Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау


-мәтін  Ырыс пен берекет



Pdf көрінісі
бет148/185
Дата16.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498823
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   185
null

3-мәтін 
Ырыс пен берекет 
Ертеде Бегайдар деген саудагер жігіт болыпты. Ойдан орып, қырдан кырып, табыс тауыпты. Үйіне 
дүниеиі қанша үйсе, ол соғұрлым кеми береді екен. Байлығының берекесі болмалты, Бегайдардың 
үйлі-баранды көршісі бар екен. Оның мал дегенде бес-алты ешкісі болады, Бірак тұрмысы күннен 
күнге гүлдене береді. Бір күні Бегайдар көршісінен: 
- Әй, көршім, сенің бала-шағаң бар. Мал дегенде бес-алты тоқал ешкің ғана бар. Бірақ отбасың 
берекелі, қарның тоқ. Ал мен жалғыз тұрамын. Үй көрмей сауда жасап, мол ақша табамын. Бірак 
берекесі жоқ. Сыры неде? - деп сұрады. 
Көршісі: 
- Қаратаудың басында мың жасаған данышпан бар. Содан ақыл сұра, - дел жауап берді, Бегайдар 
ертесіне дорбасын артынып, жолға шықты. Шаршап- шалдығып келе жатып, бір лашыкка тап болды. 
Ішіне кірсе. шал, кемпір және бір бойжеткен қыз бар екен. Бегайдар сусын ішіп, дәм татканнан кейін 
шалға жағдайын баяндады. Шал: 
- Балам, данышпанға бара жатсаң, менің аманатымды ала кет. Үйде қызым бойжетіп отыр. Соны 
қандай адамға берсем болады? - деді. Бегайдар: 
- Жарайды, ақсақал, данышпанға тілегіңізді жеткізем, - деп аттанып кетті. Тағы да ұзақжол 
жүріп, шаршап-шалдығып, бір бәйтеректің түбіне келіп демалды. Сол кезде бәйтерекке тіл бітіп: 
- Әй, Бегайдар, данышпанға барсаң, сұра. Мен тамырымды тереңге жайдым, бірақ бұтақтарым 
жеміс бермейді. Сыры неде екен? - деді. Беғайдар оның да аманатын арқалап, жолға шығады. Бір күні 
әрең дегенде данышпанға жетгі. Данышпан: 
- Иә, балам қандай мұратпен жүрсің? - деді. Бегайдар: 
- Терлеп-тепшіп, аяғымнан тозып табыс табамын, бірақ берекесі болмайды. Көршімнің бес-алты 
ешкісі, кеп бала-шағасы бар, табысы аз. Бірақ берекесі мол. Сонын сырын іздеп жүрмін. Жолда шал 
мен кемпірге, алып бәйтерекке жолықтым. Олардың да тілегін әкелдім, - деп, жолда көрген- білгенін 
жеткізді. Данышпан басын шайқап: 
- Ай, балам-ай, үйдің берекесі әйелдің алақанына жасырылған. Көршіңе береке кіретіні - ақылды 
әйелі бар. Енді кейін қайт. Жолда кездескен бәйтеректің түбінде ат басындай алтын көмілген. Соны 
қазып ал. Алтынды шал мен кемпірге беріп, қызын сұра. Ақылды жар алсаң, берекең кіреді, - деді. 
Бегайдар данышпанның айтқанын істеді. Бәйтеректің түбінен алтыңды қазып алды. Оны кыздың 
қалыңмалына беріп, оған үйленді. Үзамай отбасына береке кіріп, ырысы тұрақтайды. Осылайша, әйелі 
екеуі барша мұратына жетіпті. 
7. «Үйдің берекссі әйелдің алақанына жасырылған» сөйлемінің мағынасы 
A) Әйел - үйлестіруші, үйдің құты 
B) Әйел - үйретуші, тәлімгер 
C) Әйел - қорғаушы, бақылаушы 
D) Әйел - сыншы, бағалаушы 
Е) Әйел - әдемі, сұлу 
8. Әңгіменің түйіні 
A) Бас екеу болмай, мал төртеу болмайды. 
B) Ырыс алды - ынтымақ. 
C) Еңбексіз тапқан мал есепсіз кетеді. 
D) Ерте тұрған еркектің ырысы артық. 
Е) Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық. 
9. Мәтін мазмұнының реттіпігі 
1. Данышпан ақылы 
2. Көршісінің кеңесі 
3. Бэйтеректің өтініші 
4. Лашықгағы әңгіме 
A) 2,3,4,1 
B) 3,4,1,2 
C) 2.4.3,1
D) 1.2, 3.4 
Е) 4,1,2,3 
10. Қыздың ата-анасына берілген нәрсе 
A) Мал-мүлік 
B) Қалыңмал 
C) Жеміс ағашы
D) Бес-алты ешкі 
Е) Күміс 


87474320427 
152
11. Көрші үйдің берекесінің сыры 
A) Мол табысында 
B) Қоңырқай тұрмысында 
C) Ақылды әйелінде
D) Бес-алты ешкісінде
Е) Бала-шағасында 
12. Бәйтеректің жеміс бермеуінің сыры 
A) Ауа райы қолайсыз болғандықтан 
B) Суға тапшы болғандықтан 
C) Түбіндегі алтын өсірмегендіктен
D) Ағаш кәрі болғандықтан 
Е) Тамыры тереңде болғандықтан 
13. Мәтіндегі ойға сай мақалды анықтаңыз. 
A) Ұят — өлімен күитті. 
B) Хан қарашасыз болмас, 
Дау арашасыз болмас, 
C) Хан екі айтса, қадірі кетеді
Қараша екі айтса, ары кетеді.
D) Көргені жақсы кош бастар. 
Е) Ел ерімен, ер елімсн мықты. 
14. Қозыбасы атауының түп мағынасы 
A) Қозы көш жерден көрінгендіктен 
B) Қой коздаған аласа шоқы болса керек. 
C) Қозының жайылым орынын білдірсе керек. 
D) Қозы өрбіткен жер болса керек. 
Е) Қозының басындай ғана төбсиі білдірсс ксрек. 
15. Керей мен Жәнібек хандардың тарихтағы орны 
A) Отарлау саясатынан күтқарушылар 
B) Соғыс әдіс-тәсілінің білгірлері 
C) Қазақ хандығының негізін қалаушылар
D) Саясн бггімгерлер 
Е) «Жеті жарғыны» енгізгсн хандар 
16. Алашорда көсемі болған Әз-Жәнібек ханның ұрпағы. 
A) Хақ-Назар хан 
B) Абылай хан 
C) Әлихан Бөкейханов
D) Әз-Тәуке хан 
Е) Шоқан Уәлиханов 
17 Мәтін бойынша халық санасында ақылды әрі әділетті әмірші ретінде таңбаланған хан 
A) Кенесары хан 
B) Әз-Тәуке хан 
C) Әз-Жәнібек хан 
D) Абылай хан 
Е) Әбілқайыр хан 
18. Өткен тарихымызға тағзым, бүгінгі бақытымызға мақтаныш білдіру идеясы 
A) «Қазақстан-2050» 
B) «ЕХРО-2017» 
C) «Мэңгілік Ел» 
Б) «Қазақстан - 2030 стратегиясы» 
Е) «Қасым ханның қасқа жолы» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет