Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау



Pdf көрінісі
бет26/185
Дата16.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498823
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   185
null

1160-нұсқа 
1-мәтін 
I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы ішіндегі 
әсерлі де әсем дауыстары жез қоңыраудай шіңгір-шіңгір кісінеген жас құлындар қарақұрақ бола 
бастағанда, оларға түбіт араласқан жұмсақ жүннен есіліп жасалған ноқталар салынып, тиектер 
орнатылып, ұзақ тартылған желілерге үзбелі күміс түймелердей қазқатар тізіліп байланады. Мұнда 
жүздеген құлын ноқталанып, бие сауылады. Биені сауушы, сауғызушы болып, 2-ден 20-30 адамға 
дейін болады. 
II.Қазақ ауылы алғаш бие байлаған кезде, төңірік басын шақырып, кейде мал сойып немесе қыстан 
қалған сүрлермен тағы басқа да жылы-жұмсақтарын дайындап, ауыл адамдарының басын қосып
«бие бау», «желі байлар», «қымызмұрындық» тойын өткізеді. Бұл кезде желі қазыққа, айғырдың 
сауырына май жағып, жақсы тілек білдіріп, мәре-сәре болып, думандатып, бие сауынын бастайды. 
1.Бие байларда қандай ырым жасалады? 
А)«ымызмұрындық» тойын өткізеді. 
В)Желі қазыққа, айғырдың сауырына май 
жағылады. 
С)Жұмсақ жүннен ноқта жасалады. 
Д)Қыстан қалған сүрді пісірді. 
Е)Желіге құлын байланады. 
2.Мәтіннің бірінші бөліміне лайықты тақырып 
А)Жүннен есілген ноқталар 
В)Ноқталанған құлындар 
С)Жас құлындар 
Д)Бие байлау 
Е)Тартылған желілер 
2-мәтін 
Ғылым артық па, әлде мал артық па? 
Бір топ адам бірде Әзірет Әлі шешенге келіп: «Бір сұрақ берейік, егер шын саңлақ болсаң, он түрлі 
жауап тауып сөйле», - дейді. Сонымен жаңағылар Әзірет Әлі шешенге: 
-Ғылым артық па, әлде мал артық па?- деп оқыстан сұрақ қойыпты. 
Сол мезетте шешен: 
-Біріншіден, ғылым артық. Өйткені ғылым – әулие-әнбиелердің мирасы; ал мал - перғауын мен 
Қарынбайдың мирасы. Екіншіден, ғылым сені сақтайды, ал малды сен сақтайсың. Үшіншіден, 
ғылымның досы көп, ал малдың дұшпаны көп. Төртіншіден, ғылымды жұмсасаң, арта береді,малды 
жұмсасаң, азая береді. Бесіншіден, ғылым саған құрметті атақ береді, ал мал сараң деген атақ береді. 
Алтыншыдан, ғылым өзін-өзі сақтайды, ал малды үнемі бағып, қағу керек. Жетіншіден, ғылым 
қиямет күні иесіне шапағатын қылғызады, ал мал иесіне қисапсыз жауап бергізеді. Сегізіншіден, 
ғылым тозбайды, жоғалмайды. Ал мал болса, қолдың кірі, өледі, жоғалады. Тоғызыншы, ғылым 
көңілді нұрландырады, адамға ақыл-ой қосады, ал мал масаттандырады, болған үстіне бола берсе 
екен деп дүниеқоңыз етеді. Оныншыдан, ғылым құдайға зәһәт, таупиық, ғибадат қылады, ал мал өз 
иесінің көңіліне тәкаппарлық салады,- деп тапқырлық танытыпты.
3.Ғылымның дүниеден артықшылығы
А)Адамды масаттандырады. 
В)Досың санаулы ғана юолады. 
С)Мінезін нашар жаққа өзгереді. 
Д)Адамның тынышын алады. 
Е)Адамға ақыл-ой қосады. 
4.Әзірет Әлі шешеннің сөзін ұтымды етіп тұрған тәсіл. 
А)Жырлап айту 
В)Жобалап айту 
С)Баяндап айту 
Д)Салыстырып айту 
Е)Суреттеп айту 
5.Ғылымның адамға құрмет әкелетіні шешеннің нешінші жауабында айтылған? 
А)Төртінші 
В)Жетінші 
С)Үшінші 
Д)Бесінші 
Е)Алтыншы 
6.Мәтін мазмұнына сай мақал 
А)Мал көтерер өлімді, 
Дос көтерер көңілді 
В)Мың малың боланша, 
Бір балаң ғалым болсын. 
С)Атаң не қылсаң, 
Алдыңа сол келер 
Д)Киім кірі жуса кетеді, 
Көңіл кірі айтса кетеді. 
Е)Аңқау бөрі қой үркітеді 
Ақылсыз адам ел үркітеді 
3-мәтін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет