Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау



Pdf көрінісі
бет144/185
Дата16.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498823
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   185
null

1202-нұсқа 
 
1-мәтін 
Киіз үйдің түрлері мен құрылысы 
Киіз үйдің құрылысы мен жасалу жолдарына, этнографиялық ерекшеліктеріне жеке тоқталайық. 
Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді 
болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақ үйлері пайдалануына, сән-салтанатына 
қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы: қара үй (3 қанат), қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 
қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ шаңқан (18 қанат), алтын үздік (24 қанат), алтын 
орда (30 қанат) деп аталатын түрлері бар. Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе 
шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген үй түрлері болады. Олар қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, 
жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады. 
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді: 
1. Төр - бұл үйдің жоғары әрі қымбат орны. Мұнда жук жнналады, қонақтар орналасады. Жас 
келіндер бұл жерді баса бермейді. 
2. Сол жақ - (кіргенде он жақ) үй иссінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-түлік, 
ыдыс-аяқ тұрады. Оны шимен жауып қояды. 
3. Оң жақ - (кіргенде сол жақ) мұнда балалары орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрман, киім 
ілінеді. 
4.От орны - қасиетті орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады. 
1. Ең үлкен киіз үй 
A) Ақ шаңқан 
B) Ақ ала орда 
C) Алтын үздік 
D)Ақорда 
Е) Алтын орда 
2. Киіз үйдегі киелі орын 
A) Ер тұрман, киім ілінетін орын 
B) От жағылып, қазан асылатын орын
C) Үй иесінің жататын орны
D) Қонақтар орналасатын орын 
Е) Азық-түлік, ыдыс-аяқтұратын орын 
 
2-мәтін 
Ұрпақ заманынан қозбаса... 
Мұрат үнемі әкесінен нені болса, соны сұрайтын. Әкесі де оған өте ыждағатпен жауап беретін. 
Бірде ол әкесінен: 
- Әке, неге осы ат жүргенде алдыңғы аяқтары баскан ізінен артқы аяқтарының басқан ізі асын 
түседі? - деп сұрады Әкесі: 
- Балам, ол солай. Алдыңгы аяқтары басқан ізден артқы аяқтары басқан ізі озып түсіп отыратын 
қасиет тек жүйрік, бәйге аттарында ғана болады. Оны сен аңғарған екенсің, демек, сенен де бір акылды 
адам шыгар. Ол тағы: Бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз озатынының да белгісі, - деді. 
Бала: 


87474320427 
148

Бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз оза ма? Неге?- деп сұрады әкесінен. 
Әкесі: 
- Иә. балам. Мәселен, құлақтуа бітеді. Ал мүйіз болса малдың төлі туғанда болмайды. Кейін, 
үлкейе келе, біртіндеп все келе қүлактан да озып, ұзарып кетеді. Өзің карашы, ана ала тайыншаның 
туғанда мүйізі бар ма еді? Жоқболатын. Ал құлагы ше? Құлағы бар болатын. Бір айдан кейін мүйіз 
шыга бастады. Келер жылы мүйізі құлағының әлдеқайда ұзын болып өседі. Сен акылдысың. Демек, 
Ақбақайдың артқы аяғы алдыңғы аяғынан озып түскеніндей, ала тайыншаның туғанда жоқ муйізінің 
туғанда бар кұлағынан асқанындай, сен де үлкейгенде қатарыңнан озасың, балам. Олай етпесең, сенің 
менен туған ұрпақ болғаның қане? Ұрпак заманынан озбаса қатарынан озбағаны да. Мен сенің менен 
озғаныңды қалаймын, - деді әкесі. 
3. Әкесі неге риза болды? 
A) Баласының аттың сырын білетіндігіне 
B) Баласының білімпаздығына 
C) Айтқан созін баласы жерге тастамағанына
D) Жақсы мысал табылғанына 
Е) Баласына орынды ақыл айтқанына 
4. Мәтіндегі әкенің соңғы сөзіне қатысты мақал 
A) Талайлымен таласпа. 
B) Жақсы бала - әкеге құт.
C) Күш атасын танымас. 
D) Тілі тәтті - көңілі қатты. 
Е) Шешінген судан тайынбас. 
5. Балалық әкесіне қатысты сипаттама 
A) Сабырлы 
B) Сымбатты 
C) Көңілді
D) Адал 
Е) Еңбекқор 
6. Әкесінің «Ұрпақ замаііынан озбаса, қатарынан озбағаны да. Мен сенің менен озғаныңды 
қалаймын» деген сезінің мағынасы 
A) Ақылы жасына сай болсын дегені 
B) Өнер, білім таңдауда абай бол дегені. 
C) Қатарынан қалмай өссін дегені 
D) Дене бітімі әкесінен ірі болсын дегені. 
Е) Барлық қырынан экесінен дс жақсы болып оссін дегені. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет