Оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат


Сынып жетекшілер Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы №18



Pdf көрінісі
бет13/78
Дата04.08.2023
өлшемі1.9 Mb.
#475959
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   78
ӘНХ - 2023-2024 оқу жылы ЖОБА

Сынып жетекшілер Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы №18 
бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережесін 
негізге алады. 


19 
«Тоғыз айға 9 іс-шара» білім беру ұйымдарының тәрбие ісіндегі жаңа 
бастамалардың туындауына себепші болады.
 
Білім күнінде өткізілетін шаралар 
1-қыркүйекте білім күні салтанатты жиын және сынып сағаттары 
ұйымдастырылады. Өткізу форматын білім беру ұйымдары дербес анықтайды.
2023-2024 оқу жылының басталуында өткізілетін сынып сағаттары 
аясында мұғалімдерге білімге деген ұмтылыс, отаншылдық және еңбекқорлық, 
сондай-ақ жаңа оқу жылында қазақ халқының ұлттық құндылықтарын 
қалыптастыру мен дамыту туралы бірлескен талқылау ұйымдастыруға, достық 
қарым-қатынастың, 
жауапкершілік 
пен 
бір-біріне 
деген 
құрметтің 
маңыздылығын ашуға кеңес беріледі. 
Өңірлік білім басқармалары әр 2023-2024 оқу жылын жариялайтын іс-
шараның жоғары идеялық-құндылықтық мазмұнын қамтамасыз ету мақсатында 
қажетті іс-қимылдарды үйлестіреді. 
Білім беру ұйымдары оған бүкіл мектеп қоғамдастығының қатысуын 
қамтамасыз етеді. 
Салтанатты жиын және алғашқы сынып сағаты бұл мектепте жаңа оқу 
жылының ашылуына арналған әрі білім берудің адам өміріндегі маңызы мен 
рөлін айқындайтын іс-шаралар болып табылады. 
Салтанатты жиынды өткізу түрін, қатысушылар құрамын білім беру 
ұйымдары дербес айқындайды. 
Мемлекеттік туды алып шығу және гимнді орындау Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібіне сәйкес 
жүргізіледі. 
Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы 
қарсаңында білім алушылардың оқуға құштарлығын ояту, білім алуға жағымды 
көңіл-күй мен оң көзқарас қалыптастыру. 
Міндеттері: 
- қатысушыларды өткен оқу жылының жетістіктерінен хабардар ету; 
- білім алушылардың бойында оқуға құштарлық пен білім алуға деген 
ұмтылысын қалыптастыру; 
- білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана 
құндылықтарын дарыту; 
- өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін 
қалыптастыру. 
Салтанатты жиынға келесі өкілдердің қатысуы ұсынылады: 
- аудан/қала/облыс әкімдері; 
- бөлімдердің/білім басқармаларының басшылары; 
- қамқоршылық кеңесінің мүшесі; 
- мектеп оқушыларының ата-анасы/заңды өкілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет