Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау



Pdf көрінісі
бет182/185
Дата16.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498823
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   185
null

2363-Нұсқа 
 
1-мәтін 
Осы күнгі құстардың ең ірісі және ең жүйрігі - түйеқұс. Оның биіктігі екі жарым метр, салмағы 
отыз алты килограмма дейін жетеді. Мойны мен басы мамықсыз болады. Аяғы екі саусақты, қанаты 
нашар жетілген. Қоразының түсі қара, 
ОІІЫН 
канат, құйрық қауырсындары ақшыл. Мекенінің түсі 
қоңыр болып келеді. 
Түйеқұстар топтанып жүреді, олар құмды даланы мекендейді. Түйеқұстар өсімдіктіқ ұрығын, 
жемісін, ұсақ жәндіктерді жейді. 
Түйекұстың жүйріктігі сонша, ол ит, түлкі, қояндардан озып кетеді. Оның бір айлық 
балапанының өзі сағатына елу километр жылдамдықпен жүгіреді. 
Түйекұстың етін жейді. Ал қанат, кауырсындары әсемдікке пайдаланылады. 
1. 
Түйекұс қандай жерді мекендейді? 
A) 
Орманды алқапты 
B) 
Егінді даланы 
C) 
Тоғай ішін 
D) 
Өзен жағасын 
E) 
Құмды даланы 
2. 
Түйеқұстың баска құстардан ерекшелігі 
A) 
Түсі қара 
B) 
Мамығы пайдалы 
C) 
Еті пайдалы 
D) 
Қауырсындары ақшыл 
E) 
Ең жүйрігі 
 


87474320427 186 
2-мәтін 
Арқар - қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі 125 сантиметрге, 
салмағы 200 килограмға дейін жетеді. Жазда арқасы мен бүйірі қоңыр, бауыр жағы ақшыл түсті 
келеді. Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз болады. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген
айшыкты, аналығынікі нәзік, өте қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап 
жасын анықтайды. 
Арқар негізінен Орта және Орталық Азияның тауларын, Азияның оңтүстігіндегі тауларды 
мекендейді. Арқар - биік тауларда тіршілік етуге бейім, аязға өте төзімді жануар. 
Арқар көбінесе үйір-үйірімен жүреді. Көбіне, көгалды шоқылардың арасындағы далалы өңірде 
жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем мен жазда таудың субальпілік белдеуіне 
қарай ауысады. Бұл мезгілде олар 10-15-тен топтанып жүреді. Тек жазда көбею кезінде бөліне 
бастайды, көбіне егіз туады. Арқарлардын басты жауы — қасқыр мен барыс. 
Арқар дәмді ет, сапалы тері беретін аң болып саналады. Алайда саны жылдан-жылға азайып 
барады. Сондықтан қазір оны аулауға тыйым салынған. Қазақстан Ғылым академиясының бір топ 
ғалымдары арқарды меринос қойымен будандастыру арқылы қазақтың асыл тұқымды арқар-меринос 
қойын шығарды. 
3. 
Қазақстан ғалымдары қандай ғылыми жаңалық ашты? 
A) 
Арқардың тіршілік ету ортасын айқындады 
B) 
Арқар терісінің сапалылығын дәлелдеді 
C) 
Арқардын мүйізіне қарап жасын анықтады 
D) 
Арқардан төрт түлік түрін шығарды 
E) 
Арқардың төлдеу ерекшелігін көрсетті 
4. 
Арқардың негізгі жауы нелер? 
A) 
Шөп қоректілер 
B) 
Жыртқыш кұстар 
C) 
Үй жануарлары 
Е)Жыртқыш аңдар 
Е) 
Жұптұяқтылар 
5. 
Неліктен арқарды аулауға тыйым салынған? 
A) 
Саны жылдан-жылға азайып бара жатқандықтан 
B) 
Мүйізі үлкен болғандықтан 
C) 
Егіз төл беретіндіктен 
D) 
Сирек төлдейтіндіктен 
E) 
Меринос қойымен будандастыратын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет