Оқу түрі: күндізгі Курс: 3 кредит саны: 2 Лекциялар 15 сағат СӨЖ 30 сағат обсөЖ 30 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Барлық сағат саны



бет2/8
Дата17.06.2016
өлшемі0.7 Mb.
#141737
1   2   3   4   5   6   7   8

«Химия және биология» факультеті

«Биология» кафедрасы.

“Ихтиология” пәні бойынша 050113 «Биология» мамандықтарының

студенттері үшін.
ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ.

Жетісай 2007ж.



9. Лекция сабақтары

1 - лекция
Тақырып Ихтиология пәнін оқытудағы мақсаттары, міндеттері.

Даму тарихы.

(1 сағат)

Жоспар


1. Ихтиология ғылымын оқытудағы мақсаты мен міндеттері.

2 . Даму тарихы.

3 . Ихтиология ғылымының Қазақстанда дамуы.

4 . Ихтиология ғылымы мен экология.



Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

1.Наумов С.П. Омыртқалылар Зоологиясы М 1982 ж.

2.Карташев Н.Н. Практикум по зоологии позвоночных М 1969

3. Анисимова И.М. Лавровский В.В. Ихтиология М 1991 ж.

4. Ә.А.Бәйімбет- Ихтиологияның негіздері. 1 бөлім А-Ата 2005.

5. Суворов Е.К. Основы Ихтиологии М., 1948 ж.

6. Джумалиев М.К. Биоразнобразие животного мира (хордовые) 1 ч. Алматы 2002

Қосымша:


  1. Бәйімбет Ә.А. Темірхан С.Р. Қазақстанның балық тәрізділері балықтарының қазақша орысша анықтаушысы Алматы 1999 ж.

  2. Алеев Ю.Г. Функциональный основы внешнего строения рыб

  3. Плавильшиков Н.Н. Очерки по историй зоологии М. 1941

  4. Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. М., 1966 г.

  5. Никольский Г.В. Экология рыб М., 1963 г.

  6. Жизнь животных. Рыбы 4 т. М., 1983

Лекцияның мәтіні:

Ихтиология омыртқалы жануарлар зоологиясының бір саласы. Ихтиология-балықтың құрылысын,тіршілігін, барлық даму сатыларын, таралуын, систематикасын, эволюциясын зерттейді. Ихтиология деректері балық аулау, балық өсіру жұмыстарын дұрыс жолға қоюға мүмкіндік береді.

Ихтиология өте ертеде дамыды. Грек ғалымы Аристотель “История животных” деген шығармасында жануарлар әлеміне сипаттама жасады. Желбезекпен тыныс алатын жануарларға түсінік берді. Балықтардың сыртқы құрылысын сипаттау, систематикасын құрастыру әрекеттері жасалынды. 18 ғас. швед ғалымы П.Артедидің балықтардың систематикалық жұйелерін хасады. “Ихтиология” деген енбекті жарыққа шығарды. Швед ғалымы К.Линней “Система природы” деген енбегінде балықтар систематикасына түзетулер еңгізді. Ресейде К.Бэр, Н.Я,Данилевский теңіздер мен көлдерді зерттеп ихтиология ғылымының дамуына улкен үлес қосты.Ресейде балықтарды зерттеу С:И Крашенинниковтың атымен байланысты. “Описание земли Камчатки” енбегінде балықтарды сипаттады. Морфологиясы мен биологиясына ерекше назар аударды. 19-ғ. К. Бэр Каспи, Азов, Қара теңіздерінде зерттеулер жұргізді.Балықтарды қорғаудың ғылми негізделген шаралары мен балық аулауды ұтымды ұйымдастыру жолдары ұсынылды.

Ихтиологияның дамуына кеңестік дәуірдегі ихтиологиялық бағытын бастаушысы аталған Л.С:Бергтің (балық систематикасы, таралуы, палеонтологиясы) А.Н.Северцовтың

( балық анатомиясы) С.Г.Крыжановскийдің ( балық морфологиясы,эмбриологиясы) Е.К.Суворов ( кәсіптік ихтиологияны ) дамытты.

Қазақстанда Ихтиология ғылымының дамуы 18 ғ. П.Палластың Каспи теңізі мен Еділ, Жайық, Ертіс өзендерінің ихтиофаунасын зерттеумен басталды. Арал теңізінің балықтары

туралы алғашқы деректер Г.Мейендорф берді. Каспий алабын зертушілер К.Бэийр,Н.Данилевский балық үиірінің динамикасы мен судың биологиялық өнімділігі теориясының негіздерін қалады. Аралда 1929ж Бүкілодақтық балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу стансасы ашылды. 1959жҚазақстан Ғ.А. ның Зоология институтында ихтиология және гидробиология бөлімшелері ашылды. 1961ж КазМ.У.де ихтиология, гидробиология кафедралары ашылды. Қазақстандағы өзндер мен көлдер балықтары зерттеліп жатыр. Оның негізгі мақсаты өндірістік бағалы балық қорын зерттеу және балық

аулауды тиімді ұйымдастыру. Кәзіргі кезде Қазақстанның барлық дерлік көлдерінде балықтар ауланады. Қазақстанда сүйекті балықтар басымдылау келеді. Каспи мен Арал, Зайсан менБалхаш көлдерінде Қазақстанның 70 процентей балығы ауланады. Жер көлемі үлкен Қазақстан, ішкі суларыда жеткілікті болғандықтан, ірі балық аулайтын аймаққа айналып отыр.

Сонғы жылдары ихтиологтар балықтың жасын, өсуін,қоректенуін, көбеуін, санының өзгеруін, таралуын, өрістеуін анықтайтын әдістерді жетілдірді, Ихтиология зертулерде, балық шаруашылығында физико-химиялық жетістіктері орын алуда. Мысалы балық үиірін іздеуге ультра дыбысты қолдану, балықты аулауда электр жарығын, балы қтың қоректенуін зерттеуге радиоактивті изотоптарды пайдалану. Ихтиология ғылымы биология пәндерімен тығыз байланыста. Зоогеография, ботаника, биогеография, анатомия, физиология, бионика, экология ғылымдарымен байланысты. Жыл сайын өзен мен көлдерде балықтар саны азайып барады. Негізгі себебі адамзат табиғатты аяусыз, ретсіз пайдалануда. Өндіріс орындары қалдықтарды суларға тастап, гидробионтар санын азайтты. Мұнай және оның қоспалары мұхиттарға төгіліп суды ластап ,тірі ағзаларды жойып жатыр. Экология мәселесі адамзатты алаңдатуда. Педагог білім беру барысында жас ұрпақты табиғатты қорғауға, көркейтуге, бар байлықты сақтап қалуға ұйрету керек. Болашақ биолог мамандар табиғат заңдылықтарын білу қажет. Ихтиология пәнін оқытудағы мақсаты – балықтар әлемін біліп, табиғаттағы орнын анықтап, құрылысымен, тіршілігімен танысып, оны қорғау заңддылықтарын білу қажет.

Ихтиология ғылымының негізгі міндеттері-балықтар ресурстарын сақтап қалу. Санын көбейтіп, жерсіндіру жұмыстарын сапалы жүргізу. Адамзат балықты, өте ерте заманнан бері маңызды азық ретінде пайдаланып келді. Балық аулау өнеркәсіптің бір саласына айналды. Мұхит жағалауындағы халықтар негізгі азығын мүхиттан алып отырды. Балық негізгі азық қана болмай, дәрі дәрмек көзіне де айналды. Кейбір балықтардан әсемдік заттар жасалынды. Мысалы акула терісінен, балықтардың қабыршақтарынан небір әсем заттар, бижутериялар жасалынады. Жер жүзі халықының 20 процентеиі тіршілігін балықтармен байланыстырады Кейбір ел тұрғындары жануарлар белогіне қажеттілігін балықтан алып отырады.. Сондықтан балықтар әлемін қорғау керек.


2 -лекция

Тақырыбы: БАЛЫҚТАР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Жоспар:

  1. Балықтардың көптүрлілігі

  2. Балықтардың жалпы құрылысының ерекшелігі.

  3. Балықтардың мекен ету ортасы.

  4. Балықтардың экологиясы

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Наумов С.П. Омыртқалылар Зоологиясы М 1982 ж.

2.Карташев Н.Н. Практикум по зоологии позвоночных М 1969

3. Анисимова И.М. Лавровский В.В. Ихтиология М 1991 ж.

4. Ә.А.Бәйімбет- Ихтиологияның негіздері. 1 бөлім А-Ата 2005.

5. Суворов Е.К. Основы Ихтиологии М., 1948 ж.

6. Джумалиев М.К. Биоразнобразие животного мира (хордовые) 1 ч. Алматы 2002

Қосымша:


  1. Бәйімбет Ә.А. Темірхан С.Р. Қазақстанның балық тәрізділері балықтарының қазақша орысша анықтаушысы Алматы 1999 ж.

  2. Алеев Ю.Г. Функциональный основы внешнего строения рыб

  3. Плавильшиков Н.Н. Очерки по историй зоологии М. 1941

  4. Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. М., 1966 г.

  5. Никольский Г.В. Экология рыб М., 1963 г.

  6. Жизнь животных. Рыбы 4 т. М., 1983


Лекция мәтіні

Балықтар омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең көпсанды және әртүрлі пішінді топ. Бұл олардың өте әртүрлі жағдайларда тіршілік етуімен байланысты. Балықтар тропикалық, қоңыржай және полярлы зоналардың шағын қара суларында, ағысы қатты өзендері мен жылғаларында, теңіздері мен мұхиттарында тіршілік етеді. Балықтар 6000 м биіктегі тау суларында, мұхиттардың тұңғиықтарында, жер асты үңгірлердегі суларда да кездеседі. Бұлар температурасы 20С суық сулардан 400 С асатын ыссы суларда да, сондай-ақ тұщы, кермек және тұздылығы 80% болатын суларда да тіршілік ете алады, тек тұзсыз (тазартылған) және тұздық суларда болмайды.

Балықтардың әр бір түріне нақтылы тіршілік жағдайы тән, бұлардың құрылысы мен тіршілігі айтарлықтай солардың ерекшелігіне байланысты. Ұзақ тарихи даму барысында балықтар судың құрамының көптүрлілігіне беймделген, сондықтан пішіні мен түсі де әртүрлі, көптеген айрықша органдары дамыған немесе жоғалған.

Негізінен суда жүзетін балықтардың арасында ауада қалықтайтын, жерде жорғалайтын немесе секіретін түрлері де кездеседі. Балықтардың кейбіреуі микроскоптық балдырлармен – фитопланктон, екіншілері – жоғары сатыдағы су өсімдіктерімен, басқалары зоопланктонмен немесе зообентоспен коректенеді, өте үлкен жануарларды жей алатын түрлері де кездеседі. Көптеген балық түрлері ұрпағын қорғайды, бұндайда өзі опат болатын жағдайлар жиі кездеседі. Балықтар жұмыртқа (уылдырық) салып көбейеді, дегенмен тіріжұмыртқа немесе тірі туатындары да бар. Кейбір балықтар өте жоғары кернеулі электр тогын бөле алады, ал антарктикалық аққанды – балықтың қанында эритроциттер болмайды, қаны түссіз және т.т. Балықтар суда мекен ететін гидробионтар болып саналады. Мекен ету ортасына қарай дене құрылысыда соған лайықты болады. Денесі жақсы сүйірленген, тұмсығы үшкір болып келеді. Арқа, кеуде, құрсақ, құйрық қанаттары балықтың емін еркін қозғалыс жасауына мүмкіндік береді. Балықтардың қозғалысы, азығын табуда, жауларынан қорғануда улкен көмек көрсетеді. Балықтар мұхиттың барлық жерлерінде мекен етеді. Судың қысымы тереңдеген сайын артып отырады. Қысымның жоғары болуынан терең қабаттарында мекен ететін балықтардың денесі жалпайып кеткен. Мұхиттың ортаңғы бөлімінде мекендейтін балықтар активті қозғалыс жасайды. Олар алып акулалар, сүйекті балықтардың өкілдері, басқада теңіз жануарлары мекен етіп, тіршілігін жұргізеді. Бұл балықтардың өкілдерінің дене құрылысы қалыпты болып келеді. Дене құрылысы соған лайықты. Балықтардың тері қабыршақтары денсін тұрлі зақымданудан сақтап, денеге жалпы бір форманы беріп тұрады. Тері қабыршақтарының орналасуы суда жұзуге мұмкіндік береді.

Балықтар –желбезекпен тыныс алатын, дене температурасы тұрақсыз, аяқ орнына жүзу қанаттарыбар омыртқалы су жануарлары. Балықтардың жақсы дамыған етті құйрығы, екі құрсақ және қос құйрықты қанаты, дара арқа, құйрық және анальқанаты болады. Денесін қабыршақ жапқан және қабыршақсыз түрлері болады.Терісінде шырыш түзетін бездері,жарық шығаратын органдары болады. Балықтардың түсі тіршілік ортасына сай келеді. Ең кішкене түрі Филиппины бұзаубасының дене тұрқы 1см болса, кит тәрізді акуланың салмағы 30тоннаға дейін барады. Балықтар қартайғанша өседі, бірақ өсуі бір келкі болмайды. Жыныстық қаблеті жетілгенше тез өседі, олардың өсуі жыл маусымына, тіршілік жағдайына байланысты. Балықтар 1жыл,немесе 2-3 жыл, кейбіреулері 100 өмір сүреді. Мысалы белуга 100ж өмір сүреді. Балықтардың қаңқасы сүйектен немесе шеміршектен тұрады.Омыртқасы 16 дан (айбалық), 400ге дейін(жаңа зеландиялық таспа балық) ьолады.Негізінен желбезекпен тынысалады, бірақ ауамен тыныс алатын түрлері де кездеседі.

Балықтардың өсімдікпен, жәндіктермен, омыртқасыздар мен қөректенетіндері де бар. Балықтардың жыртқыштары, паразитті тіршілік ететіндері бар. Жүрегі екі камералы. Тек қостынысты(өкпесімен тыныс алатын ) балықтарда аздап өзгешілік болады.Балықтар дыбыс пен ультра дыбысты сезеді, өздері де торсылдағын немесе қанаттарын, желбезек қақпағын пайдаланып дыбыс шығара алады. Балықтар дара жынысты, қос жынысты түрлеріде кездеседі. Жыныстық қаблеті 1жылда ( бұзаубастың кейбір түрі) немесе 12-20жылда (құртпа)

жетіледі. Көпшілігі өмірінде бірнеше рет уылдырық шашады, бір шашатын түрлеріде кездеседі. Оған қиыр шығыс лососі, кета, горбуша т.б. түрлері кездеседі. Уылдырықты жылдың түрлі маусымында, жазғытұрым, жазда, күзде және қыста шашатындары бар.Уылдырығын судағы өсімдікке, тасқа жабыстырып қоятындары,көміп тастайтындары, тіпті моллюскалардың днесіне, інге, аузына тығып сақтайтындары болады. Акулалар, тісті тұқылар(гамбузия,теңіз алабұғасы) шабағын тірі туады. Іштей ұрықтанатын тұрлері бар.

Алғашқы балықтар тұшы суда мекен еткен, кейін теңізге тараған. ТМД елдерінде балықтардың 1400 түрлері мекендейді, ал Қазақстанда 150 түрі бар.Бекіре, шоқыр, ақ балық, ақмарқа,лосось,табан, сазан, шортан, майшабақ, т.б. түрлері кездеседі.


3 лекция
Тақырыбы: БАЛЫҚТАРДЫҢ СЫРТҚЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫСЫ.
Жоспар:

  1. Дене пішіне және пластикалық белгілері.

  2. Балықтың басының пішіні.

  3. Бүйір сызығы және оның ерекшеліктері.

  4. Балықтардың қозғалу әдістері.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі

1.Наумов С.П. Омыртқалылар Зоологиясы М 1982 ж.

2.Карташев Н.Н. Практикум по зоологии позвоночных М 1969

3. Анисимова И.М. Лавровский В.В. Ихтиология М 1991 ж.

4. Ә.А.Бәйімбет- Ихтиологияның негіздері. 1 бөлім А-Ата 2005.

5. Суворов Е.К. Основы Ихтиологии М., 1948 ж.

6. Джумалиев М.К. Биоразнобразие животного мира (хордовые) 1 ч. Алматы 2002

Қосымша:

7.Бәйімбет Ә.А. Темірхан С.Р. Қазақстанның балық тәрізділері балықтарының қазақша орысша анықтаушысы Алматы 1999 ж.

8.Алеев Ю.Г. Функциональный основы внешнего строения рыб

9.Плавильшиков Н.Н. Очерки по историй зоологии М. 1941

10.Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. М., 1966 г.

11.Никольский Г.В. Экология рыб М., 1963 г.

12.Жизнь животных. Рыбы 4 т. М., 1983

Лекция мәтіні

Балықтардың тіршілік ету жағдайларына қарай пішіндері әр түрлі болады.



  1. Ұршық тектес (торпеда тектес)

  2. Жебе тектес.

  3. Таспа тектес.

  4. Жылан балық тектес.

  5. Жалпақ .

  6. Шар тәрізді.

Ұршық тектестілердің денесі жақсы сүйірленген, жоғары жылдамдықпен жүзе алатын, балықтар жатады. Оларға скумбрия, албырттар, тунецтер жатады.

Жебе тектестідердің дене тұрқы ұзын, арқа және анал қанаттары құйырығына жақын орналасады. Бұл балықтар ұзақ уақыт жақсы жүзе алмайды. Жасырынып тіршілік етеді.

Бұған- шортан, сарған, сайра жатады.

Таспа тектестілердің денесі ұзын, екі бүйірі қысыңқы, үлкен тереңдікте тіршілік етеді. Бұған –қылыш балық, майшабақ королі.

Жылан балық тектестілер денесі ұзарған, көлденең кесіндісі сопақ, денесін жаймен ию арқылы қозғалатын балықтар. Бұларға-миногалар, мексиндер, жылан балықтар жатады.

Жалпақ балықтардың денесі биік, екі бүйірі сығыңқы, су түбіне жақын жүріп, аз қозға-латын балықтар. Бұларға- скаттар, теңіз шайтаны жатады.

Шар тектес балықтарға – кірпі балық, пиногорка жатады. Бұлар судың таяз жерінде мекен етеді.

Балықтың денесі бас, кеуде, құйырықтан тұрады. Бас пен кеуденің шекарасы шеміршекті балықтарда соңғы желбезек саңлауы, ал сүйекті балықтарды желбезек қақпағының сыртқы жиегі кеуде мен құйырықтың шекарасы, аналь тесігі.

Балықтардың басы оның тірщілік ету ортасына байланысты дамыған. Балықтардың басында ауызы, көздері, танаулары , жебезек саңлаулары орналасқан. Сүйекті балықтаржың желбезек саңлаулары бір жұп, шеміршекті балықтарда- бес, ал химераларда- желбезек қақпағы сияқты терімен жабылған төрт жұп.

Желбезек қақпақтарының жиегі тері жарғақпен көмкерілген, олар басының астында желбезек аралық жерге бекіген. Ал кейбір балықтарда екі жедбезек жарғағы қосылып, қатпаршақ құрайды. ауызының орналасқан жері, құрылысы, олардың қоректену сипатына байланысты. Жоғарғы-төменгі жақ сүйектері ілгері жоғары қарай созылған.

Кейбір балықтардың ауызы жоғары қараған қисық саңлау сияқты. Тамағы су түбіне жақын балықтардың ауызы төменгі, немесе жартылай төменгі болады. Ал кейбір балықтардың жақ аралық сүйектері бас қаңқасымен қозғалмалы жалғасқан. Сондықтан, ауызы түтік сияқты созылады.

Бастың бүйірлерінде көздері орналасқан.Барлық балықтардың мұрын тесіктері жұп. Олар сүйекті балықтарда басының үстінде, көздерден ілгері орналасқан. Ал шеміршекті балықтарда олар басының астында. Көптеген балықтардың дәм сезу және түйсіну органдарының қызметін атқаратын мұртшалары болады.

Көптеген балықтардың екі жанында бір толық бүйір сызығы болады. Кейбір түрлерінде ол үзік-үзік, ал кейбіреулерінде қисық болып келеді.

Бүйірі сызығы – балықтардың суда тепе теңдігін сақтайды. Толқындарды жарып, қимыл қозғалыс жасауына мүмкіндік береді.

Жүзу қанаттары балықтардың тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді. Тепе теңдікті сақтайды, қозғалуын басқарады, және жүзуін тежейді әрі жылдамдатады. балық қанаттары жұп және тақ деп ажыратылады. Жұп қанаттарға кеуде және құрсақ, тақ қанаттарға-арқа және құйырық асты және құйырық қанаттары жатады. Балықтарда арқа қанаттары бірнеше болуы мүмкін. Біреу, екеу немесе үшеу... Аналь қанаты әдетте біреу болады.

Шеміршекті балықтардың аталықтарының құрсақ қанаттарының ішкі талшықтары шағылысу органына айналған. Құйырық қанаттары изобатты, гипобатты және эпибатты деп бөлінеді. Құйрық қанаты болмайтын балықтар сирек кездеседі. нағыз сүйекті балықтардың құйырық қанаттары тік, жұмыр, ойық, жартылай сүйірленген болып бөлінеді.

Әр бір қанат бірнеше қызмет атқарады. Құйырық қанаты қозғалу күшін тудырады. Олардың бұрылу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жұп қанаттар тепе теңдікті сақтайды, кеңістіктегі және тереңдік бағдарлаушының қызметін атқарады. Арқа және аналь қанаттары кильдің қызметін.Дененің өз осінее айналыуына кедергі болады, қалыпты жағдайын сақтауға көмектеседі. Жылдам жүзген уақытта жұп қанаттары денесіне жабысады, ал тунецтерде айырқша ойықтарға жиырылады.

Дене пішіні мен тіршілік ортасының көп түрлілігі балықтардың қозғалуының әр түрлі болуына әкеледі. Қазіргі кезде үш түрлі қозғалу әдістері белгілі: жүзу, жорғалау және ұшу. Балықтарға жүзу - денесі мен құйырығының иілуі арқылы іске асырылады. Ол бұлшық еттердің жиырылуы нәтижесінде болады. Бүйіріне иіліп жүзудің екі типін ажыратады: жылан балық тектес және скумбрия тектес.

Балықтар құрылысының ерекшелігіне физиологиялық жағдайға судың температура-сына және басқа факторларға тәуелді түрлі жылдамдықпен жүзеді. ең жылдам жүзетін балық- семсер балық., сағатына жүз жиырма шақырым. Жүзу жылдамдығы балықтың көлеміне де байланысты. Ірі балықтардың ұсақ балықтарға қарағанда тез жүзетіні табиғи құбылыс.

Жүзу жылдамдығына сәйкес балықтарды төмендегідей топтарға бөледі. Өте тез жүзетіндер, (семсер балық, тунецтер, акула- мако), жылдамдық жетпіс шақырым шамасында, тез жүзетіндер – албырттар, скумбриялар жылдамдық коффициенті 30-60, біршама тез жүзетіндер – треска, майшабақтар жатады.жылдамдық коффициенті – 10-20, ақырын жүзетіндер – бұзау бас балықтар- жылдамдық коффициенті 5-10, өте ақырын жүзетіндер – шаншар және ай балықтар, жылдамдық коффициенті 5 тен жде аз. Балықтардың жылдамдылығына оның дене пішіні, қабыршағының, шырышының бар-жоғы әсер етеді. Тез жүзетін балықтар-ға- денесі сүйір, қабыршағы майда, жұқа етті, құйырық сабағында көлденең киль-дер көп болады. тез жүзетін балықтардың айырқша су айналып өтетін органдары болады. Оларға майлы қабат, арнайы қалақшалар, және ұзарған қабыршақтар.

Қозғалудың бір әдісі – кеуде қанаттарының және құйырығының көмегімен су түбінде жорғалау. Жорғалағыштарға алабұқа, теңіз шайтаны жатады. Ұшу немесе қалықтау ұшатын балықтарға тән. Өзінің жауларынан құтылу үшін ұзын әрі жалпақ қанаттарын жайып жіберіп, судан секіріп шығады да, бір шама уақыт қалықтап, 200-400 метр жерге дейін бара алады.


4-лекция

Тақырыбы:Тері және олардың туындылары.

Жоспар


1-Терінің маңыздлығы және құрылысы.

2-Балықтардың түсі.

3-Балықтардың қабыршағы және оның маңыздылығы.
Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Наумов С.П. Омыртқалылар Зоологиясы М 1982 ж.

2.Карташев Н.Н. Практикум по зоологии позвоночных М 1969

3. Анисимова И.М. Лавровский В.В. Ихтиология М 1991 ж.

4. Ә.А.Бәйімбет- Ихтиологияның негіздері. 1 бөлім А-Ата 2005.

5. Суворов Е.К. Основы Ихтиологии М., 1948 ж.

6. Джумалиев М.К. Биоразнобразие животного мира (хордовые) 1 ч. Алматы 2002

Қосымша:

7..Бәйімбет Ә.А. Темірхан С.Р. Қазақстанның балық тәрізділері балықтарының қазақша орысша анықтаушысы Алматы 1999 ж.

8. Алеев Ю.Г. Функциональный основы внешнего строения рыб

9.Плавильшиков Н.Н. Очерки по историй зоологии М. 1941

10.Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. М., 1966 г.

11.Никольский Г.В. Экология рыб М., 1963 г.

12.Жизнь животных. Рыбы 4 т. М., 1983

Лекция мәтіні

Балықтардың сыртқы қабатын қоршаған ортаның зиянды әсерінен тері қорғайды. Тері арқылы тынысалу, осмос қысымын реттеуге қажетті су, аммиак, кейбір тұздар, көмір қышқылы,өттегі өтеді. Тері активті зат алмасуға қатысады. Теріде түрлі сезгіш клеткалар орналасқан.

Балық терісі екі қабаттан тұрады. 1-эктодермадан пайда болған сыртқы эпидермис қабаты. 2- ішкі негізгі тері –мезодермадан пайда болған дерма.Бұл қабаттардың шекарасы базальді мембрана. Негізгі тері (дерма үш қабатты. 1-сыртқы шекаралық пластинка- дәнекер тіканді клеткалар болмайды. 2- сыртқы борпылдақ немесе субэпидермальді қабат. 3-тығыз дәнекер тіканді ішкі қабат. Терінің астында май клеткалары бар дәнекертіканді теріасты –субкутанеальді қабат болады. Эпидермис қабатында қан тамырлары болмайды, бірақ түрлі сезгіш клеткалары мен нерв ұштары бар. Дермада жүйке мен қан тамырлары болады.

Эпидермистің астында талшықтары ұзынынан және көлденең орналасқан. Балықтың терісінің құрылысы оның тіршілігіне байланысты. Балықтардың терісі жұзу жылдамдығына қарай қалыңдайды.Балықтардың эпидермисінің ішкі өсетін қабаты бір қатар орналасқан цилиндрлі клеткалардан тұрады. Ал сыртқы қабаты бірнеше қатарлы жалпақ клеткалардан тұрады. Эпидермистің ортаңғы қабаты целиндрліден жалпаққа бірте-бірте аусатын эпителиальдік клеткалардан тұрады.

Безді кілеткалар осы қабатта орналасқан. Олар шырыш, май, жарақатанғанда қорқыныш деген зат бөледі. Жүзу жылдамдығы өскен сайын шырышты клеткалар дененің ортаңғы және артқы бөліміне қарай ығыса түседі. Бұл гидродинамикалық кедергінің азаюына себепші болады. Шырыш балықтың суға үйкелісін азайтады, бактериаларды жойып отырады, балықтар жарақаттанғанда қанның ұйына қатысады.

Эпидермистің ішкі жағында негізгі тері (дерма) жалғасқан, ол тіреу қызметін атқарады. Балықтардың негізгі терісі екі қабаттан тұрады. Сыртқы жұқа қабаты және тығыз дәнекер тканнан тұратын, қабыршақты қоршайтын ішкі қабат.

Ақырын жүзетін балықтардың дермасы нашар дамыған.

Балықтардың түсін-терісіндегі пигменті клеткалар мен лейкофорлар береді. Пигменті клеткалар-дермальді, периневральді, перицомдық және периваскулярлық болып бөлінеді.

Олардың негізгі болатын жерлері: дерманың субэпидермальді және дәнекер тканінің субкутанеальді қабаты. Эпидермисте пигмент жоқ, эпидермистің жоғарғы қабатында анда-санда кездесетін меланофорлар мен липофорларды лимфатикалық жолдармен келген деп есептейді.

Хроматофорлар:



    1. Меланофорлар-көптеген бұтақтары бар жұлдыз сияқты клетакалар. Дененің нақтылы жерінде орналасқан. Меланофорлардың құрамында меланиннің қңыр, қара, немесе қаракөк түйіршіктері бар. Пигмент түйіршіктерінің орын ауыстыруы нәтижесінде балық түсі айшықтала береді. Меланин-қиын еритін белоктық зат. Меланин түйіршіктері 25 %----дың әсерінен ериді.

    2. Ксантофорлар-пигмент түйіршіктері майда және түскен жарықта, тереңдігіне сәйкес ашықсарыдан қоңыр қызғылтсарыға дейін боялған. Ксентофорлар тығыз орналасқан жерлердегі әдеттегі сары түстен қызыл түс пайда болды.

    3. Эритрофорлар- қызыл пигментті клеткалар –сирек кездеседі. Көбіне экзотикалық балықтарда болады және дененің барлық жерінде бола бермейді.

    4. Лейкофорлар, гуанофорлар немесе иридроциттер-балықтардың түсі үшін өте маңызды.

Балықтарға қорғаныштық түс тән, бұл балықтардың тіршілік ортасына сай, оларды байқалмайтындай етеді. Ол пигменті клеткалардың әртүрлі комбинацияларынан пайда болады..Пелагикалық балықтардың арқасы қоңыр, бауыры ақшыл болады.Балықтардың түсі түрақты емес, ол сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен өзгеріп тұрады. Түстің өзгеруі балықтың жасына,жынысына, денсаулығына байланысты. Көптеген бұзаубас балықтардың түсі көбею кезінде қараяды.Камбала тіршілік ортасына қарай түсін өзгертеді. Балықтардың түсінің өзгеруі хроматофордағы пигментердің жиырылуы және жайыла алатындығынан.Бұл процесс жүйке жүйесі арқылы іске асады.Көпшілік балықтардың төмендегідей негізгі түстерін ажыратады. Пелагикалық түс-арқасы көкшіл немесе жасылдау, бауыры мен бүйірлері күміс түстес. Шөптесінді түс-арқасы қоңырлау, жасылдау,немесе сарғыштау болады. Су түбінің түсі- арқасы мен бүйірі қаралау, ал бауыры ақшыл болады.

Балықтардың қабыршағы болады. Жайындар мен дөңгелекауыздыларда қабыршағы болмайды. Көпшілік балықтардың қабыршағы болады, ал жайындар мен дөңгелекауыздыларда болмайды. Қабыршақ балықтың дене бетінің тегістігін қамтамасыз етеді, сонымен олар жүзгенде балықтардың бүйірлерінде теріде пайда болатын қыртыстары болмайды. Қабыршақтың 4-түрі болады. Плакоидты, ганоидты, космоидты және сүйекті. Қабыршақтар терінің негізгі қабатының туындылары. Плакоидты қабыршақ тек шеміршекті балықтарға тән. Балық денесін түгел жапқан.Өмірінде бірнеше рет алмасады. Қабыршақ ізбест сіңген органикалық зат-дентиннен тұрады. Ганоидты қабыршақ ромбіпішінді және бүйірінде тістәрізді өсіндісі болады, солар арқылы өзара жалғасып ерекше сауыт құрайды.Сүйекті қабыршақ ганоидты қабыршақтың өзгеруінен-ганоин және космин қабаттары жойлып, тек сүйекті заты қалғаннан пайда болған. Қабыршақ жиегінің сипаты бойынша бұның екі типін ажратады. 1. циклоидты, 2 ктеноидты. Қабыршақтың өсуі –шабақта пайда болатын бірінші кішкентай қабыршақтың астында келесі жылы онан үлкен пластинка пайда болады , үшінші жылы оның астында онан да улкен пластинка пайда болады., солай балық өмірінің аяғына деін созыла береді. Балықтың жасын анықтағанда қабыршақтың склериті бар қабатын зерттейді.

Кейбір балықтардың эпидермисінде, тікенекті қанат талшықтарының түбінде у бөлетін бездері болады. Улы бездердің 3- типін ажратады.Олар қанаттың тікенекті талшықтарының және желбезек қақпағының түбінде орналасқан.Қазақстанда қарабалық пен көкбасты уылдырығы мен шоғалы улы .

Кейбір балықтарда жылтырауық органдары болады.Ол тұңғиық балықтарда болады.Жылтырауық органдар фотофорлар жылтырауық клеткалардан тұрады. Жылтырауық органдар балықтар өміріне қажетті болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет