1185-нұсқа
1-мәтін
Киіз үйдің түрлері мен құрылысы
Киіз үйдің құрылысы мен жасалу жолдарына, этнографиялық ерекшеліктеріне жеке тоқталайық.
Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді
болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақ үйлері пайдалануына, сән-салтанатына
қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы: қара үй (3 қанат), қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй
(6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ шаңқан (18 қанат), алтын үздік (24 қанат),
алтын орда (30 қанат) деп аталатын түрлері бар. Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға
немесе шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген үй түрлері болады. Олар қос, абылайша, күрке, кепе,
итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады.
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді:
1. Төр – бұл үйдің жоғары әрі қымбат орны. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Жас
келіндер бұл жерді баса бермейді.
2. Сол жақ – (кіргенде оң жақ) үй иесінің отыратын жане жататын орны. Босаға жақта азық-
түлік, ыдыс-аяқ тұрады. Оны шимен жауып қояды.
3. Оң жақ – (кіогенде сол жақ) мұнда балалары орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрман, киім
ілінеді.
4. От орны – қасиетті орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.
1. Ең үлкен киіз үй
A) Ақ шаңқан
B) Ақ ала орда
C) Алтын үздік
D) Ақ орда
E) Алтын орда
2. Киіз үйдегі киелі орын
A) Ер тұрман, киім ілінетін орын
B) От жағылып, қазан асылатын орын
C) Үй иесінің жататын орын
D) Қонақтар орналасатын орын
E) Азық-түлік, ыдыс-аяқ тұратын орын
2-мәтін
Ұрпақ заманынан озбаса...
Мұрат үнемі әкесінен нені болса, соны сұрайтын. Әкесі де оған өте ыждағатпен жауап беретін.
Бірде ол әкесінен:
– Әке, неге осы ат жүргенде алдыңғы аяқтары басқан ізінен артқы аяқтарының басқан ізі асып
түседі? – деп сұрады. Әкесі:
– Балам, ол солай. Алдыңғы аяқтары басқан ізден артқы аяқтары басқан ізі озып түсіп отыратын
қасиет тек жүйрік, бәйге аттарында ғана болады. Оны сен аңғарған екенсің, демек, сенен де бір
ақылды адам шығар. Ол тағы: Бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз озатынының да белгісі, –
деді.
Бала:
– Бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз оза ма? Неге? – деп сұрады әкеінен. Әкесі:
– Иә, балам. Мәселен, құлақ туа бітеді. Ал мүйіз болса малдың төлі туғанда болмайды. Кейін;
үлкейе келе, біртіндеп өсе келе құлақтан да озып, ұзарып кетеді. Өзің қарашы, ана ала тайыншаның
туғанда мүйізі бар ма еді? Жоқ болатын. Ал құлағы ше? Құлағы бар болатын. Бір айдан кейін мүйіз
шыға бастады. Келер жылы мүйізі құлағынан әлдеқайда үзын болып өседі. Сен ақылдысың. Демек,
Ақбақайдың артқы аяғы алдыңғы аяғынан озып түскеніндей, ала тайыншаның туғанда жоқ мүйізінің
туғанда бар құлағынан асқанындай, сен де үлкейгенде қатарыңнан озасың, балам. Олай етпесең,
сенің менен туған ұрпақ болғаның қане? Ұрпақ заманынан озбаса, қатарынан озбағаны да. Мен сенің
менен озғаныңды қалаймын, – деді әкесі.
3. Әкесі неге риза болды?
A) Баласының аттың сырын білетіндігіне
B) Баласының білімпаздығына
C) Айтқан сөзін баласы жерге тастамағанына
D) Жақсы мысал табылғанына
E) Баласына орынды ақыл айтқанына
4. Мәтіндегі әкенің соңғы сөзіне қатысты мақал
A) Талайлымен таласпа.
B) Жақсы бала – әкеге құт.
C) Күш атасын танымас.
D) Тілі тәтті – көңілі қатты.
E) Шешінген судан тайынбас.
5.Баланың әкесіне атысты сипаттама
A) Сабырлы
B) Сымбатты
C) Көңілді
D) Адал
E) Еңбекқор
6. Әкесінің «Ұрпақ заманынан озбаса, қатарынан озбағаны да. Мен сенің менен озғаныңды
қалаймын» деген сөзінің мағынасы
A) Ақылы жасына сай болсын дегені.
B) Өнер, білім таңдауда абай бол дегені.
87474320427
30
C) Қатарынан қалмай өссін дегені
D) Дене бітімі әкесінен ірі болсын дегені.
E) Барлық қырынан әкесінен де жақсы болып өссін дегені.
Достарыңызбен бөлісу: |