Сергіту сәті
«Австралиялық жаңбыр».
Білім алушлардың эмоционалдық жай күйін тыныштандыру және зейнін арттыру мақсатында ұйымдастыру.
Білім алушылар шеңберге тұрып сергіту сәтіндегі амалдарды орындайды:
· Австралиялық жаңбырдың қандай болатынын білесіңдер ме?
· Ендеше барлығымыз тыңдайық та, қайталайық
· Австралияда жел тұрды (алақанды үйкелеу)
· Жаңбыр тамшылай бастады (саусақты соғу)
· Жаңбыр күшейе түсті (алақанды кеудеге соғу)
· Нөсер қатты төкті (алақанды санға соғу)
· Міне бұршақ жауды (аяқпен соғу)
· Дауыл басыла бастады (алақанды санға соғу)
· Жаңбыр сейілді (алақанды кеудеге соғу)
· Жаңбыр сіркіреді (саусақты соғу)
· Жел басыла бастады (алақанды үйкелеу)
· Алақай күн шықты (қолды жоғары көтеру)
Бірден екіге дейін санау арқылы шағын топтарға біріктіру.
Шеңбердегі тұрған білім алушылар бірлер бірінші, екілер екінші топқа бөлініп отырады.
Үй тапсырмасын тексеру.
«Крестиктер-нөлдіктер» ойыны
1.Электр тогы дегеніміз не?
2.Ток күшінің өлшем бірлігі?
3.Кернеудің формуласы
4.Кедергінің өлшем бірлігі?
5.Ток күшінің формуласы?
6.Кернеуді өлшейтін құрал?
7.Ток күшін өлшейтін құрал?
8.Кедергінің формуласын ата?
9.Кедергіні өлшейтін құрал?
Дескриптор:
Сұрақтарға жауап береді
|
Білім алушылар шеңберге тұрып сергіту сәтіндегі амалдарды орындайды
Оқушылар 2 топқа біріктіріледі.
1. 1-ші команда (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды.
2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.
3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші команда сол квадратқа крестик қояды.
4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші команда (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады.
|
Мұғалім мадақтауы.
Достарыңызбен бөлісу: |