұзақ уақытқа созылатын тарихи процесс екендігін атап көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |