Оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат


Пәндерді оқытуда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет29/78
Дата04.08.2023
өлшемі1.9 Mb.
#475959
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   78
ӘНХ - 2023-2024 оқу жылы ЖОБА

Пәндерді оқытуда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру 
бойынша ұсынымдар
Мектеп білім алушыларының ғылыми жаратылыстану сауаттылығының 
нәтижесін жақсарту және «Жаратылыстану» білім саласындағы пәндердің білім 
сапасын арттыру мақсатында күнделiктi өмiрде пайдалана білуге негізделген 
практикаға бағдарланған тапсырмаларды пайдалану ұсынылады. Бұл 
тапсырмаларды әзiрлеу және қолдану кезінде PISA, TIMSS халықаралық 
салыстырмалы зерттеулердiң тапсырмаларының жүйесіне негіздеу керек. Осы 
тұрғыда мұғалімдерге көмек ретінде «PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары 
негізінде білім алушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын 
дамыту», «PISA-2015 халықаралық зерттеуге дайындықты әдістемелік және 
ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» әдістемелік құралы әзірленіп, Академия 
сайтында орналастырылған (
https://uba.edu.kz
). Бұл әдістемелік құралда PISA, 
TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде білім алушылардың ғылыми 
жаратылыстану сауаттылығын дамыту бойынша әдістемелік ұсыныстар 
берілген.
Халықаралық зерттеудің талаптары бойынша білім алушылардың
- жаратылыстану құбылысындағы процестерге диаграммалар, сызбалар
жалпылама және талдау кестелерін жасай білу; 
- баяндау, сипаттау, салыстыру, графикті талдау, қорытынды жасау және 
жалпылама қорыту (жазбаша және ауызша); 
- есептердің шешімін сауатты ресімдеу;
- жүргізілген практикалық және зертханалық жұмыстардың кеңейтілген 
жазбаша есептерін, ауызша баяндамаларды дайындай білу;
- білім алушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, олардың 
пікірлерінің қисындылығы және дәлелдермен түйінделу т.б. дағдыларын 
қалыптастыру ұсынылады.
Пәндік, метапәндік және түйінді (жоғары сыныптарда) құзыреттерді 
дамыту бойынша ұсынымдар 
Зертханалық және практикалық жұмыстың көлемін орындау үшін 
ақпараттық және компьютерлік технологияларды (виртуалды жұмыс) 
пайдалану, білім алушылардың эксперименттік деректермен жұмыс істеу және 
қорытынды жасау қабілетіне назар аудару ұсынылады. 
Зерттеу қызметін ұйымдастыру және жүргізу, өңірлік және жергілікті 
аспектілерде қолданбалы маңызы бар жобаларды жазу, Қазақстанның 
жаратылыстану саласындағы ғылыми жетістіктерін зерделеу ұсынылады.


40 
Жергілікті сипаттағы материалдарды (объектілер, кәсіпорындар, ақпарат 
көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау қызметін ұйымдастыру арқылы 
білім алушыны танымдық және әлеуметтік тұрғыдан жандандыру ұсынылады. 
Техника, медицина, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және энергетиканың әртүрлі 
салаларындағы жетістіктер ғылыми идеяның дамуы мен ғылыми прогрестің 
жарқын мысалдары болып табылады. 
Мұғалімдер бастауыш сыныптарда «Жаратылыстану» пәнін оқытудың 
өзіндік ерекшеліктері бар екенін ескеруі керек:
- пән мазмұнындағы базалық білім жүйесі білім алушылардың қоршаған 
әлем туралы, атап айтқанда, әртүрлі денелер мен құбылыстар туралы бастапқы 
білімдерін қалыптастырады;
- пән білім алушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыруға 
бағытталған: сұрақтар қою және осы сұрақтарға жауап табу, зерттеу жоспарын 
әзірлеу және болжау, сұрақтарға жауап іздеу үшін зерттеулер жүргізу; зерттеу 
нәтижесінде алынған деректерді жалпылау, өңдеу және түсіндіру;
- зерттеу жұмыстары мен эксперименттер жүргізу арқылы тапсырманы өз 
бетінше іздеу және қорытындыларды дұрыс тұжырымдау дағдыларын 
қалыптастырады, баланың ойлау қабілеті мен ғылыммен айналысуға деген 
ұмтылысын дамытады; 
- білім алушылар сыни тұрғыдан ойлау формаларын меңгереді, шынайы 
жаңдайларда шешім табуды, сұрақтар қоюды, ғылыми-зерттеу жұмысының 
тәсілдерін түсінуді және бақылауды үйренеді. 
Жаратылыстану пәнін зерттеуде қолданылатын зерттеудің негізгі 
принциптері мен әдістерін меңгеру жас ұрпақтың дүниетанымын, ғылыми 
көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жаратылыстану саласындағы метапәндік және пәндік құзыреттілік - бұл 
бақылаулар мен эксперименттерге негізделген тұжырымдар жасау үшін ғылыми 
әдістер арқылы зерттеуге және шешуге болатын нақты жағдайларда мәселелерді 
шешу үшін жаратылыстану білімін пайдалану мүмкіндігі. Бұл тұжырымдар 
қоршаған әлемді және оған адамның іс-әрекеті енгізетін өзгерістерді түсіну және 
тиісті шешімдер қабылдау үшін қажет. 
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқытудың тереңдетілген 
деңгейіндегі оқу пәндері бойынша оқу бағдарламасын игерудің пәндік 
нәтижелері негізінен жалпы кәсіби білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқытудың тереңдетілген 
деңгейіндегі оқу пәндері бойынша оқу бағдарламасын игерудің күтілетін 
нәтижелері негізінен кәсіптік білім беруге даярлауға, базалық курста 
көзделгеннен неғұрлым терең жолымен білім алушылардың жеке қабілеттерін 
дамытуға, ғылым негіздерін, жүйелі білімді игеруге бағытталған.
Жаратылыстану бағыты пәндері бойынша метапәндік құзыреттіліктерді 
дамытуға талдау әдістері мен тәсілдері төменде келтірілген әдістер арқылы қол 
жеткізуге болады.
1. Оқыту әдістерінің әртүрлілігі: дәрістер, пікірталастар, зертханалық 
жұмыстар, жобалар, зерттеулер.


41 
2. Мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс істеу ғылыми мақалаларды оқу
ғылыми жұмыстардың мәтіндерін талдау, түйіндемелер мен аннотациялар жасау 
білім алушыларға мәтіндермен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, ақпарат алуға 
және әртүрлі көзқарастарды салыстыруға көмектеседі. 
3. Топтық жұмыс. Бұл бірлескен жобалар мен зерттеулер, пікірталастар 
жүргізу және топтағы жұмыс нәтижелерін талдау білімалушыларға 
коммуникативті дағдыларды дамытуға, ұжымда жұмыс істей білуге және 
мәселелерді шешуге көмектеседі. 
4. Білімді тәжірибемен ұштастыру: зертханалық жұмыстарды орындау, 
эксперименттер жүргізу, үлкен көлемде жұмыс істеу және білімалушылардың 
материалдарды пайдалануы, деректерді бақылау, талдау дағдыларын дамыту 
және ғылыми білімді практикада қолдану.
5. Заманауи технологияларды қолдану: деректерді талдау үшін 
компьютерлік бағдарламалармен жұмыс, деректерді өңдеу.
6. Өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын дамыту: өз жұмысын жоспарлау, 
басымдықтар мен мақсаттарды анықтау, жаңа тақырыптарды өз бетінше зерттеу 
өзін-өзі ұйымдастыру және уақытты басқару дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқытудың тереңдетілген 
деңгейіндегі оқу пәндері бойынша оқу бағдарламасын игерудің пәндік 
нәтижелері негізінен жалпы білім беру және жалпы мәдени даярлықты 
қамтамасыз етуге бағытталған. 
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқытудың тереңдетілген 
деңгейіндегі оқу пәндері бойынша оқу бағдарламасын игерудің күтілетін 
нәтижелері негізінен кейінгі кәсіптік білім беруге даярлауға, базалық курста 
көзделгеннен неғұрлым тереңірек жолымен білім алушылардың жеке 
қабілеттерін дамытуға, ғылым негіздерін, жүйелі білімді игеруге бағытталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет