Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау



Pdf көрінісі
бет49/185
Дата16.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498823
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   185
null

4- мәтін 


87474320427 
54
Ұлыстың Ұлы күні һәм Наурызды қалай тойлаған орынды 
I. 
Қазақтың ежелден тойлап келе жатқан мерекесі - Наурыз. Наурызды еліміз Ұлыстың ұлы күні деп 
білген. Ұлыстың өзі мемлекет дегенді білдіретінін ескерсек, Ұлыстың Ұлы күні - мемлекеттің ұлы 
мерекесі деген сөз. Наурыз - Қазақстандағы ең басты мемлекеггік мейрам болуы шарт. Расында, 
Тәуелсіздік алғаннан бері Ұлыс мейрамына ерекше мән беріле бастады. Мемлекеттік деңгейде 
тойлануы үшін үш күндік демалыс мәртебесі берілді. 
II. Ал 2009 жылдың 30 қыркүйегінде ЮНЕСКО Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес 
мәдени мұралар тізіміне енгізді. 2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Үлттар Үйымы Бас 
Ассамблеясының 64-қарарына сәйкес, 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» ретінде аталып келеді. 
Бас Ассамблея өзінің берген түсініктемесінде «Наурызды көктем мерекесі ретіңде 3000 жылдан бері 
Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Гаяу Шығыста 300 миллион адам 
тойлап келе жатқандығын» мәлімдеген болатын. 
III. Наурыздың қазақтың дәстүр-салтын есіне түсіретін этнографиялық тойына айналып кеткені де 
рас. Әркім өзінің есінде қалғанын, білген дәстүрін істеп жүр. Біреулер келін түсіру ырымын жасайды, 
біреулер баланың түсаукесерін өткізеді деген сияқты. Наурыз жаңа жылдың басы, бірнеше мың 
жылдық тарихы бар қасиетгі мейрам есебінде тойланбай келеді. Менің ойымша, Наурыз біздің ұлттық 
жаңғыруымыздың, ұлттық құндылықтарымызға деген көзқарасымыздың, ұлтжандылығымыздың 
көрсеткіші. 
IV. Егер қазақтың байырғы дәстүрлеріне келсек, Мәшһүр Жүсіп шежіресінде қызықты деректер бар 
екенін айтқан жөн. «Наурыздың келген сәтін жандыда балық біледі» дейді шежіреші. Наурызнама той 
қылатын жұрттың патшалары тірі балықты көп қылып ұстатып алып, бір керсен суға салып, көптің 
алдына қойдырады. Отырған көп әлеумет сол балықтарға көздерін тігіп қарап отырады. Бір мезгілде 
балық біткен бірі қалмай теп-тегіс шалқасынан жата қалады. Қарындары жарқырап, лезде балықтар 
аунаған жағынан екінші жағына қарай аунап түседі. Сонан соң патшалар барабан соқтырады: «Ескі 
жыл шықты, жаңа жыл келді!» дегені бұл. «Жаңа жыл тойы!» - деп, сегіз күн ұдайымен қол астына 
қараған жұртқа той, тамаша береді. Қазақтың «Наурыздың келгенін жандыда балық біледі, жансызда 
Самарқанның көк тасы біледі» деген сөзінің шешімі осы. «Самарқанның көк тасы» Мәуреннахр 
өлкесінде хан тағына иелік жасаймын деген патшаларды ақ киізбен көтергеннен кейін, әдейілеп алып 
келіп отырғызатын қасиетті тас. Қазақтың хандарының ішінен бұл тасқа Тәуекел отырған. Наурыз 
туғанда хандар мен сұлтандар тұтқындарға кешірім жасайды, зынданда отырғандарды босатады, 
құлдар азаттық алады, сол себепті «Самарқанның көк тасы жібіді» делінеді.
V. Ертеде Әзірет Сұлтан мешіті ішіндегі құжыраларды мекен қылған қаптаған дуаналар әлем-жәлем 
киініп, аса таяқтарын салдыратып тойдың қызығына олар да қосылған, Нағыз карнавал деуге келеді. 
Қызық думан кезінде жастар қазақтың мүшел деген он екі жылдық есебіне сәйкес кеб киіп шығады. 
«Кеб» қазіргі бет перде деп жүргеніміз, яғни бет-жүзін жасырып киіп алатын жасанды түр. Қозы 
Көрпештің Баян сұлу ауылына келгенде Тазшаның кебін киетінін есіңізге алыңыз. «Маска-шоудың» 
орнына бәріміз он екі мүшелдің бейнесінен костюм жасап, кеб киіп «Наурыз-шоу» неге өткізбеске?! 
Наурыз келгенде он екі жылға ие болған жануардың біреуі таққа мінеді, біреуі тақтан түседі, өзгелері 
де орнынан бір-бір саты жылжиды. Наурыз тойында шығырды алып келіп алаңның ортасына орнатып 
он екі жылға ие болған жануарлардың кеб-маскасын киген адамдардың бәрін сол шығырға 
отырғызады. Әрине, той мереке өзінен өзі басталып, әнші- күйшілер ортаға шығып жаз бен қыстың 
айтыстарын жасайды, бишілер тойды қыздырып жатады. 
VI. Наурызда арнайы наурызнама жасап құрбы-құрдас, сырлас азаматтар бір-бірінің ауылына, 
барады. Наурызнама жасап арнайы келген адамға деген құрмет шексіз болады. Дәулеті жеткендері 
«тоғыз» деп тоғыз мал байлайды, орта шаруалар ат мінгізіп, шапан кигізіп жатады. Әйтеуір 
наурызнама жасап келген адам құр қол қайтпау керек, жоқ дегенде бір көйлектік деп мата береді. 
VII. Қазақ - қызықшыл халық. Наурыз мейрамы күндері туыс-туған көрісіп жатады. Даланың бала 
сияқты аңғалақ халқы әр әдемі қимыл, әр маңызды сөзге бола той-мереке жасайды. Осының бәрі елді 
көңілдендіріп, бәрі де мәз-мейрам, қыстың ызғары той мерекемен естен шығады, қыстың шығыны, 
қиындығы ұмытылады. Наурыз мейрамы да осы үшін керек. 
13. Мәтінде жауабы жоқ нұсқаны табыңыз 
A) ЮНЕСКО Наурыз мейрамын материалдық емес, мәдени мұралар 
тізіміне қашан енгізді? 
B) Қазақ хандарынан қасиетті Самарқанның көк тасына кім отырған? 
C) Наурыз мерекесінде үлкен кісілер қандай бата берген? 
D) «Самарқанның көк тасы жібіді» деген ұғымның мағынасы қандай? 
E) Мәшһүр Жүсіптің шежіресінде қандай қызықты деректер айтылған? 
14. Қазақстанда «Наурыз» мерекесі 
A) Халықаралық мереке B) 
Мемлекеттік мереке 
C) Діни мереке D) 
Салт-дәстүрлік мереке E) Ұлттық мереке 
15. Мәтіндегі лиро-эпос жырларының бірімен байланысты қолданылған сөз 
A) құжыра 
B) тоғыз 
C) балық 
D) керсен 
E) кеб 
16. Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз 
A) Наурыз мейрамы «Халықаралық Наурыз күні» ретінде қашаннан бері тойланып келеді? 


87474320427 
55
B) Қазақ халқының Наурыз мерекесінде бозбала бойжеткенге не сыйлаған? 
C) Наурыз айында ең бірінші ұшып келетін құсты қалай атаймыз? 
D) Неліктен наурыз мейрамын «Әз Наурыз» деп атаймыз? 
E) Мерекеде пісірілетін наурызкөже қалай дайындалатын болған? 
17. Бас БҰ Ассамблея түсініктемесінде кездеспейтін атау 
A) Қара теңіз B) Балқан түбегі C) Батыс Еуропа D) 
Орта Азия 
E) Таяу Шығыс 
18. Мәтін бойынша «Самарқанның көк тасы жібіді» сөзінің мағынасы 
A) Жүрек жібіп, мейірімділік таныту. B)Хан, патшаларды ақ киізбен көтеру. 
C) Күн жылынып, қар еру. D) Жаңа жылдық басталуы. 
E) Мұз жібіп, балық аулау. 
19. М.Жүсіп Көпеев жазбалары бойынша Ұлыстың Ұлы күні неше күн тойланған? 
A) 5 
B) 8 
C) 10 
D) 40 
E) 3 


87474320427 
56
20. Мәтіннің бірінші бөлігіндегі Наурызға байланысты ұғым 
A) Халықаралық наурыз күні
B) Жаңа жыл тойы 
C) Наурызнама тойы
D) Ұлыстың ұлы күні 
E) Самарқанның көк тасы жібіген күн 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет