Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау



Pdf көрінісі
бет169/185
Дата16.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498823
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   185
null

2324-нұсқа. 
1-мәтін 
Қауын - ыстыкқа төзімді, жарықсүйгіш, шөлге шыдамды, біржылдык өсімдік. Қауын 25-30°С 
температурада жақсы өседі. Қауынның кұрамында қант. А, Р, C дәрумендері, аскорбин қышқылдары, 
темірдің минералды тұздары, калий, натрий және фруктоза, сахароза, глюкоза кѳміртектері бар. 
Дәрумендер мен қант құрамы бойынша қауын тіпті қарбыздан да асып кетеді. Жаздың ыстық күндері 
шөлді жақсы басады. 
Қазакстанда кауынның 22 аудандастырылған түрі егіледі. Жемістері қайта өңделген күйде кеңінен 
қолданылады. Қауыннан бал, цукаттар, тосап, мармелад дайындайды. Оларды кептіреді және 
қақтайды. Қақталған кауындарды «қауынқақ» деп атайды, олар ұзак уақыт бойы сақталады. 
Дәндерінен жоғары сапалы тағамдық май өндіреді. 
1. 
Бірінші азатжолда не туралы айтылған? 
A) 
Қауынның адам денсаулығына пайдасы туралы
B) 
Қауыннан жасалатын тағамдар туралы 
C) 
Қауынды баптау туралы 
D) 
Қауынның адам денсаулығына зияны туралы 
E) 
Қауынның түрлері туралы 
2. 
Қауын дәнінен не дайындалады? 
A) 
Түрлі дәрумендер 
B) 
Қант түрлері 
C) 
Тәтті өнімдері 
D) 
Май өнімдері
E) 
Қауынқақтар 
2-мәтін 
1. 
«Көптік -құдіреттіліктің бір белгісі» дегенді айтқан қазақ қандай шаруаға болса да жұмыла 
қимылдаудың артықшылығын пайымдаған. Сондай істері арқылы бауырмалдығын, 
ынтымағын, бір-біріне ізет-кұрметін танытып отырған. Ел ішіндегі күш-қайраты жоқ, жалғыз 
ілікті қарт адамдарға қамқорлык жасау арнайы ұйымдастырылады. Кеудесінде жаны бар қазақ
қанша қалжыраған халге түссе де, ары мен намысын жоғары ұстайды. «Жаным - арымның 
садағасы» дейтіні содан. Қандай қамкорлык жасалса да, ол сол адамның намысына тимеуі 
керек. Барлық шара сол негізге құрылады. Сондай шараның бір түрі - асар. Жалғыз басты қарт 
адамдардың бітпей жатқан жұмысына ауылдың жігіт-желеңдері жабыла қолкабыс беріп, тез 
тындырып тастау әдісін қазақтар «асар» деп атайды. Мұньң өмірлік, коғамдық және әлеуметгік 
мәні бар. Жұмыс күші кем, ісі бітпей жатқан адамдар осы шараның арқасында шаруасын 
тындырып алады. 
2. 
Асардың да ел қолдаған жөн-жосығы бар. Кез келген кісі асар салмайды. Ел назарын аударған, 
жұрт колдаған сипаты сақталады. Күші мығым, қайратты жігіттердің құрбы-кұрдастарын 
жәрдемдесуге шақыруы асарга жатпайды. Асарды үйінде қайратты кісісі жоқ не наукасқа 
шалдығып қалған, шаруасының науқаны өтіп бара жаткан адамдар жасайды. Ағайын- жүрты 
мүны қостайды. Сөйтсе де асар салушы жиналған қауымды қанағаттандыратындай дәрежеде 
дайындалады. Жұмыс істеушілердің қажетіне керектіні толық әзірлейді. 
3. 
Acap - қазақ арасында біріне-бірі көмек көрсететін ымыралы салт. Ағайынын разы ету үшін 
қандай қиыңдык болса да көптің біріккен күшімен қатар тұрып жеңудің амалы, нақты шара.
3. Мәтін бойынша асар сала алмайтын адамдар 
A) 
Үйінде қайратты адамы жоқ, балалы-шағалы әйелдер 
B) 
Күші мығым, қайратты жандар
C) 
Жалғыз басты қарт адамдар 
D) 
Үйінде ер адамы жоқ қауқарсыз жандар 
E) 
Шаруасының науқаны өтіп бара жатқан қауқарсыз адамдар 
4. Мәтінде қозғалатын мәселе 
A) 
Туысқандық 
B) 
Шыдамдылык 
C) 
Аяушылық 
D) 
Жолдастық 
E) 
Қамқорлык
5. 
Асты сызылған сөзге балама бола алатын нұсқа 
A) 
Ақылы көмек беру 
B) 
Жоспарлы көмек беру 
C) 
Тіл табысу 


87474320427 174 
D) 
Бірлесіп көмек беру
E) 
Келісімге келу 
6. 
Берілген мақал-мәтелдердің кайсысы мәтіннің 1-бөлімінің мағынасын ашып тұр? 
A) 
Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды. 
B) 
Барымен базар, жоқты қайдан табар? 
C) 
Көп түкірсе - көл. 
D) 
Қайраты жоқ кісінің берекеті жок ісінің.
Е)Жаман бұзар, жақсы түзер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет