9.3 Қазақстандағы түрлердің қазіргі таңдағы алуантүрлілігі: флорасы, фаунасы.
И.О.Байтулиннің мәліметтері бойынша Қазақстанда өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы – саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы –қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрізділер және 6 мыңнан астамы – жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердің 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелінген 500-ден аса түрлерді қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Оның ішіндегі 730 түр тек Қазақстанда өсетін – эндемиктер. Бұлардың ішіндегі ең ерекше 12 монотипті туыс бар: физандра,рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл, птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия. Қазақстан флорасындағы түрлердің басым бөлігі 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы құрлықтық өсімдіктердің қалдықтары ОңтүстікБалқаш өңірі мен Бұрынтауда жоғарғы ордовиктік қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрізділерге жататын Akdalophyton caradockі пенқырықбуынға жататын – Sarіtuma tatjanae. Бұлар шамамен 450 млн. жыл бұрын тіршілік еткен.
Республикамыздың қазіргі флорасы эоцендік субтропиктік (36 – 58 млн. жыл бұрын), олигоцендік орманды-мезофильдік (26 – 35 млн. жыл),неогендік ежелгі жерортатеңіздік таулы-ксерофиттік, субтропиктік-ксерофитті бұталық және миоцен-плиоцендік алғашқы далалық (13 – 25 млн. жыл), плейстоцендік (2 млн. жыл) флоралардың негізінде қалыптасқан. Республикамыздың қазіргі флорасы эоцендік субтропиктік (36 – 58 млн. жыл бұрын), олигоцендік орманды-мезофильдік (26 – 35 млн. жыл),неогендік ежелгі жерортатеңіздік таулы-ксерофиттік, субтропиктік-ксерофитті бұталық және миоцен-плиоцендік алғашқы далалық (13 – 25 млн. жыл), плейстоцендік (2 млн. жыл) флоралардың негізінде қалыптасқан. Қазақстан жерінде таралуы, түрлер мен эндемиктердің топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлі. Республиканың осыншама бай өсімдіктер дүниесі түрлердің биологиялық,экологиялық, эволюциялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлібірлестіктер мен қауымдастықтарда жүйеленген. Қазақстанның жазық бөлігі орманды далалық, дала, шөлейт және шөл белдемдеріне (аймақтарға) ажыратылады. Орманды далалық аймақ – республика жер аумағының 2,04%-ын алып жатыр, 54Әс.е-тен жоғары Көкшетау мен Петропавл қалаларының маңында орналасқан. Ормантүзуші түрлер: жылауық қайың, талдың бірнеше түрлері, бұталардан: итмұрын, тобылғы, далалық шие, т.б. бар. Бұл белдемнің шалғындық және далалық телімдерінде алуан түрлі шөптесін өсімдіктер мен астық тұқымдас шөптер басымдылық ететін қауымдастықтар таралған. Бұл аймақ 2 белдемге бөлінеді: 1) оңтүстік ылғалы аз қоңыржай жылы орманды дала белдемі – сұр ормандық топырақта қайыңды-теректі, теректі ормандар, ал қара топырақта шалғынды-далалық экожүйелер орналасқан; 2) қоңыржай құрғақ шоқталған орманды дала белдемі – қайыңды-теректі шоқ ормандар мен қара топырақтағы алуан-түрлі және астық тұқымдасты шөптесін өсімдікті далалық экожүйелер таралған.
Далалық аймақ еліміздің жер аумағының 28%-ын алып жатыр, аумағы 110,2 млн. га, батыстан (Еділ-Жайық өзендері аралығынан) шығысқа қарай (Алтай-Тарбағатай тау бөктері) 2500 км-ге созылып жатыр. Далалық флораның құрамында 2000-нан астам түр бар деп шамаланады. Оның 175-і – эндемиктер. Негізгі басым түрлер: қау (боз), сонымен қатар бетеге, тобылғы, қарағай, аласа бадам.
Фауна (лат. Fauna – Ежелгі Рим мифологиясы бойынша орман мен егістік құдайы; жануарлар қамқоршысы) – белгілі бір аумақта мекендейтін не Жер тарихының белгілі бір кезеңінде тіршілік еткен барлық жануарлар түрлерінің жиынтығы.
Қазақстанның қазіргі Фаунасы төрттік кезеңде қалыптасқан әр түрлі Фауна кешендерінен (тайга, орман, дала, шөлейт, шөл,палеотропиктік т.б.) құралады, жергілікті түрлермен қатар шеттен келген түрлер де көп. Республика Фаунасы балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілердің түрлеріне бай. Республика жерінен көптеген қазба жануарлар табылды. Қазақстанның табиғи аймақтарына қарай олардың Фаунасы да әр алуан. Республика жерінің:
Әр аймақтың өзіне тән Фаунасы бар. Орманды далада: қоян, бұлан, елік, құр, кекілік, т.б.; далада: суыр, дала шақылдағы, саршұнақ, дуадақ, безгелдек, қараторғай, т.б.; шөл мен шөлейтте: ақ бөкен, қарақұйрық, қосаяқ, құмтышқан, жылан, улы өрмекші, қарақұрт, т.б.; тауда: арқар, таутеке, марал, құну, қоңыр аю, барыс, ұлар, жылқышы, т.б. мекендейді. Табиғи факторлар мен адам әрекеті салдарынан республика Фаунасы да елеулі өзгерістерге ұшырады. Тек төрттік кезеңнің өзінде ғана Қазақстан жерінде түйеқұс, орман пілі, Мосбахжылқысы, жабайы есек, Мерке мүйізтұмсығы, алып түйе, байырғы елік, жалпақ маңдайлы бұлан, Шетензаки бизоны, Хозар мамонты, тарпан, мамонт, семсер тісті жолбарыс, жүндес мүйізтұмсық, тур (жабайы сиыр), үңгір аюы, үңгір арыстаны, т.б. жойылып кетті. Сирек кездесетін, саны өте аз жануарлар қорғауға алынған; “Қазақстанның қызыл кітабы”.
Қазіргі кезде Жер бетінде жануарлардың 1,5 млн-нан астам түрі белгілі, жыл сайын 10 мыңға жуық жануарлар түрі анықталады. Фаунаны зерттеудің тәжірибелік маңызы өте зор. Фаунаны зерттеумен зоогеографияның фаунистика саласы шұғылданады.
Әр түрлi сүтқоректілердің жартысына жуығы кемірушілер құрайды (Rodentia-82 түрі), олардың арасынан биоалуантүрлілiктi сақтау Қазақстан үшiн эндемикалық түр селевиния немесе баялыш қарақасы құрайды; сонымен қатар өте қызықты Батыс Тянь-Шань эндемигi - көк суыр (marmota menzbieri).
Аңшылыққа арналған сүтқоректiлердің 33 түрлерінің арасынан бiрiншi орында тұяқты (бұлан, қабан, елiк, ақбөкен, сiбiр таутекесi, марал) жыртқыштар (күзендер, қасқыр, түлкi, қарсақ, борсық, сiлеусiн, аю, құну, бұлғын, сахаралық және ормандық бұлғын тағы басқалар) осы екі топтың өкілдері түр ретінде қызыл кітапқа еніп жоғалып кету қаупінде тұр.
Ертеден келе жатқан жануар ақбөкеннің (Saiga tatarica) өмірі XX ғасыр басында жоғалып кету шегінде тұрды, өндiрушiлер және ғалымдардың жұмсаған күштерi арқасында сақталынды. Қазір ақбөкендер олардың санының маниторингісіне байланысты ең маңызды ойландыратын түр болып саналады.489 құс түрінің арасынан аулауға арналған сулы-батпақты жерде тіршілік ететін 43 түрі бірінші орында (тырна тәрізділер, сұқсырлар, гагара т.б). Қазақстанның далалы және шөлді жеріндегі суқоймаларында осы құстардың жүз мыңдайы ұялайды, мезгілдік күздік және көктемдік миграция кезінде олардың территориясында миллиондаған үйректермен, қаздар, казароктар қоныстанады..
Аулауға маңызды құстардың арасында екінші орында тауықтар отрядының өкілдері (шілдер, қырғауылдар, фазан, кекліктер, ұлар) болады. Қазақстанда жыртқыш құстардың 35 түрі кездеседі бүркіттер және т.б. Өкінішке орай олардың жартысы (барлық ірі бүркіттер, сауысқандар) сиреп Қазақстанның қызыл кітабына еніп, соның ішінде бүркіт Қазақстанның елтаңбасына енді.
Қазақстанның фауналарындағы барлық эндемикалық құстар арасынан жалпы қауырсындылар қатары Қазақстанның территориясына арналған далалық құс, мысалы қара тырна тек Волганың жағасында шектелген территорясында тіршілік етеді.
Бауырмен жорғалаушылардың 49 түріне ұзақ уақыт бойы дайындық жүргізілді (жылына 40-180 мың данадан) Қазақстанның оңтүстік-шығыс, оңтүстік аймағында тіршілік ететін дала тасбақасы санаулы екені белгілі болды. Медицинада қолданылатын жылан уын алу үшін ұстайтын улы жыландарға қауіп төніп тұр. Соңғы жылдары әртүрлі өрмекшілердің уына сұраныс көп болып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |