Оқулық " Экология"мамандығы


Б иоэкология ғылымының дамуы мен



бет5/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125
treatise95823

Б иоэкология ғылымының дамуы мен
құрылымы.Кесте 1.

Экология ғылыми бағыт ретінде тек қана ХХ ғасырдың басында ғана мойындалды. Осы уақыттарда зоологтардың, ботаниктердің, гидробиологтардың экологиялық мектебі қалыптасты. 1910 жылы Брюсселде өткен III Ботаникалық конгресінде өсімдіктер экологиясы жариялы түрде даралар экологиясы (аутэкология) және қауымдастықтар экологиясы (синэкология) деп бөлінді. Бқлай бөліну жануарлар экологиясына таралды. 1913 жылмен 1920 жылдың аралығында экологиялық ғылыми қауымдастық ұйымдастырылып, негізгі журналдар қалыптасып, университеттерде экологияны пән ретінде оқытыла бастады.


30 жылдары биоценология аумағында негізгі теориялық көрсеткіштері: биоценоздың құрылымы және шекаралары, төзімділік деңгейлері, осы жүйенің өзін-өзі реттеу мүмкіншіліктері қалыптасты. Осы уақыт аралығында популяциялық экология деген – жаңа аумақтың негізі қаланды. Оның негізін салушы болып ағылшын ғалымы Ч.Элтон болып саналады. Ч.Элтон өзінің «Жануарлар экологиясы» атты кітабында (1927) популяцияны жеке ағза, бірлік ретінде, зерттеуге, сонымен қатар өзіндік экологиялық бейімделу мен реттелу ерекшелігіне аса назар аударды. Популяциялық экологияның ортақ мәселелері түрішілік ұйымдасу және жиілік динамикасының мәселері. Популяциялық экологияның дамуына С.А.Северцев, С.С.Шварц, П.М.Наумов, Г.А. Викторов үлкен үлес қосты.
30 – 40 жылдары СССР - де экология өте күшті жылдамдықпен дамыды. Ол кеңес ғалымдарының үлесінің үлкен болуымен алға жылжыды. Мысалы: АҚШ 1934 жылы Гаузенің «Қалыптасу жолындағы күрес» атты монографиясы жарияланды, қазіргі таңдағы экология курстарында «Гаузе заңдылықтары» деген атпен келтіріліп жүр. 1942 жылы В.Н.Сукачев биоценоз туралы түсінікті ұсынды. Бұл жұмыс өз уақытында экологияның даму этапында үлкен маңызға ие болды. Осы кезеңдерде шет елде экологияның негізгі нысаны ретінде «экожүйе» саналды. 1935 жылы А.Тенсли экожүйе туралы түсінікті келтірді, Г.Винберг (1936) жылы су қауымдастығының өнімділігін нақты есепке алу туралы жұмыс өткізді, 1942 жылы Р.Линдеман - экожүйедегі энергетикалық балансын есептеу әдісінің негізін ұсынды. Экологиялық процестерді математикалық модельдеу, экожүйені жүйелі түрде зерттеу дами бастады. Америкалық математик А.Д.Лотка және италяндық В.Вольтер алғаш рет экологиялық популяцияны және басқа қауымдастықтарды математикалық қосымшалармен өңдеді.
Экожүйені сараптаудың дамуы 20 ғасырда өз идеясымен заманының жаңашылдығын анықтаған орыстың ұлы ғалымы В.И.Вернадский (1864-1945) биосфералық ілімді экология негізінде жаңаша қалыптасуына әкелді.
Биосфера ғаламдық тірі жүйе ретінде, энергия және заттардың балансымен қамтамасыз ету заңдылықтарының негізінде тұрақтылығы мен қызметі көрсетілді. Сонымен, Ф.Клементсеннің биологиялық қауымдастық туралы концепциясы, Ч.Элтонның жануарлар экологиясы, Г.Гаузенің түраралық бәсекелестік механизмі және қалыптасуды ашуға бағытталған қарапайым классикалық тәжірибесі, топырақтанудың негізін салушы В.В.Докучаевтің зерттеулері, В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі, А.Тенслидің экожүйе туралы түсінікті жасауы, В.Сукачевтің – биогеоценоз туралы, Дж.Гринеллдің – экологиялық қуысты ашуы,Ч.Элтон, Дж.Хатчинсон, Р.Линдеманның зат айналымы және қоректік тізбек туралы концепциясы, Э.Пианктің, Ю.Одумның, Р.Риклефстің, Н.П.Наумовтың, С.С.Шварцтың, И.А.Шиловтың, А.В.Яблоковтың және басқа да ғалымдардың еңбектері жалпы экологияның теориялық негізінің қалыптасуына көмектесті, экология өзінің зерттеу әдістері мен нысандары, сонымен қатар концептуальды аппараты бар толық ғылым болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет