Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау



Pdf көрінісі
бет14/185
Дата16.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498823
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   185
null

1059-нұсқа 
1-мәтін 
Киіз үйдің түрлері мен құрылысы 
Киіз үйдің құрылысы мен жасалу жолдарына, этнографиялық ерекшеліктеріне жеке тоқталайық. Киіз 
үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болады 
да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақ үйлері пайдалануына, сән- салтанатына қарай 
бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы: қара үй (3 қанат), қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат), 
ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ шаңқан (18 қанат), алтын үздік (24 қанат), алтын орда (30 
қанат) деп аталатын түрлері бар. Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық, 
жұмыс ретіне бейімделген үй түрлері болады, Олар қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым 
үй, ас үй, қалқа деп аталады. 
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді: 
1. Төр - бұл үйдің жоғары әрі қымбат орны. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Жас келіндер 
бұл жерді баса бермейді. 
2. Сол жақ - (кіргенде оң жақ) үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-түлік, ыдыс-
аяқ тұрады. Оны шимен жауып қояды. 
3. Оң жақ - (кіргенде сол жақ) мұнда балалары орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрман, киім ілінеді. 
4. От орны - қасиетті орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады. 
1. Ең үлкен киіз үй 
A) Ақ орда C) Ақ ала орда E) Алтын орда 
B) Ақ шаңқан D) Алтын үздік 
2. Киіз үйдегі киелі орын 
A) Қонақтар орналасатын орын 
B) Азық-түлік, ыдыс-аяқ тұратын орын 
C) Ер тұрман, киім ілінетін орын 
D) Үй иесінің жататын орны 
E) От жағылып, қазан асылатын орын 


87474320427 
14
 
2-мәтін 
Сократтың ақылы 
Сократқа біреу келіп: - Досың жайлы не естігенімді айтайын ба? - дейді. 
- Тоқта. Маған әңгіме айтар алдында үш сынақтан өтуіңді сұраймын. –Үш сынақ? 
- Иә, менің досым туралы сөйлер алдында, бір сәт тоқтап, айтатыныңды ой елегінен өткізіп алғаның 
абзал болар. Бірінші - “Шындық сынағы ” Досым туралы айтатының 100 пайыз шындық екеніне 
сенімдісің бе? 
- Жоқ. Негізі біреудің айтқанын естідім де, содан... 
- Жарайды. Олай болса, сен ол әңгіменің өтірік-рас екенін білмейсің. 
Екінші - “Жақсылық сынағы.” Досым туралы айтатының жақсы ма, әлде..? 
- Жоқ, жақсы емес, керісінше... 
- Сен рас болған-болмағанын білмей тұрып, досым туралы жаман нәрсе айтқың келе ме сонда? Оған 
қарамастан сынақтан өтуің мүмкін, соңғы - “Керектілік сынағы.”Досым туралы айтатының керегіме 
жарай ма? 
- Білмеймін ғой енді, бәлкім... 
- Түсінікті. Маған айтатының шындық емес, жақсылық емес және қажеті жоқ нәрсе. Оны айтып несіне 
әуре боласың? 
3. Мәтін мазмұны бойынша 3 сынақтың реттілігі 
A) Жақсылық, керектілік, шындық D) Шындық, жақсылық, керектілік 
B) Жақсылық, шындық, керектілік E) Керектілік, шындық, жақсылық 
C) Шындық, керектілік, жақсылық 
4. Мәтін бойынша әңгіменің тыңдаушыға пайдалы-пайдасыздығын анықтайтын сынақ 
A) «Адалдық» сынағы D) «Жақсылық сынағы» 
B) «Керектілік сынағы» E) «Шындық сынағы» 
C) Барлық үш сынақ 
5. Сократқа әңгіме айтушының соңғы әрекеті 
A) Әңгімесін айта алмады D) Әңгімесін толық айтып берді 
B) Сократтың сынағынан сәтті өтті E) Әңгімесін қызықты баяндады 
C) Сократтан алғыс алды 
6. Сократтың ақылының түйіні 
A) Жаман әдеттен аулақ бол D) Қолыңнан келсе жақсылық жаса 
B) Досыңды бағалай біл E) Тыңдай білу - әдептілік белгісі 
C) Танитын адам туралы ғайбат сөйлеме 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет