Бақылау сұрақтары:
Қоршаған ортаның қандай факторлары лимиттеуші деп аталады? Мысалдар келтір.
Қандай да фактордың мөлшеріне ағзалардың қажеттілігі туралы ненің негізінде айтуға болады? Фактордың мөлшеріне ағзалардың жауап беру көлемінің тәуелділігін суреттеңіз?
Либихтың «минимум заңы» «толеранттылық» заңының жеке көрінісі болып саналады деп айтуға болама? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
Факторлардың бірі эврибионтты, ал басқасына стенобионтты болып табылатын түрлерге мысал келтіріңіз.
Бір түр үшін тек бір ғана лимиттеуіш фактордың болуы мүмкін бе немесе олар бірнеше болама? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз?
2.3 ТЕМПЕРАТУРА. ТІРШІЛІК ҮРДІСТЕРІНЕ ТЕМПЕРАТУРА ӘСЕРІ.
Жылу – химиялық реакциялардың негізгі кинетикасы, организмдердің тіршілік әрекетін реттеуші. Сондықтан температура зат алмасу процесінің қарқындылығына әсер етуші маңызды экологиялық фактор болып табылады. Температура үнемі әсер етуші факторлар қатарында саналады; оның сандық құрамы жалпақ географиялық, мезгілдік және тәуліктік айырмашылықтарымен ерекшеленеді.
Биосферадағы температура диапазоны + 50 – ден – 50 С – да, кейде бұл параметрден ауытқулар болуы мүмкін.Климаттық зоналарда температура режимі анық байқалады – Арктика мен Антарктиканың полярлы шөлдерінің қатаң, ұзаққа созылған қысы мен қысқа мерзімге созылған салқын жазы, экваторға дейін созылған жоғарғы және тұрақты температура .
Таулы жерлерде температураның вертикальды градиенті байқалады. Топырақта температура жағдайы біршама өзгеше. Тереңде мезгілдік және басқа да температуралық ауытқулар өзгеріп отырады және температуралық режим тірі организмдер үшін тұрақты жағымды жағдайда болады. Мұхит суларында температура режимі азырақ ауытқиды. Тереңде температура тұрақтылығы өседі. Құрлық суларында жағдай басқаша. Температура диапазоны нөль градустан өсе береді, қайнауға дейін барады (прокариоттар мекен ететін термальды су көздері).
Жалпы барлық химиялық реакцияларға тән Вант – Гофф ережесі бойынша температура көтерулі реакция жылдамдығынаның өсуіне пропорционалды.
Тірі организмдердегі ферментті реакция жылдамдығы температураның біртекті сызықтық қызметіне жатпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |