1. I (to go) to the gym at seven o'clock every day.
2. I (to go) to the gym at seven o'clock yesterday.
3. John (to clean) his teeth every morning at 7.30 o’clock.
4. Yesterday John (to clean) his teeth at a half past seven in the morning.
5. Jane (not to do) English exercises every day.
6. Jane (not to do) English exercises yesterday.
7. His brother (to drink) coffee with milk every day.
8. His brother (to drink) coffee with milk yesterday.
9. Her husband (to like) his job. He (to go) to his office by bus. He (to go) to the office at 9 am every day.
10. Her husband usually (to go) to his office by bus. He (to come) to the office at 9.30 am yesterday.
Жаттығу №11
Жақшаны ашып, етістіктерді Present немесе Past Indefinite-ке қойыңыз:
1. I (to study) English every day.
2. You (to come) to my place yesterday?
3. He (to live) in Dubai.
4. How long it (to take) you to get to the City Mall?
5. What you (to study) every Friday?
6. We (to have) dinner with my family yesterday.
7. His computer (to be) ready yesterday.
8. My friend (to like) running in the park every morning.
9. Their family (to invite) everybody to the party last week.
10. Jesse always (to come) to work early.
Жаттығу №12
Етістіктерді Present Perfect немесе Present Continuous-қа қойып ағылшын тіліне аударыңыз:
1. Асан жаңа ғана таңғы асын ішті.
2. Ол бүгінгі жұмысын бітіріп те қалды.
3. Біз әлі теледидар көрген жоқпыз.
4. Мен сабағымды оқып тастадым.
5. Ол әлі сабағын оқыған жоқ.
6. Менде жаңа кездесу болған жоқ.
7. Олар бұл мақаланы әлі оқыған жоқ.
8. Ол оны әлдеқашан оқып болған.
9. Бұны кім жазды?
10. Олар оған не айтты?
Жаттығу №13
Жақшаны ашып, етістіктерді қажетті формаға қойыңыз
1. My friend asked me who (is playing, was playing) the piano in the sitting room.
2. He said he (will come, would come) to the station to see me off.
3. I was sure he (posted, had posted) the letter.
4. I knew that he (is, was) a very clever man.
5. I want to know what he (has bought, had bought) for her birthday.
6. He said he (is staying, was staying) at the "Ritz” Hotel.
7. They realized that they (lost, had lost) their way in the dark.
8. He asked me where I (study, studied).
9. I thought that I (shall finish, should finish) my work at that time.
10. Victor said he (is, was) very busy.
Жаттығу №14
Жақшаны ашып, етістіктерді қажетті шаққа қойыңыз
1. I knew they (to wait) for me at the metro station and I decided to hurry.
2. He says that he (to know) the laws of the country.
3. Sarie understood why Lanny (not to come) the previous evening.
4. She asked me whether I (to remember) the legend about a faithful lion.
5. I suppose they (to send) a dog after a burglar immediately.
6. He said he (to leave) tomorrow morning.
7. She says she already (to find) the book.
8. He stopped and listened: the clock (to strike) five.
9. I asked my neighbor if he ever (to travel) by air before.
10. The policeman asked George where he (to run) so early.
Модальдық етістіктер
The Modal Verbs
Ағылшын тілінде модальдық етістіктердің көптеген түрлері бар. Олар can (could), to be able to, may (might), to have to (had to), must, to be to, should, would, ought to, need.
Модальдық етістіктер өздері жеке қолданылмайды, тек мағыналық етістіктермен қолданылады. Олар істің мүмкіндігін, міндеттілігін, ықтималдылығын, қажеттілігін, керектілігін көрсетеді.
Мысалы: You must do that. – Сіз мұны істеуге міндеттісіз.
You may do that. – Сіз мұны мүмкіндігіңіз болса істеңіз.
Can (could)
Физикалық немесе ойлай қабілетіне байланысты іс-әрекетті орындай алу. Мысалы: I can read and speak English. – Мен ағылшын тілінде оқи және сөйлей аламын (басқа тілдерді оқуға мүмкіншілігім, қабілетім бар).
Сұраулы сөйлемде: Can I read?
Болымсыз сөйлемде: I can not read.
Өткен шақта could қолданылады: He could speak French. – Ол французша сөйлей алатын.
to be able to
Модальдық етістіктер жеткіліксіз болғандықтан, синонимдік оралымдар қолданылады. Can етістігінің синонимдік оралымы to be able to болып табылады. Can - мүмкіншілікті жалпы білдіреді, ал to be able to – белгілі бір нақты жағдайда, белгілі бір уақытта іс-әрекетті мүмкіншілігінше орындау: I can play football, but I am not able to play now, I don’t feel well.
may (might)
(мүмкін, бәлкім)
May модальдық етістігін істі таңдауға мүмкіндік болған жағдайда қолданады. Бір істі істеуге рұқсат етілетінін, мүмкін екенін көрсету үшін қолданылады: You may go there. – Сіздің онда баруыңызға болады. It may rain today. – Мүмкін, бүгін жаңбыр жауар.
Болымсыз түрде жауап беру іс-әрекетті істеуге рұқсат етілмейтін көрсетеді, бірақ қатал түрде емес: May I go there? – No, you may not.
Өткен шақта might қолданылады, бірақ төлеу сөзде ғана.
must
тиісті (міндетті түрде)
Бұл модальдық етістік субъектің (бастауыш) істі орындамауға мүмкіншілігі болмаса қолданылады. You must go there. – Сіз онда баруға тиістісіз (барғыңыз келе ме, келмей ме біздің онда жұмысымыз жоқ, баруға міндетсіз).
Барлық шақта must өзгермей қалады.
to have to (had to)
тиісті (мәжбүр болу)
Бұл модальдық етістік must етістігін ауыстырады және міндеттілікті білдіреді. I have to go there. – Мен онда баруға тиістімін (баруға мәжбүр болып тұрмын).
Сұраулы сөйлемде: Do/did I have to write?
Болымсыз сөйлемде: I don’t/didn’t write.
Өткен шақта had to қолданылады: He had to make it himself – Ол өзі жасауға тура келді.
to be to
тиісті (уәделескен іс)
to be to модальдық етістігі тиісті уәделескен істі білдіру үшін қолданылады. Мысалы: I am to go there. – Мен онда баруға тиістімін (мен баруға тиістімін, өйткені уәделескенбіз)
shall, should
Shall модальдық етістігі бұйрық беру мағынасында міндеттілікті білдіреді. Мысалы: You shall do this work at once – Сіз бұл жұмысты міндетті түрде дереу істеуіңіз керек.
should модальдық етістігі ақыл, сөгіс, өкініш реңімен міндеттілікті білдіреді. You should enter the institute. – Сіздің институтқа түсуіңіз керек.
ought to
тиісті (борыш, парыз)
Бұл етістік парыз, іс-әрекетті орындау қажеттілігін көрсету үшін қолданылады. Мысалы: You ought to help your friend – Сіз досыңызға көмектескеніңіз жөн.
need
Бір ғана формасы бар. Болымсыз сөйлемде ғана қолданылады және бір істі істеудің керек емес екенін білдіреді: You need’n come so early.- Сізге ерте келудің керегі жоқ.
Бұл етістік сонымен қатар мағыналы етістік ретінде «бір нәрсеге мұқтаж болу» мағынасында қолданылады. Мысалы: He needs a long rest - Оған ұзақ демалыс қажет.
Бекіту жаттығулары
Жаттығу №1
Модальды етістіктерді қойыңыз:
1. Every night whether it was early or late he … go into his mother’s bedroom and tell her about the interesting things that had happened to him during the day. 2. “Come at once,” he said. “I can’t explain it on the telephone, but you … hear everything directly from me”. 3. … I tell you what I think of that man? 4. Nick was rude to his father. How … he do it! 5. You … not return the magazine to the library tomorrow. They have many other copies. 6. I … watch my step as it was pitch dark. 7. You … have seen the tie he had on! 8. I don’t know what he is doing now. I think he … be sleeping as it is already eleven o’clock.
Жаттығу №2
Жақшаны ашып, етістіктерді қажетті формаға қойыңыз:
1. They must (to have) a holiday for a week now. 2. But I think you might (to tell) us this half an hour ago. 3. You should (to take) my advice and (to go) back home. 4. Judging by the silence the children ought (to play) some absorbing game. 5. He should (to get) back by now. Whatever can (to happen) to him? 6. I didn’t know then that he was (to become) my best friend for many years. 7. The protocols have (to sign) right now. 8. They needn’t (to order) the biscuits. They were quite unnecessary. 9. How dare you (to talk) to me like that! I’m twice as old as you.
Жаттығу №3
Сөйлемдерді аударыңыз:
1. Оның сіздің туған күніңіз туралы ұмытып кетуі мүмкін емес. 2. Қазір жолдан өтуге болмайды. Қызыл шамды көріп тұрған жоқсыз ба? 3. Мүмкін, Ануар оның ренжіп қалғанын түсінбеген шығар. 4. Мен шашымды алғызуым керек және кешкі асқа бір нәрсе алуым керек. 5. Сірә, Генри университетке түсу емтиханына дайындалып жатқан шығар. 6. Сізге өткен аялдамада шығу керек еді. 7. Біз бір сағаттан көп тостық, бірақ найзағай тоқтамай қойды. 8. Оған соншама көп сұрақ қоюдың қажеті жоқ еді, онсыз да бәрі белгілі. 9. Таңғы сағат тоғыз жарымда үйде кім болуы мүмкін еді? 10. Мен оны танымауым да мүмкін еді: біз көп жылдар бойы бір-бірімізді көрмегенбіз.
Жаттығу №4
Сөйлемдердің қатесін түзеңіз:
1. I could have run very fast when I was a boy. 1. Мен бала кезімде өте тез жүгіре алатынмын.
2. But at last I could persuade him. 2. Ақырында мен оны көндіре алдым.
3. You must to come in time. 3. Сен уақытында келуің керек.
4. May I have come in? 4. Кіруіме болады ма?
5. You might tell me about it earlier. 5. Сен ол туралы маған алдын-ала айтуың керек еді.
6. I can do it tonight. 6. Мен оны бүгін кешке істей аламын.
7. Can he know it? 7. Шынымен ол оны білмеген бе?
8. The children mustn’t have missed the lessons. 8. Балалар сабақтан қалмауы керек.
Жаттығу №5
Must, can't модальды етістіктерін қолданып сөйлемді өзгертіңіз:
1. I'm sure she has gone on holiday. She ...must have gone on holiday....
2. I'm certain he doesn't know the secret. He..........
3. I'm certain Mike hasn't got a new car. Mike.............
4. I'm sure Susan has paid the phone bill. Susan......................
5. I'm sure they don't live here. They...............
6. I'm sure they left the party early. They....................
7. I'mcertain he didn't call me. He........................
8. I'mcertain Marie sent you a birthday card. Marie.....................
9. I'm sure she has been keeping secrets from me. She...................
10. I'mcertain she is looking for a new job. She......................
Сұраулы сөйлемдер
Interrogative sentences
Ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің бірнеше түрі бар: жалпы, арнайы, балама (альтернативті) және бөлшекті.
Жалпы сұрақтар
General questions
Бұл сұрақтар барлық сөйлемге қойылады. Бұндай сұрақтарға ия немесе жоқ деп жауап беруге болады. Көмекші және модальды етістіктер сөйлемнің басында зат есімнің алдына қойылуы арқылы жасалады. Басқа негізгі етістіктермен жалпы сұрақ қойғанда do (does, did), will/shall, have/has көмекші етістіктері арқылы жасалады. Олар оқылғанда дауыс ырғағы сөйлем соңында көтеріледі.
|
He
|
is
|
a teacher
|
|
Is
|
he
|
-
|
a teacher?
|
Yes, he is
|
|
|
|
|
No, he is not (isn’t)
|
|
I
|
have
|
a book.
|
|
Have
|
I
|
-
|
a book?
|
Yes, I have.
|
|
|
|
|
No, I have not (havn’t).
|
|
She
|
lives
|
in Karaganda.
|
|
Does
|
she
|
live
|
in Karaganda?
|
Yes, she does.
|
|
|
|
|
No, she does not (doesn’t).
|
Балама (альтернативті) сұрақтар
Alternative questions
Балама сұрақтар екі зат, адам, әрекет, белгілері және т.б. арасынан біреуін таңдап алып, сөйлемнің қайсыбір мүшесіне қойылады. Балама сұрақ (жалпы сұрақ сияқты) етістіктен немесе сұрау есімдігінен (арнайы сұрақ сияқты) басталуы мүмкін және or (әлде) жалғаулығы міндетті түрде қосылуы керек.
Мысалы:
Are you a student or a teacher? I am a student.
Сен студентсің бе, әлде мұғалімсің бе? Мен студентпін.
Сөйлемнің барлық мүшелеріне қойылған балама сұраққа жауап (бастауыштан басқа) толық түрде беріледі.
Мысалы:
When will you do this work today or tomorrow? Бұл жұмысты сіз қашан бітіресіз, бүгін әлде ертең бе?
I shall do it tomorrow. Мен оны ертең бітірем.
Егер балама сұрақ бастауышқа қойылса, онда көмекші етістік немесе модальдық етістік екі рет қолданылады (әр бастауыштың алдында).
Мысалы:
Do you or does your brother help them? Оларға сіз бе әлде ағаңыз көмектесе ме?
My brother does. Менің ағам.
Бөлшекті сұраулы сөйлемдер
Disjunctive or tail questions
Мұндай сұраулы сөйлемдер екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлім – хабарлы сөйлем (болымды, не болымсыз) тура сөз тәртібі сақталған, екінші - оған көмекші етістік болымсыз, я болымды түрінде жалғасып сұраққа айналады, ол қзақ тіліндегі солай емес пе деген тіркеске сәйкес келеді. Егер сұраулы сөйлемнің бірінші бөлімі болымды болса, екінші бөлімдегі етістік болымсыз түрде тұрады. Егер бірінші бөлімі болымсыз болса, екінші бөлімдегі етістік болымды түрде тұрады. Бірінші бөлімдегі көмекші етістік немесе модальдық етістік екінші бөлімде қайталанады.
Мысалы:
He works at school, doesn’t he? Ол мектепте істейді, солай емес пе?
My friend didn’t help you, did he? Менің досым саған көмектеспеді, солай ма?
Арнайы сұрақтар
Special questions
Арнайы сұрақтар ақпаратты анықтау мақсатында сөйлемнің бір мүшесіне қойылады. Сондықтан оларға әрдайым нақты жауап қажет. Арнайы сұрақтардың сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі жалпы сұрақтағыдай және ең алдында сұраулы сөз тұрады.
Мысалы:
When do you usually get up? Әдетте сіз қашан тұрасыз?
Who [hu:] - кім? whom [hu:m] кімді? кімге? whose [hu:z] кімдікі? what [wot] не? кандай? which [wits] қайсысы? when [wen] қашан? where [weә] қайда? why [wai] не себепті? how [hau] қалай? how many? how much? қанша деген арнайы сұраулық сөздері бар сұраулы сөйлемдегі сөздердің орналасу тәртібі мынандай болады.
Сұраулы сөз
|
Көмекші етістік
|
Зат есім
|
Негізгі етістік
|
Басқа сөз таптары
|
What
|
do
|
you
|
know
|
about London ?
|
When
|
will
|
you
|
go
|
to Astana ?
|
Бекіту жаттығулары
Жаттығу №1
Сұраққа жауап беріңіз:
1. Is this a pen?
2. Is this pen black?
3. Is that a pencil?
4. Is his name Aisha?
5. Is this a map?
6. Is it a large map?
7. Is this my bag?
8. Is this flat clean?
9. Is he a student?
10. Is she a teacher?
Жаттығу №2
Төмендегі сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңыз:
1. My tie is red. 2. His flat large and clean. 3. His baby is in Karaganda. 4. My pen is bad. 5. His hat is black. 6. My brother is in Astana. 7. I am a worker. 8. We are girls.
Жаттығу №3
Сөйлемдерге үлгі бойынша балама сұрақтар қойыңыз:
Үлгі: This pencil’s bad.
Is this pencil bad ir is it good?
1. My pen is thin. 2. That note is short. 3. Those matches are bad. 4. This film is good. 5. His pencil is red. 6. This book is interesting. 7. Those doors are black. 8. His ties are red.
Жаттығу №4
Асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңыз (Жақша ішіндегі сандар сұрақ санын көрсетеді):
1. My friend is a teacher (3). 2. This is a map (1). 3. It’s a good map (1). 4. That’s a bad cap (2). 5. It’s his cap (1). 6. The match is on the table (1). 7. The matches are on the table (1). 8. Her match is on the table (2). 9. Her name is Gulnar (2). 10. Marat is a good student (2).
Сабақтас құрмалас сөйлем
The complex sentences
Құрамындағы жай сөйлемнің біреуінің көбіне алғашқысының баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысқан құрамаластың түрін сабақтас құрмалас дейміз.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері if, when, where, that, who, what деген шылаулармен байланысады.
Құрмалас сөйлемдер басыңқы және бағыныңқы сөйлемдерден тұрады.
бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлем
When Peter went to school, Mary stayed at home.
Петр мектепте барған кезде Маша үйде қалды.
Ағылшын тілінде сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлері мынадай:
-
Бастауышты бағыныңқылы сабақтас құрмалас
-
Толықтауышты бағыныңқылы сабақтас құрмалас
-
Анықтауышты бағыныңқылы сабақтас құрмалас
-
Мезгіл пысықтауышты бағыныңқылы сабақтас құрмалас
-
Шартты пысықтауышты бағыныңқылы сабақтас құрмалас
1. Бастауышты бағыныңқылы сабақтас құрмалас әдетте it деген бастауыштан басталады, содан кейін баяндауыш, одан кейін that шылауымен енгізілетін бағыныңқылы бастауыш.
Бұндай сөйлемнің сызбасы төмендегідей:
1
It
|
+
|
2
баяндауыш
|
+
|
3
that шылауы
|
+
|
4
бағыныңқы сөйлем
|
1 2 3 4
It is necessary that he should go there. Оның онда баруы керек.
2. Толықтауышты бағыныңқылы сабақтас құрмалас. Толықтауышты бағыныңқылы етістікке байланысты және содан кейін тұрады. That, what, when, where, if, whether деген шылаулармен енгізіледі.
Бұндай сөйлемнің сызбасы төмендегідей:
1
басыңқы сөйлем
|
+
|
2
шылау
|
+
|
3
толықтауышты бағыныңқылы
|
1 2 3
He thinks that she will come today.
Оның ойынша, ол бүгін келеді.
3. Анықтауыш бағыныңқылы сабақтас құрмалас басыңқы сөйлемдегі зат есімге байланысты және содан кейін тұрады. Анықтауышты бағыныңқылы who, which, that, сирек when және where деген сөздермен енгізіледі.
Бұндай сөйлемнің сызбасы төмендегідей:
1
Зат есім
|
+
|
2
шылау
|
+
|
3
анықтауыш бағыныңқылы
|
1 2 3
Here is the book that I want to read.
Менің оқығым келетін кітап мынау.
4. Мезгіл пысықтауышты бағыныңқылы сабақтас құрмалас
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу мезгілін білдіреді. When, after, till, until, as шылауларымен енгізіледі.
Бұндай сөйлемнің сызбасы төмендегідей:
1
Шылау
|
+
|
2
Мезгіл пысықтауышты
бағыныңқылы
|
+
|
3
Басыңқы сөйлем
|
1 2 3
When I entered the room I saw Peter there.
Мен бөлмеге кірген кезде, Мен онда Петяны көрдім.
1
Басыңқы сөйлем
|
+
|
2
Шылау
|
+
|
3
Мезгіл пысықтауышты
бағыныңқылы
|
1 2 3
I watched TV after I finished my hometask.
Мен сабақ оқығаннан кейін, теледидар көрдім.
5. Шартты пысықтауышты бағыныңқы сабақтас құрмалас
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу шартын білдіреді. Шартты пысықтауышты бағыныңқы сөйлем if, сирек in case, unless және т.б.шылаулармен енгізіледі.
Бұндай сөйлемнің сызбасы төмендегідей:
-
1
Шылау
|
+
|
2
Шартты пысықтауышты бағыныңқылы
|
+
|
3
Басыңқы сөйлем
|
1 2 3
If you read this book you will like it.
Егер мына кітапты оқысаң, ол саған ұнайды.
1
Басыңқы сөйлем
|
+
|
2
шылау
|
+
|
3
Шартты пысықтауышты
бағыныңқылы
|
1 2 3
He will give me this book if he has it.
Егер ол онда болса, ол маған бұл кітапты береді.
Бекіту жаттығулары
Жаттығу №1
Жақшаның ішіндегі сөздерді қолданып,екі cөйлемді бір сөйлемге біріктіріңіз:
A. 1. It was spring. It was warm (and). 2. It was raining. It was warm (but). 3. I like apples. I like plums (and). 4. Go home at once. Mother will be angry (or).
B. 1. She was late. She seldom came on time (but). 2. Run. You will be late (or). 3. He looked at his watch. It was four o’clock. (-). 4. Everything went fine. She was happy (and). 5. He is very old. His mind is as sharp as ever (yet). 6. I was busy. I would have come (or else). 7. I would have come. I was busy (but). 8. You don’t know all the facts. You would have changed your mind (otherwise).
Жаттығу №2
Сөйлемдерді бағыныңқы сөйлемдермен толықтырыңыз:
1. Here is the student who …
2. Meet the man who …
3. I shan’t forget the place where …
4. What will you do when …
5. What did you do before …
6. Will you stay here while…
Жаттығу №3
Жақшаны ашып, етістікті қажетті формаға қойыңыз және қай бағыныңқы сөйлем if немесе when арқылы енгізілетінін айтыңыз:
1. I don’t know if I (to find) this book but if I (to buy) it it will be a good birthday present for my friend. 2. Does he know when they (to go) on the excursion? 3. I’ll give this book to you when I (to finish) reading it. 4. Will you go to the skating rink if he (to ask) you to? 5. We don’t know when she (to come) to us but when she (to come) we’ll invite her to the party.
Ырықсыз етіс
Passive Voice
Ағылшын тілінде 2 етіс бар: Active Voice (ырықты етіс) және Passive Voice (ырықсыз етіс).
Іс-әрекеттің иесі, орындаушысы белгілі, қимыл субъект арқылы істелетінін білдіретін етіс ырықты етіс деп аталады. Мысалы: John cooked the dinner last night. – Джон кеше кешкі ас дайындады.
Іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен істелетіндігі көрінетін етіс түрі ырықсыз етіс деп аталады. Мысалы: The dinner was cooked last night. – Кеше кешкі ас дайындалды.
Passive Voice көмекші етістік to bе + Participle II (өткен шақ есімшесі) арқылы жасалады.
Қолданылуы:
1. Егер бастауыш белгісіз болса: Rome wasn’t built in a day.
2. Егер бастауыш болса, бірақ by предлогымен берілген толықтауыш болып келсе: The music was composed by Beethoven.
3. Мынадай етістіктер қолданылса: to build, to composed, to damage, to design, to destroy, to discover, to invent, to make, to write. Who designed St.Paul’s Cathedral?
Ырықсыз етісте келесі шақтар қолданылады:
Aspect
|
Tense
|
Present
|
Past
|
Future
|
Indefinite
|
am
is asked
are
|
was
were asked
|
shall
will be asked
|
Continuous
|
am
is being asked
are
|
was
were being asked
|
------------
|
Perfect
|
have
has been asked
|
had been asked
|
shall
will have been asked
|
Мысалы:
Active Voice
|
Passive Voice
|
Present Indefinite Tense
|
Dana washes the room.
|
The room is washed (by Dana)
|
Past Indefinite Tense
|
Dana washed the room
|
The room was washed (by Dana)
|
Future Indefinite Tense
|
Dana will wash the room
|
The room will be washed (by Dana)
|
Present Perfect Tense
|
Dana has washed the room
|
The room has been washed (by Dana)
|
Past Perfect Tense
|
Dana had washed the room, before I came.
|
The room had been washed, before I came.
|
Future Perfect Tense
|
Dana will have washed the room by 10 o’clock.
|
The room will have been washed by 10 o clock.
|
Present Continuous Tense
|
Dana is washing the room
|
The room is being washed (by Dana).
|
Past Continuous Tense
|
Dana was washing the room.
|
The room was being washed (by Dana).
|
Future Continuous Tense
|
Dana will be washing the room at 10 o clock. tomorrow.
|
--------
|
Бекіту жаттығулары
Жаттығу №1
Сөйлемдерді ырықсыз етіске айналдырыңыз:
Үлгі: Do they sell clothes in this shop? - Are clothes sold in this shop?
1. Liz showed me some holiday pictures.
2. Someone is cleaning the windows.
3. She tapped him on the hand with her pen.
4. I don't like people laughing at me.
5. People spend a lot of money on food.
6. Is Sue washing the car?
7. Who made this mess?
8. Grandfather is going to tell the children a story.
9. They will open the new sports centre soon.
10. They made him confess to the robbery.
Жаттығу №2
Сөйлемдерді Present Indefinite Passive-ке қойып жазыңыз:
the documents / print
the window / open
the shoes / buy
the car / wash
the litter / throw away
the letter / send
the book / read / not
the songs / sing / not
the food / eat / not
Жаттығу №3
Сөйлемдерді аударыңыз:
1. Мен айттым. – Маған айтылды.
2. Мен көрсеттім. – Маған көрсетті.
3. Ол әкелді. – Оны әкелді.
4. Біз сұрадық. – Бізден сұрады.
5. Біз жауап бердік. – Бізге жауап берілді.
Жаттығу №4
Жақшаны ашып, етістіктерді ырықсыз етіске қойыңыз:
1. The postbox (to empty) every day.
2. The stamps (to postmark) at the post office.
3. The letters (to sort) into the different towns.
4. The mail (to load) into the train.
5. The letters (to deliver).
Шақтардың қиысуы
Sequence of tenses
Ағылшын тіліндегі сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сөйлемімен шақтардың қиысу ережесі қолданылады.
Егер басыңқы сөйлемдегі етістік осы шақта немесе келер шақта тұрса, онда бағыныңқы сөйлемдегі етістік мағынасы жағынан қандай да бір шақта тұруы мүмкін және бұл жағдайда шақтардың қиысу ережесі қажет етілмейді.
Мысалы:
She says that they will go to Astana in summer. – Ол олар Астанаға жазда барады деп айтты.
She says that Alina takes English lessons. – Ол Алина ағылшын тілінен сабақ алып жүр дейді.
Шақтардың қиысу ережесі егер басыңқы сөйлемдегі етістік Past Indefinite немесе Past Continuous-та тұрса қолданылады. Бұл жағдайда бағыныңқы сөйлемде барлық осы шақтар мағынасы жағынан сол топтағы өткен шақтармен ауыстырылады, ал барлық келер шақ топтары – өткен шақтағы келер шақпен (Future-in-the-Past) ауыстырылады. Осы жағдайда бағыныңқы сөйлемде:
а) бір уақыттағы іс-әрекетті көрсету үшін Past Indefinite немесе Past Continuous:
She said that Alina took English lessons. – Ол Алина ағылшын тілінен сабақ алып жүр деді.
ә) бағыныңқы сөйлемдегі іс-әрекет басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттен бұрын болғанын көрсету үшін Past Perfect:
He said that they had been good friends for many years. – Ол олардың мәңгілікке жақсы достар болғанын айтты.
б) келер шақтағы іс-әрекетті көрсету үшін Future-in-the-Past қолданылады:
He said that we should learn English. – Ол біздің ағылшын тілін үйренетіндігімізді айтты.
Егер бағыныңқы сөйлемде жалпыға ақиқат жайында айтылса, онда шақтардың қиысу ережесі сақталынбайды:
Galileo proved that the Earth moves round the Sun. – Галилей жердің күнді айналатындығын дәлелдеді.
Бекіту жаттығулары
Жаттығу №1
Ағылшын және қазақ тіліндегі шақтардың қолданылуына назар аудара отырып, сөйлемдерді аударыңыз.
1. When he learnt that his son always received excellent marks in all the subjects at school, he was very pleased. 2. When he learnt that his son had received an excellent mark at school, he was very pleased. 3. We did not know where our friends went every evening. 4. We did not know where our friends had gone. 5. She said that her best friend was a doctor. 6. She said that her best friend been a doctor. 7. I didn’t know that you worked at the Hermitage. 8. I didn’t know that you had worked at the Hermitage. 9. I knew that you were ill. 10. I knew that you had been ill.
Жаттығу №2
Төмендегі сөйлемдерді өткен шақта көшіріп жазыңыз. Бағыныңқы сөйлемдегі шақтарға көңіл аударыңыз.
1. My uncle says he has just come back from the Caucasus. 2. He says he has spent a fortnight in the Caucasus. 3. He says it did him a lot of good. 4. He says he feels better now. 5. He says his wife and he spent most of their time on the beach. 6. He says they did a lot of sightseeing. 7. He says he has a good camera. 8. He says he took many photographs while travelling in the Caucasus. 9. He says he will come to see us next Sunday. 10. He says he will bring and show us the photographs he took during his stay in the Caucasus.
Жаттығу №3
Төмендегі сөйлемдерді өткен шақта көшіріп жазыңыз. Бағыныңқы сөйлемдегі шақтарға көңіл аударыңыз.
1. I knew they (to wait) for me at the metro station and I decided to hurry. 2. I didn’t know that you already (to wind) up the clock. 3. I was afraid that the little girl (not to be) able to unlock the front door and (to go) upstairs to help her. 4. He says that he (to know) the laws of the country. 5. Sarie understood why Lanny (not to come) the previous evening. 6. She asked me whether I (to remember) the legend about a faithful lion. 7. He understood that the soldiers (to arrest) him. 8. He could not understand why people (not to want) to take water from that well. 9. I suppose they (to send) a dog after the burglar immediately. 10. He said he (to leave) tomorrow morning.
Төл және төлеу сөз
Direct and Indirect Speech
Кейде сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін, айтқан ойын келтіріп отырады. Сөйтіп, бір сөйлемнің ішінде екі адамның сөзі, пікірі, ойы қолданылады. Мысалы: Ол айтты: «Мен бұны ертең істеймін». He said: «I’ll do it tomorrow». Бұл мысалда «Мен бұны ертең істеймін» - «I’ll do it tomorrow» деген оның сөзі өзгерілместен сөйлемнің ішіне енген. Міне, осындай біреудің сөзін бұлжытпай, өзгеріссіз өз сөзінің ішінде берілуін төл сөз дейміз (Direct Speech).
Сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертіп, жалпы мазмұнын сақтап беруін төлеу сөз дейміз (Indirect Speech). Ол оны ертең істейтінін айтты. He said that he would do it in the next day.
Ағылшын тілінде төл сөздің алдында үтір немесе қос нүкте қойылады, ал төл сөз тырнақша ішінде жазылады.
Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда шақтардың қиысу ережесін қадағалаған жөн.
Хабарлы сөйлемдерді аудару
Хабарлы сөйлемдерді төл сөзден төлеу сөзге айналдырған кезде сөйлем құрастыру кезінде мынадай өзгерістер болады:
1. to say етістігі to tell етістігіне ауысады.
2. that жалғаулығы қосылады (оны қалдырып кетуге де болады).
3. Есімдіктер мағынасына қарай ауысады: I және we – he, she, they, т.б.
4. Егер басыңқы сөйлемнің етістік-баяндауышы Past Indefinite-те тұрса, онда бағыныңқы сөйлем шақтардың қиысу ережесіне байланысты өзгереді.
5. Мезгіл және мекен үстеулері, сонымен қатар сілтеу есімдіктері былай өзгереді:
now – then
yesterday – the day before
today – that day
tomorrow – the next day
ago – before
this – that
these – those
here – there.
Direct Speech: Mary said to me: ‘’I worked at this office’’. (Мэри маған айтты: «Мен офиста жұмыс істедім») – Indirect Speech: Mary told me that she had worked at that office (Мэри маған офиста жұмыс істегенін айтты).
Егер to say етістігінен кейін жанама толықтауыш келмесе, сол күйінде қалады.
He said: ‘’I am a pupil’’ (Ол айтты: «Мен оқушымын»). – He said that he was a pupil (ол өзінің оқушы екенін айтты).
Егер сөйлем Present Indefinite-те немесе Present Continuous –та тұрса, онда Past Indefinite-ке немесе Past Continuous-қа өзгереді. Мезгіл және мекен үстеулері және сілтеу есімдіктері былай өзгереді: now – then (at that moment, at the time), today – that day, this – that, these – those, here – there.
She said: ‘’I can’t give you a definite answer now’’ (Ол: «Мен саған толық жауап бере алмаймын», деді). – She said that she couldn’t give me a definite answer at the moment (Ол маған толық жауап бере алмайтындығын айтты).
Егер сөйлем Past Indefinite немесе Present Perfect –те тұрса, онда Past Perfect-ке өзгереді. Мезгіл және мекен үстеулері былай өзгереді: yesterday – the day before, ago – before, last night (year) – the previous night (year).
Егер сөйлем Future Indefinite немесе Future Continuous –та тұрса, онда Future in the Past, Future Continuous in the Past-қа өзгереді. Мезгіл және мекен үстеулері былай өзгереді: tomorrow – the next day, next year – the following year.
He said: ‘’I’ll do it tomorrow’’. – He said that he would do it in the next day.
Сұраулы сөйлемдерді аудару
Егер төл сөз сұрақтан құралған болса, төлеу сөзге айналдырған кезде бағыныңқы сөйлем шақтардың қиысу ережесіне бағына отырып, сөздердің хабарлы сөйлемдегідей тура тәртібіне байланысты құрастырылады. to say етістігі to ask етістігіне ауысады, жалпы сұрақтар if, whether жалғаулықтары арқылы енгізіледі. Мысалы:
He asked me, ‘’Have you been abroad?’’ (Ол: «Сен шетелде болдың ба?» деп сұрады) – He asked me if had been abroad (Ол менен шетелде болдың ба деп сұрады).
Ал арнайы сұрақтарда сөз тәртібі хабарлы сөйлемдердегідей өзгереді.
She ask, ‘’Where is John?’’ (Ол: «Джон кайда?» деп сұрады) – She asks where John is (Ол Джонның кайда екенін сұрады).
Бұйрықты сөйлемдерді аудару
Бұйрық және өтініші бар сөйлемдерді төлеу сөзге айналдырған кезде бұйрық рай формасы инфинитив формасына ауысады.
To say етістігі to order, to tell етістіктеріне ауысады. Мысалы:
She said to him, ‘’Come at 6 o’clock’’ (Ол оған: «Сағат 6да кел» деді). – She told him to come at 6 o’clock (Ол оған сағат 6да келуін бұйырды).
Бұйрықты сөйлемдердің болымсыз түрі инфинитивке ауысады және алдына not сөзі қосылады.
She said to him, ‘’Don’t wait for me’’ (Ол оған: «Мені күтпе» деді). – She told him not to wait for her (Ол одан оны күтпеуін сұрады) .
Бекіту жаттығулары
Жаттығу №1
Берілген сөйлемдерді төлеу сөзге айналдырыңыз:
-
Mike (to the policeman): “You know, I have lost my identity card.”
-
Jane (to Dick): “You’re mistaken, Julia doesn’t live next to me”
-
The woman (to the detective): “I am absolutely sure that I saw the thief in the house.”
-
He: “I have eaten nothing since morning.”
-
My girlfriend (to me): “You know what, Mike, I feel very bad and I have a headache.
-
Tom’s boss (to Tom): “Tom, as to your last report, I am afraid, you haven’t done the work properly.
-
Anna: “No, I’d better put on something new. I don’t want to wear my old dress.”
-
Her brother (to her): “Listen, we will have plenty of time to do our work.”
Жаттығу №2
Бұйрықты сөйлемдерді төлеу сөзге айналдырып жазыңыз:
E.g. The teacher said to me: “Hand this note to your parents, please””. – The teacher asked me to hand that note to my parents.
1. “Please help me with this work, Henry,” said Robert.
2. “Please bring me some fish soup,” he said to the waitress.
3. “Please don’t mention it to anybody,” Mary said to her friend.
4. He said to us: “Come here tomorrow.”
5. I said to Mike: “Send me a telegram as soon as you arrive.”
6. Father said to me: “Don’t stay here long.”
7. “Explain to me how to solve this problem,” said my friend to me.
8. The doctor said to Nick: “Open your mouth and show me your tongue.”
9. “Don’t be afraid of my dog,” said the man to Kate.
10. The doctor said to Pete: “Don’t go for a walk today.”
Жаттығу №3
Хабарлы сөйлемдерді төлеу сөзге айналдырып жазыңыз:
E.g.: He said “I have just received a letter from my uncle.” – He said he had just received a letter from his uncle.
1. “I am going to the theatre tonight,” he said to me.
2. I said to them: “I can give you my uncle’s address.”
3. Oleg said: “My room is on the second floor.”
4. Misha said: “I saw them at my parents’ house last year.”
5. “I don’t go to this shop very often,” she said.
6. “This man spoke to me on the road,” said the woman.
7. The teacher said to the class: “We shall discuss this subject tomorrow.”
8. Mike said: “We have bought these books today.”
9. She said: “You will read this book in the 9th form.”
10. “You have not done your work well,” said the teacher to me.
Жаттығу №4
Төмендегі сөйлемдерді төл сөзге айналдырыңыз:
E.g.: Tom said he would go to see the doctor the next day. – Tom said: “I shall go and see the doctor tomorrow”
1. He told me he was ill.
2. He told me he had fallen ill.
3. They told me that Tom had not come to school the day before.
4. I told my sister that she might catch cold.
5. She told me she had caught cold.
6. She said she was feeling bad that day.
7. The old man told the doctor that he had pain in his right side.
8. He said he had just been examined by a good doctor.
9. He said he would not come to school until Monday.
10. The man said he had spent a month at a health resort.
Жаттығу №5
Арнайы сұраулы сөйлемдерді төлеу сөзге айналдырып жазыңыз:
E.g.: Mother said to me: “Who has brought this parcel?” – Mother asked me who had brought that parcel.
1. He said to her: “Where do you usually spend your summer holidays?”
2. Ann said to Mike: “When did you leave London?”
3. She said to Boris: “When will you be back home?”
4. Boris said to them: “How can I get to the railway station?”
5. Mary asked Tom: “What time will you come here tomorrow?”
6. She asked me: “Why didn’t you come here yesterday?”
7. I said to Nick: “Where are you going?”
8. I said to him: “How long are you going to stay here?”
9. Pete said to his friends: “When are you leaving St. Petersburg?”
10. He said to them: “Who will you see before you leave here?”
Жаттығу №6
Жалпы сұраулы сөйлемдерді төлеу сөзге айналдырып жазыңыз:
E.g.: I said to Mike: “Have you packed your suitcase?” – I asked Mike if he had packed his suitcase.
1. I said to Kate: “Did anybody meet you at the station?” 2. I said to her: “Can you give me their address?” 3. I asked Tom: “Have you had breakfast?” 4. I asked my sister: “Will you stay at home or go for a walk after dinner?” 5. She said to the young man: “Can you call a taxi for me?” 6. Mary said to Peter: “Have you shown your photo to Dick?” 7. He said to us: “Did you go to the museum this morning?” 8. I said to Boris: “Does your friend live in London?” 9. I said to the man: “Are you living in a hotel?” 10. He said to me: “Do you often go to see your friends?”
Жаттығу №7
Төмендегі сөйлемдерді төл сөзге айналдырыңыз:
E.g.: I asked him if he was going to a health resort. – I said to him: “Are you going to a health resort?”
1. I asked him if the doctor had given him some medicine. I asked him if he was feeling better now.
2. I asked the man how long he had been to St. Petersburg.
3. We asked the girl if her father was still in Moscow.
4. I asked the girl what sort of work her father did.
5. I asked if they had taken the sick man to hospital.
6. I asked my friend if he had a headache.
7. I wanted to know when he had fallen ill.
8. I wondered if he had taken his temperature.
9. I asked him if he was going to a health resort.
10. I wondered if he had taken his temperature.
Инфинитив
The Infinitive
Инфинитив – ол іс-әрекетті жалпы түрде білдіреді, қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады. Инфинитив ол етістіктің бастапқы формасы болып есептеледі. Инфинитив көбінесе to арқылы беріледі. Қазақ тілінде инфинитивке «тұйық етістік» сәйкес келеді.
Төмендегі жағдайларда инфинитив to-сіз қолданылады:
-
Модальды және көмекші етістіктерден кейін: I can play the piano.
-
To make (), to let, to see, to hear, to notice, to watch, to feel, кейде to help етістіктерінен кейін: He made me do it.
Егер бұл етістіктер ырықсыз етісте қолданылса, онда олардан кейін to қолданылады: He was made to do it - Оны осылай істеуге мәжбүр етті.
-
Had better, would rather, would sooner тіркестерінен кейін: You had better go there at once. - Сіздің онда дереу барғаныңыз дұрыс болады.
Инфинитивтің уақыт және етіс формалары бар:
|
Active
|
Passive
|
Indefinite
|
to help
|
to be helped
|
Continuous
|
to be helping
|
---------
|
Perfect
|
to have helped
|
to have been helped
|
Perfect Continuous
|
to have been helping
|
---------
|
Indefinite Infinitive – жалпы осы шаққа және келер шаққа қатысты іс-әрекетті білдіреді: It is interesting to study foreign languages.
Continuous Infinitive – негізгі етістіктегі іс-әрекетпен бірге болып жатқан созылыңқы іс-әрекет: It was pleasant to be driving the car again.
Perfect Infinitive – негізгі етістіктегі іс-әрекеттен бұрын болған іс-әрекетті білдіреді. He was to have helped her.
Perfect Continuous Infinitive – өткен шақта басталып жәнәлі болып жатқан іс-әрекетті білдіреді. It’s terrible to have been waiting for her so long.
Сөйлемдегі қызметі
1. Бастауыш. To skate is pleasant.
2. Баяндауыш. Your duty is to inform me about it.
3. Толықтауыш. I asked him to help me.
4. Анықтауыш. He expressed a desire to help me.
5. Пысықтауыш. I went to the station to see off a friend.
Келесі етістіктерден кейін инфинитив to-мен қолданылады:
to agree to offer to decide to appear to forget to refuse to attempt
to plan to seem to promise to manage to arrange to dar to learn(how)
to pretend to threaten to fail to hope to afford to tend to want
to like
Objective with the Infinitive
Объективті инфинитивті орам
Инфинитив зат есім немесе есімдікпен келсе, құрмалас толықтауыш қызметін атқаратын инфинитивтік орам жасайды. Яғни, ол зат есім немесе объектілі септіктегі есімдік және инфинитивтен тұрады.
Қолданылуы:
-
Сезімді қабылдау етістіктерінен кейін (Инфинитив to - сіз): to see, to hear, to feel, to watch, to notice, to observe, to perceive. I saw him cross the street.
-
Талап немесе тілекті білдіретін етістіктерден кейін (Инфинитив to- мен): to want, to wish, to like, to hate, to desire, to intend. He wants me to come on Sunday.
-
Ойлау қабілетін білдіретін етістіктерден кейін (Инфинитив to – мен): to know, to believe, to think, to consider, to expect. We believe him to finish the work in 2 days.
-
Сөйлеу қабілетін білдіретін етістіктерден кейін (Инфинитив to –мен): to tell, to ask, to order, to command, to allow. The captain ordered him to come early.
-
Іс-әрекет жасауға түрткі болатын етістіктерден кейін (Инфинитив to- сіз, to –мен): to let, to make, to have, to get. She made him drink some milk.
Бекіту жаттығулары
Жаттығу №1
Инфинитивтің алдына қажетті жерге «to» қосымшасын қойыңыз.
1. She want___ play the piano on the party.
2. We can___ speak English and German.
3. You have___ work hard because you want_ be rich.
4. I want___ travel around the world.
5. The students should _ study very well to be professionals.
6. May I___ come in?
7. They heard _ her words.
8. He would rather ____ find another trip, because this one is not interesting.
9. He did not want___ play tennis any more.
10. Would you like ___ try my apple pie
Жаттығу №2
Етістікті дұрыс формаға қойыңыз — инфинитив немесе герундий.
Please remember to post (post) this letter.
John intends to buy (or buying) (buy) a house.
1. We tried __________ (put) the fire out but we were unsuccessful. We had to call the fire-brigade.
2. When you see Tom, remember __________ (give) him my regards, won’t you?
3. What do you intend ___________ (do) about this problem?
4. Someone must have taken my bag. I clearly remember ________ (leave) it by the window and now it has gone.
5. When she saw what had happened, she began ____________ (laugh) loudly.
6. Sue needed some money. She tried ________ (ask) Gerry but he couldn’t help her.
7. He tried _________________ (reach) the shelf but he wasn’t tall enough.
8. “Did you remember _____________ (phone) Ann?” “Oh no, I completely forgot.”
Жаттығу №3
Инфинитив бастауыш қызметін атқарып тұрған сөйлемдерді табыңыз. Сөйлемдерді аударыңыз.
1. The task jf the police was to find the thief and recover the stolen property.
2. The expert supposes that both crimes might have been committed by the same person.
3. The first person to be interviewed was the eye – witness of the road accident.
4. To fight crime is the task not only of the Militia but of the whole population as well.
5. The investigator was to have solved the crime.
Жаттығу №4
Инфинитивтің формасы мен сөйлемдегі қызметін анықтаңыз. Сөйлемдерді аударыңыз.
1. In the middle of the 19th century the colonial policy of the British Government was to transform Australia into a producer of cheap wool and meat for Britain.
2. In order to begin prosecution it is necessary to have evidence establishing the fact of the commission of the crime.
3. The case was to be considered as soon as possible.
4. One of the basic problems to be solved by criminological research is how the social structure affects human behaviour.
5. The duty of the state is to provide education to all its citizens.
Есімше І, ІІ
Достарыңызбен бөлісу: |