Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау


-мэтін  Қарт пен тапқыр жігіт



Pdf көрінісі
бет69/185
Дата16.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498823
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   185
null

4-мэтін 
Қарт пен тапқыр жігіт 
Бір күні бір қарт адам шаһарға барып, қайтып келе жатса оны бір жас жігіт қуып жетеді. Ол келе 
жатып: 
- Ата, жолды қыскдртайық,- дейді. 
Қарт: 


87474320427 
76
- Жол калай қысқарады?- дейді. 
Жігіт: 
- Жолдың қысқаруы оңай, екеуіміз бірімізді-біріміз, кезек-кезек арқаласақ болғаны, - дейді. Шал 
ішінен: 
- Япырым-ай, мынау бір кесапатты адам болмаса игі еді? Мені қалай арқалайды? Өзін калай 
арқаламақшымын?- деп ойлап, жауап қайырмайды. 
Мұнан кейін жігіт те үндемей келе жатады да, пісіп тұрған егінді көріп: 
- Ата, мына егін сіздің елдікі ме? - дейді. Қарт: 
- Иә, - дейді. Жігіт: 
- Олай болганда, бұл желініп қойған егін бе, желінбеген егін бе?- дейді. 
Қарт тағы да бетіне бажырайып қарап қояды да: «Япырым-ай, мынаның 
бір сөзінен бір сөзі сорақы болды-ау! Бұл не айтқаны?» - ден ойлайды. 
Жолда бір елге кездеседі. Бұп елдің адамдары дүниеден өткен кісіні жерлеуге апара жатыр екен. 
Жігіт: 
- Ата, мына кісі өлген бе, өлмеген бе? - деп сұрайды. Қарт шыдай алмай: 
- Өлмесе жерлемейді ғой! - деп жігіттің бетін қайырып тастайды. Жігіт үндемейді. Олар қабірге 
бірге барады. Шыққаннан кейін: 
- Ата, әлгі кісі өлмеген екен, - дейді. «Я, қүдай, жерленген адам калай тірі болады?»,- дейді қарт 
ішінен. 
Күн кеш болады, екеуі қарттың үйіне келеді. Қонағын уйіне кіргізеді де, қызын шақырып алып: 
- Шырағым, үйге бір жігіт келді, мейман ет! Бірақ сүйкімсіз мінезі бар. Сөзінде кесапаты зор адам, 
- дейді. Қыз қонақпен сөйлесіп көрсе, сөзі магыналы екен. Қыз: «Япыр-ау, әкемнің айтқаны осы кісі 
ма екен?» - деген ой.мен әкесіне келеді де: 
- Әке, сізбен неше кісі келді? - дейді. 
Әкесі: 
- Жалғыз, - дейді. 
Қыз: 
- Онда сөзінде кесапаты зор деген адамыңыз осы болса, мұнан қандай кесапат көрдініз? - дейді. 
Қарт: 
- Ойбай-ау, оның сөйлеген сөзінде кесапатсыз бір сөз жоқ. Әуелі ол: «Жол кысқартайық», - деді. 
Мен: «Жол калай қысқарады?» - деп едім. Ол: «Бірімізді-біріміз кезек арқалап отырайық», - деді. 
Мұнысы былай тұрсын. Орылмаған егінді көріп: «Ата, мына егін желініп қойган ба, желінбеген бе?» - 
деп сұрады. «Орылмай тұрған егінді кім жеп қояды?» - дедім мен. Бұл 
мұнымен тұрсын. Бір ауылдан қаза тапқан кісіні көріп: «Ата, мына кісі өлген бе, өлмеген бе?» - дейді. 
Онан шығып келе жатыр едік: «Ата, жанагы адам өлмеген екен», - деді. Міне, мен оның осындай төрт 
кесапатты сөзін естідім, - дейді. 
Сонда қыз тұрып: 
- Әке, бұл сөздер зор магыналы сөздер ғой. Сіз оның айткан сөзіне түсінбеген екснсіз. Онын 
бірінші айтқаны. «Кезекпе-кезек әңгіме айтып отырайық, жол қысқарсын»,--дегені. Екіншісі: «Егін 
байдікі ме, кедейдікі ме?» - дегені. Байдікі болса - өз көлігімен, кісі жалдап жыртып, өз тұқымын 
себеді, өнімін ертен өзі алады, желінбеген болып саналады. Кедейдікі болса, ол сорлы тұқымды 
несиеге сатып алады, жерді көлік жалдап жыртады, түскен өнімі борыштан аспайды. Сондықтан ол 
шикідей жеп қойғанмен бірдей болады. Үшіншісі: «Баласы бар ма?» - дегені. Балаларын көрген ол: 
«Өлмеген адам екен»,- дегенді айтқан. Сіз ол жұмбагын шеше алмаған екенсіз, - деген соң, карт 
қателігін мойындап. жігіттің қолын алып: 
- Мен сенін айтқан сездеріңе түсіне алмай. ішімнен саган қатты ренжіп едім. Олай емес. сен 
ақылды жігіт екенсің, - ден, қызын соған беріпті. 
13. «Ащы еңбекке - тұщы нан» деген мақал мазмұнымен сәйкес келетін жас жігіттің «кесапатты сөзі» 
A) Үшінші «кесапатты сез» 
B) Төртінші «кесапатты сөз» 
С) Екінші «кесапатты сөз» 
D) Барлық «кесапатты соз» 
Е) Бірінші «кесапатты сөз» 
14. Мәтін бойынша жігіттін «жол қысқартайық» деген сөзінің мағынасы 
А) Тынығып, демалу 
В) Бір-бірімен әңгімелесу 
C) Бір-бірін қонақ ету
Д) Бір-бірін арқалау
Е) Қасқа жолмен жүру 
15. Жігіт айтқан «кесапатты торт сездің» төртіншісінің мазмұнын анықтайтын мақал 
A) Ескі дос келгенде, жана достың көзінен жас шыгады
В) Бала - артта қалган із, Бақыт - ұзатылған қыз 
С) Жарлынын аузы аққа тисе, мұрыны канайды
D) Қонақ қойдан да жуас, май берсе де жей береді
Е) Үйіңе келгенде, үндей өкпеңді айтпа 
16 Мәтіндегі жігіт пен карияның іс-әрекетіне қатысты нұска
А) Жолаушыны жол сынайды 
B) Жер тозса - тақыр, ер тозса - пақыр 
C) Көңілсіз жұмыс - өнімсіз 
Д) Қысқа жіп күрмеуге келмейді
Е) Сабакты ине сәтімен 
17. Жігіттің «Өлмеген адам екен» деген сөзінің мәні 
A) Туысы жоқ адам екен 
B) Жора-жолдасы көп адам екен
С) Баласы жоқ адам екен
Д) Артында тұяқ калган адам 
Е) Ауылдастары көп екен 


87474320427 
77
18. Байдың егініне сипаттама 
А) Көлікті жалға алып жыртатын егін
В) Желінбеген егін 
C) Тұқымы карызға алынған егін
Д) Борышты етеуге берілетін егін
Е) Жалға алған жерге егілетін егін 
19. Қарияның «жігіттің сүйкімсіз мінезі бар» деуінің себебі 
А) Жас жігіт болғандықтан 
В) Жігітті жақтырмағандықтан 
С) Әңгімесін түсінбегендіктен
Д) Қонақ қылғысы келмегендіктен
Е) Қызын сақтандырғандықтан 
20. Қарияның жігіт туралы ойын өзгерткен жағдай 
A) Шаһар жолының ұзақтығы 
B) Қазақтың қонақжайлылығы
C) Қызының ақылдылығы
D) Жігіттің көңілділігі
Е) Қызының өтініші 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет