Фосфор айналымы. Өсімдіктер фосфорды топрақтан,судан фосфотион (РО43- )ретінде ассимиляциялайды.Жануарлардың жейтін тағамындағы артық фосфорорганизмнен фосфат ретінде шығады. Табиғаттағы фосфордың көзі болып тау жыныстары мен басқа да жыныстар саналады. Экосистемадағы фосфор айналымына топырақ пен су ғана қатысады.
Сурет 19. Күкірт айналымы
Бақылау сұрақтары:
Негізгі биогенді элементтерді атаңыз. Олардың әрбірінің айналымын және олармен байланысатын заттарды сипаттаңыз .
Судың ғаламдық айналымына тірі ағзалар қалай әсер етеді?
Көміртегінің айналымынан судың айналымы қалай ерекшеленеді?
Атмосфералық озонның көптеген тірі ағзаларға жетпейтіндігі белгілі. Топыраққа азоттың түсуі қалайша жүреді?
Көміртегінің айналымына антропогенді әрекеттер әсер етеме?
БӨЛІМ - V ПОПУЛЯЦИЯЛАР ЭКОЛОГИЯСЫ. (ДЕМЭКОЛОГИЯ)
5.1.Популяциялардың сандық және динамикалық көрсеткіштері.Популяциялар құрылымы: агрегация, изоляция
Популяция туралы түсінік.«Популяция» термині латынның popilis – халық, топ деген мағынаны білдіреді. Экологиялық тұрғыда «популяция» - бұл бір түрге жататын особьтар жиынтығы, белгілі бір аумақты мекендейтін және морфобиологиялық типтері ұқсас, анықталған генефонд жиынтығынан құралған және жүйелік тұрақтылығының қызметі өзара байланысты болып келеді. Популяция туралы түсініктің күрделігі биологиялық жүйедегі иерархиялық деңгей қатарын да алатын орнына, әртүрлі деңгейдегі ұйымдасқан, тірі материяға әсер етуіне байланысты анықталады. (Сурет 9.1).
Бір жағынан, популяция генетикалық эволюция қаратына қосыла отырып, әртүрлі деңгейдегі таксондардың филогенетикалық байланысын, әртүрлі тіршілік формаларындағы эволюция нәтижелерін организм – популяция – түр – тұқымдас – патшалыққа дейін анықтайды.
Бұл аспектідегі популяцияның ең маңызды қасиеті оның генетикалық тұрғыдағы: арнайы өзіндік және ортақ генофордының болуы, барлық особьтардың бейімделу мүмкіндігін анықтайды және біртұтас популяция ретінде нақты орта жағдайлары өзгерісіне тұрақты тіршілігін қамтамасыз етеді.
Популяция түрлердің тіршілік формасы ғана емес, сондай – ақ орта өзгерісіне эволюциялық тұрғыда қалыптасқан қарапайым бірлігі. Бұнымен бірге бірмезгілде ортаның нақты жағдайында қалыптасқан түрлер, популяция басқа популяция түрлерімен трофикалық және басқа да қарым – қатынасқа түсе отырып, нақты биоценоздар құрамына енеді.
Жүйеге осылайша жақындау, қызметтік энергетикалық қатардағы тіршіліктің әртүрлі деңгейдегі ұйымдасуына: организм – популяция – биогеоценоз – биосфера қалыптасуына ықпал етеді. Бұл қатарда популяция нақты биоценоздың қызметтік субжүйесі; оның қызметі – трофикалық тізбекте түрге тән алмасу типімен анықталады.
Популяциялық жүйенің «екіжақты» табиғаты оның қызметінің биологиялық тұрғыға қарама – қайшылығы: особьтардың генетикалық біртектілігі ,түрішілік бәсекелестікті шиеленістіреді. Бәсекелестік деңгейін төмендетуге бағытталған бейімделу, популяция құрамындағы особьтардың қажетті байланысының минимумын сақтауда әртүрлі қарым – қатынас жасауына алып келеді. Осындай қарама – қайшылықтың шешілуі – популяциялық болып табылады, расында, дифференциация және интеграция үрдістері арасындағы шешуші қарым – қатынастардың сақталуы біртұтас популяция құрамындағы особьтардың кеңістіктік және қызметтік әртектінің орналасуы мен өзара байланыстылығының негізінде жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |