Оқулық " Экология"мамандығы



бет7/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   125
treatise95823

Абиотикалық фактор деп ортаның барлық физико-химиялық факторларын атайды. Оған жататындар: жарық, температура, су (тұман), тұздылық, желдің жылдамдығы, химиялық элементтердің құрамы және басқалары.
Биотикалық факторлар – бұл барлық тірі ағзалардың бір-біріне әсер ету формалары жатады.
Биотикалық факторларға:
а) фитогенді – өсімдіктермен бірге жанама (механикалық байланыс, симбиоз, паразитизм, эпитеттердің мекен етуі), және тікелей (ағзалардың қоректік ортасының фитогенді өзгерісі) әсері;
б) зоогенді - жануарлардың әсері (ортаға ықпал етуі тұқымды таратуы, тозаңдандыруы, жеу, таптау және басқа механикалық) әсерлері;
в) микропогенді, микогенді және вирусогенді – вирустардың және саңырауқұлақтардың, микроағзалардың әсері (ортаның өзгеруі, паразитизм).
Антропогенді факторлар – бұл фактор адамның іс - әрекетінен туындайды. Бәрінен бұрын көптеген ағзалардың қалыптасуына жағымсыз ізін қалдыратын адамның техногенді әрекеттерін жатқызамыз.
Жер асты экожүйесіне көпмөлшерде әсерін тигізетін абиотикалық факторларға:
1) климаттық – жарық, жылу, ауа (оның құрамы және қозғалысы), су (ылғалдылық және оның әртүрлі формасы, топырақтың ылғалдылығы, ауа, қар жамылғысы); 2) эдафикалық (топырақ-грунтары) – топырақтың механикалық және химиялық құрамы, грунттардың қышқылдылығы, олардың құрамындағы қоректік заттар және тұз ерітінділері, оның физикалық құрылымы және механикалық құрамы, борпылдақтылығы, аэрация кезеңдері және т.б.; 3) бедер жағдайының топографиясы (орографиясы): теңіз деңгейінен жоғары тік жарқабақтағы бедердің биіктіктегі элементтері болып саналады. Биіктіктердің алмасу шамаларына байланысты, бедердің формалары да өзгеріп, макробедер (белестер мен жыраларға) және микробедер (жыртқыш малдардың шығарған шығарындыларының жерге лақтырылуы, майда қуыстардың пайда болуы) деп бөлінеді.
Макробедер үлкен географиялық масштабтағы өсімдік типтерінің таралуына әсерін тигізеді. Мысалы: таудағы тік зоналы жерлерде (әрбір 100 м сайын температура 0,55 оС төмендейді, сонымен қатар ылғалдылық та төмендеп, вегетативті кезеңнің ұзақтығын қысқартады).
Судағы ағзаларға гидрологиялық факторлар (гидрофизикалық, гидрохимиялық) кешені әсерін тигізеді. Қоршаған ортадағы компоненттер санын бөліп қарастыру мүмкін емес, себебі олардың барлығы тірі ағзалар үшін белгілі бір аралықта өз әсерін тигізетіндігі анықталды. Қоректік ортадағы маңызды фактор климат, осы түсінікке физика-химиялық факторлардың кешені кіреді. Климат қоршаған ортадағы температураны және судың бар болуын анықтайды, бұл екі қарым-қатынастағы факторлар фотосинтез үдерісінде (процесінде) өсімдіктердің ассиммиляциялануына қажетті күн энергиясының санын анықтайды. Жер бетіндегі климат полюске бағытталған бағытында суығырақ және құрғақ, ал экваторға бағытталғанда ыстық және ылғалдырақ болады деп саналады. Ауа-райының ғаламдық тербелісі жер бетіне қарағанда күн сәулесінің жағдайымен байланысты. Күн сәулесі тік бұрышпен тікелей және қалқалай түсуінен атмосфераны, мұхиттарды қатты қыздырады.
Күн сәулесінің биiктiгi көкжиектiң үстiнде жер шарының әртүрлi бөлiктерiнде өзгешеленедi: демек, егер күн тропикалық аймақта тас төбеде тұрса, онда ол арктикалық облыстарда көкжиектiң үстiнен төмен болады, ал күн сәулесінен түсетiн сан алуан жылу экваторға полюстарына қарай өседi. Жер бетіндегі күн сәулесінің бұлай тең таралмауы жалпы таралу заңдылықтарымен, ылғалдылықтың санымен және желдің бағытымен анықталады.
Жыл кезеңдерінде климаттың ауысуын, сонымен қатар климаттық белдеулердегі физико-географиялық зоналарды, әртүрлі табиғи белдеулерді бөліп қарауға мүмкіншілік береді.
Ағзалардың таралуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі топырақ және оның құрамы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет