2-мәтін. Осыған дейін баспасөз беттерінде жарияланғандай, бұдан былай әрбір гастарбайтер мемлекетке жылына 44 мың 448 теңге салық төлейді. Ал, ҚР Салық кодексі еңбек мигранттарына жеке табыс салығын салу тәртібін реттейтін нормамен толығады. Яғни, елімізге уақытша жұмыс істеуге келген шетелдік азаматқа жеке сәйкестендіру нөмері беріліп, оны алу үшін шетелдік жұмыскер уақытша тұрып жатырған жеріндегі салық органына өтініш жазады. Шетелдік азамат рұқсатты бір айға алатын болса, ай сайын 3 мың 704 теңге төлем төлеуі қажет. Егер рұқсат беру бір жылға ұзартылса, бұл сома 44 мың 448 теңге болады. Жұмыс беруші ешқандай салық төлемейді, тек қарамағына еңбек етуге келетін шетелдік жұмысшымен еңбек келісім-шарттарын жасаса жеткілікті. Бұл норма елімізге визасыз тәртіппен келетін ТМД азаматтарына, оның ішінде заңсыз еңбек мигранттарының басым бөлігін құрап отырған Орта Азия өңірі елдеріне бағытталады. Алғашқы үш ай жұмыс істеген жеке тұлғалар мерзім өткен соң бір жылға рұқсат ала алады. Бір жылдан соң еңбекші өз еліне кері қайтарылуы тиіс. Бұл Заң негізінде елімізде заңсыз жүрген еңбек мигранттарының жұмысы заңдастырылып, оларға бақылау күшейіп, еңбек мигранттарының салығы есебінен бюджет түсімі артады деп күтілуде. Аталған салықтық норма енгізілгеннен кейін бюджетке жылына 10 миллиард теңге шамасында қаражат түседі деп жоспарлануда.Тағы бір айта кетер жайт, шет елдік жеке тұлғалармен келісім-шартқа отырған қазақстандық кәсіпорын, заңды тұлғалар да заң бұзылған жағдайда жауапкершілікке тартылады.Елбасы қол қойған бұл Заң ақпан айынан бастап өз күшіне енбек. Заң еңбек көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге бағытталған.
6.ҚР Салық кодексіне енгізілген өзгертулер
А) еңбек көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру
В) еңбек мигранттарына жеке табыс салығын салу
С) заңсыз жүрген еңбек мигранттарының жұмысы заңдастыру
Д) еңбек мигранттарының салығы есебінен бюджет түсімі арттыру
Е) еңбек етуге келетін шетелдік жұмысшымен еңбек келісім-шарттарын жасау
7.Шет елдік жеке тұлғалармен келісім-шартқа отырғандар (кімдер) заң бұзылған жағдайда жауапкершілікке тартылады
А) еңбек көші-қоны саласындағылар
В) қазақстандық кәсіпорын, заңды тұлғалар
С) мемлекеттік саяси қызметкерлер
Д) ТМД азаматтары
Е) уақытша жұмыс істеуге келгендер
8. Бұл Заң негізінде елімізде заңсыз жүрген еңбек мигранттарының жұмысы заңдастырылып, оларға бақылау күшейтіледі және
А) көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге бағытталады
В) шетелдік азаматқа жеке сәйкестендіру нөмері беріледі
С) заң бұзылған жағдайда жауапкершілікке тартылады
Д) еңбек мигранттарының салығы есебінен бюджет түсімі артады
Е) рұқсат беру бір жылға ұзартылады
9. Елімізге уақытша жұмыс істеуге келген шетелдік азаматқа жеке сәйкестендіру нөмері беріліп, оны алу үшін шетелдік жұмыскер уақытша тұрып жатырған жеріндегі салық органына не жазады
А) келісім шарт В) қолхат С) арыз Д) өтініш Е) сенімхат
10. Шетелдік азамат рұқсатты бір айға алатын болса, қанша төлем төлеуі қажет?
А) 3 мың 804 теңге
В) 10 миллиард теңге
С) 44 мың 448 теңге
Д) 3 мың 704 теңге
Е) 3 мың 701 теңге
Достарыңызбен бөлісу: |