Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау



Pdf көрінісі
бет181/185
Дата16.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498823
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   185
null

4-мәтін 
Қазақтың абыройын жер жаһанға көтерген Қажымұқан балуан Семей қаласында ел кұрметіне бөленіп 
жүргенде, бір отырыста мынандай сұрақ қойылыпты: 

Осы біздің казақта дәл өзіңіздей күшті бар ма? Болды ма, кезікті ме? 
Сонда Қажекең: 

Бар ғой, менен де күштілер болған. Балуан Шолақ ағамызды барлығың білесіңдер. Дәл осы 
қалада да бір мықтыға жолыққаным бар, - деп әңгімесін бастапты. 

Осындағы бір азамат жалғыз өзімді қонаққа шақырды. Көбіне елге сыйлы азаматтар, әншілер 
мен өнерпаздар бірге ілесіп жүретін. Шақырғандар барлығымызды қоса шақыратын да, отырыстың өзі 
көңілді, қызықты өтетін. Шақырған үйдің мол дастарқанының төрінде жалғыз мен. Үй иесі сөзге сараң, 
әлденеге алаңдаулы. Бір уақытта пар ат жеккен пәуеске сартылдата, қатты екпіндетіп келіп, есік 
алдына тоқтай қалды. Одан дембелше келген жігіт түсіп: «Ассалаумағалейкум!» деп сәлем бере кіріп 
келді. Бір тізерлеп отыра қалып, нан ауыз тиді де, маған қарап: 

Қажы аға! Уақытым аз, асығыспын. Сізді қонаққа шақыра келдім. Осы қазір жүріңізші! - деп 
түрегелді. Атып тқрып, ере жөнелдім. Пәуескеге отырып, Ертіске келдік. Бір қайықшы қайығымен 
тосып тұр екен. Қайықка отырдық. Содан өзен ортасындағы Түйемойнақ аралына алып келді. Аралда 
бір жігіт тайқазанға ет асып жатыр екен. Дастарқан жайып, тамақты түсіріп болтан соң, мені әкелген 
жігіт қайықшы екеуі кетіп қалды. 
Аралда әлгі жігіт екеуміз ғана. Тамақ ішіп болдық. Сонда ғана әлгі бауырдың шақырған себебін 
түсіндіргені. 

Ага, арманым елдің даңкын көтерген сізді бір көру, қонақ етіп, құрмет көрсету еді. Енді сізден 
бір өтінішім, мені бір сынап көріңізші. Өйткені, өз күшімді сынайтын адамды жолықтыра алмай 
жүрмін, - дегені. 

Қалай, күресіп пе? - деп сұрадым. 

Иә. 
Аралда екеумізден баска ешкім жоқ болса да, ағаштардың арасындағы тасалау жердегі алаңқайға ертіп 
барып: 

Жол сіздікі, жасыңыз үлкен, - деп аяғын алшақтау қойып тұра қалды. 
Әлгіні олай-бүлай итерем, тартам. Тартып тұрып, итеріп қалам. Итеріп 
түрып, тартып қалам. Тамырын тереңге жіберген емен секілді, былқ етпейді. Тұрган орнынан қозгалта 
алмай-ақ қойдым, қақиған мойны да иілмейді. 

Ал енді өзің кер, - деп кезекті бердім. Сол-ақ екен ол бір қолымен иығымнан қапсыра ұстады да, 
шыр айналдырып, дедектете жөнелді. Бір уақытта екінші қолымен қоса ұстады да, жерден көтере 
айналдырды. Дүниежүзінің қаншама мықтыларымен күрессем де, еш уақытта мүндай күйге түспеген 
едім. Әлгі жігіттің колында орамалдай желпілдеп, айнала ұшып жүрмін. Бір уакытта тік көтеріп алды 
да, жерге екі аяғыммен дік еткізіп қоя койды. Сосын басын иіп, тізесін бүгіп, еңкейе тағзым етіп: 

Кешіріңіз, аға, жауырыныңыз жерге тимесін! - деді. 
Күші асып тұр, тағы аға деп сыйлап, жықпай тұр. Басын иіп тұр. Ешкімді маңайына жолатпағаны да 


87474320427 185 
менің абырой-даңқыма сызат түспесін деген сақтығы екен. 
Мен қазақ болып туғаныма, үлкенді сыйлаған әдет-ғұрпыма, оны білетін інілер барына куанып, 
жүрегім елжіреп, иілген басын көтеріп, құшақтап алдым. Көзімнен жаста шығып кетті. Осындай ініні 
көтеріп, бағын ашсам, армансыз болатындай мын. 

Жүр, бауырым, менімен бірге. Дүниежүзінде саған тең келер ешкім жоқ. Өзім аралатам, үнемі 
жаныңда болам. Дүниежүзінің балуандарын енді сен жығасың. Жүр, менімен бірге! - дедім. Сөзіме, 
көңіліме риза болып тұр, бірак басын шайқайды. Өмір бойы көре алмай жүрген туысын тапқандай, 
елжіреп ағалай береді. 
13. 
Әңгіме соңында Қажымұқан кандай көңіл күйде болды? 
A) 
Сабыр етті 
B) 
Басу айтты 
C) 
Ренжіді 
D) 
Толқыды 
E) 
Күмәнданды 
14. 
Күресте кім жеңіске жетті? 
A) 
Бейтаныс жігіт 
B) 
Балуан Шолақ 
C) 
Қажымұқан 
D) 
Қайықшы жігіт 
E) 
Тең түсті 
15. 
Мәтіннің стилі қандай? 
A) 
Ауызекі сөйлеу стилі 
B) 
Ғылыми стиль 
C) 
Көркем әдебиет стилі 
D) 
Ресми іс-қағаздар стилі 
E) 
Публицистикалық стиль 
16. 
Мәтін мазмұнынан жігіттің қандай қасиеті көрінеді? 
A) 
Атаққұмарлығы 
B) 
Кішіге мейірімділігі 
C) 
Үлкенді сыйлауы 
D) 
Шешендігі 
E) 
Барға қанағатшылдығы 
17. 
Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай? 
A) 
Қазақ халқының қонақ күту дәстүрін насихаттау 
B) 
Қазақ еліндегі ұлттық спорт түрлерін мақтан ету 
C) 
Қазақ халқының үлкенді кұрмет тұтатын салт-дәстүрін дәріптеу 
D) 
Қазак еліндегі ұлттык спорт түрлерін мақтан ету 
E) 
Балуандардың дүниежүзілік күреске жету жолын көрсету 
18. 
Жігіттің Қажымұқанды қонакқа шақыруының басты себебі неде? 
A) 
Жора-жолдастарымен таныстыру 
B) 
Қажымұқанды жығып, данққа бөлену 
C) 
Дәм татқызып, әнін тыңдату 
D) 
Күшін Қажымұқанға сынату 
E) 
Үй ішін балуанмен таныстыру 
19. 
Түйемойнақ аралында неліктен Қажымұқанның жамбасы жерге тимеді? 
1. 
Қажымұканның күші басым болғандықтан 
2. 
Қажымұканды сыйлағандықтан 
3. 
Қажымұқанның абырой-даңқына сызат түсіргісі келмегендіктен 
A) 
Біріншісі мен екіншісі дұрыс 
B) 
Барлығы бұрыс 
C) 
Екіншісі мен үшіншісі дұрыс 
D) 
Барлығы дұрыс 
E) 
Біріншісі мен үшіншісі дұрыс 
20. 
Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді? 
A) 
Күш атасын танымас. 
B) 
Ep айтқанынан қайтпас. 
C) 
Батыр жарасыз болмас. 
D) 
Тәуекел тау жығады. 
E) 
Шешінген судан тайынбас. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет