Оқулық " Экология"мамандығы


Экожүйелердің шаруашылық қорлары және агроэкожүйе



бет97/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   125
treatise95823

Экожүйелердің шаруашылық қорлары және агроэкожүйе
Табиғи экожүйелердің ресурсты-шикізат қоры- биомдар бойынша флора, фауна, доминантты өсiмдiктер түрлерінің ареалын қоса алғанда ортақ экологиялық карталар арқылы анықталады.Алдын ала талдау ормандар, шабындықтар, жайылымдар және пiшенді шабындықтар, дәрiлік - техникалық шикiзаттарға, аңшы-кәсiпшiлiк жайылымдарға, рекреационды (соның iшiнде туристтiк және курорт) ресурстар үшiн жүргізілді.
Аңшылық-кәсiпшiлiк, дәрiлік-техникалық өсiмдiктер және рекреация аумақтарының аудандары шамамен алынған, өйткенi оларды жергiлiктi және түрлердiң көптүрлілігі арқылы есепке алудың пайдасы аз. Зоналық және климаттық шарттарғы тәуелді, жыл мен жыл маусымдарына байланысты жайылымдар, пішендер, егістіктер және дәрiлiк өсiмдiктер өнімділігі, ағаштарды кесу нормаларының өнiмділігі, сонымен бiрге жануарлар саны едәуiр толқиды.
Ландшафтардың ерекше топтарын адамдар арқылы жасалатын және реттелетін экожүйелер құрайды: егістіктер, бау-бақшалар, жүзімдіктер, орман пактері, елді мекендердегі орман парктері, топырақ қорғаушы жол бойындағы орман жолақтары, техногенді бұзылған аймақтардағы қайта қалпына келтірілген жерлерге егілген орман қорлары, жайылымдарды жақсарту, агроценоздар және т.б жатады.Олардың алуантүрлілігі шаруашылық әрекетіне байланысты және адам арқылы анықталады.Далалық аймақтарда кең алқалы тың жерлерді игеру нәтижесінде көптеген плакорлық типті далалық экожқйелер жойылған.Соның салдарынан топырақтың дегумификация, эрозия процестері басталып табиғи флораның алуантүрлілігі азайған. Тегістік дала жерлердің 90 пайызы жыртылып (айдалған), ал арқа төбешіктердің -30 пайызы. Қазіргі уақыттарда тың жерлердің кейбіреулері пайдаланбайтын жерлерге айналған, мұндай экожұйелер динамикалық жағдайларына қарағанда демутациялық стадиядағы жерлерге жатады.Қазақстанның далалық жіне орманды далалық көптеген табиғи экожүйелерінің жойылуы қазіргі кездегі биоалуантүрлілікті сақтаудағы және жойылған экожүйелерді өңдеудегі проблема, айталық бетегелі шөптесін жерлердің 8,5 миллионға далалық шөптесін 13,6 миллион гектар жерлер көптеген пайдалы өсімдіктердің қоры далалық жерлерде жойылып қызыл кітапқа енген, оның ішінде 21 тағамдық, 20 дәрі- дәрмектік түрлер және т.б. Респуликада егістікке пайлаланылатын жерлердің көлемі 29,1 миллон гектар, сондықтан агроэкожүйелердің биоалуантүрлілігі бағалуды қажет етеді.Агрофитоценологияда элементтік таксономиялық белгі болып агробиоценоз саналады, демек ондай жүйе автотрофтық және гетеротрофтық организмдерден құрылған.Автотрофтық (продуценттерге) жататындар жоғарғы сатыдағы жасыл мәдени жіне арамшөптер, топырақтағы балдырлар және хемосинтетикалық бактериялар .Гетеротрофтыларға жататын (консументтер мен редуценттерге) – жануарлар топтары , бактериялар, саңырауқұлақтар, актиномицеттер және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер- паразиттер. Агробиоценозда басты орын алатын агрофитоценоз ,демек өсімдіктер қауымдастықтары ,ал оның ішінде жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктер (мәдени және арамшөптер) консументтер мен редуценттерді энергиямен қамтамасыз етуші.Алуантүрлілікті сақтауды ең маңызды практиалық орын алатын жоғарғы сатыдағы жасыл өсімдіктер, сондықтан олар ерекше талдауды қажет етеді.Агрофитоценоздардың биоалуантүрлілігі біріншіден құрамына кіретін мәдени өсімдіктер мен арамшөптердің түрлерінің саны мен (флористикалық алуантүрлілік анықталады,сонымен қатар арамшөп және мәдени өсімдіктердің түрлерінің арасындағы сандық қатынастарымен(фитоценотикалық алуантүрлілік).Қазақстан Республикасының топырақ пен климаттық алуантүрлілігі ауылшаруашылық өндірісінің көп салалығымен анықталады, оның ішінде егістік өсімдіктер саласы (растениеводства).Қазақстан Республикасында солтүстік аймақтарының өсімдіктерімен қатар суғарымды жерлерде өсірілетін оңтүстік жылуды қажет ететін мәдени өсімдіктер өсіріледі.Негізгі мәдени өсімдіктердің түрлері:

  • бидай тұқымдастары- бидай, ақ бидай, қара бидай, арпа, тары, жүгері, күріш, сорго, қарақұмық , бұршақ тұқымдастары ,

  • Техникалық – картоп, мақта, қант қызылшасы, күнбағыс.

  • Көкөністер- орамжапырақ, редька, қызанақ, бұрыш, баклажан, сәбіз, қияр, сарымсақ, пияз, қызылша, салат

  • Бау-бақша - қарбыз, қауын, асқабақ т.б

  • Мал азықтық – жоңышқа, судан шөбі, мүт, рапс т.б

  • Жеміс-жидекті- алма, алмұрт, қара өрік, шабдалы, шие, жүзім, қарақат, құлпынай т.б

Қазақстан Республикасында аталған өсімдіктердің көптеген сорттары пайдаланылады, оның ішінде қазақстандық селекциясы олар агрофитоценоздардың түраралық алуантүрлілігін анықтайды. 1933жылдан бастап республикада 70-тен астам бидай тұқымдастарының сорттары шығарылып аймақтарға аудандастырылды. 68 жеміс-жидек сорты ,60-тан астам бау-бақша ,23-картоп сорттары.Агрофитоценозда арамшөп болуы міндетті емес, дегенмен кез-келген агрофитоценозда арамшөп түрлері кездеседі. Арамшөптерді жойу мақсатында қолданылатын химикаттар (гербицидтер) топырақтың ластануына және фаунаның жойылуына апарады.Иесіз қалған егістік жерлерде өте көп арамшөптер дамиды, олардың алуантүрлілігі анықталмаған. Оның себептері жер пайдалану технологиясы және топырақ трансформациясы ,сонымен қатар тыңайтқыштар пайдалану, ирригация және зиянке жәндіктер мен арамшөпке қарсы пайдаланылатын химикаттар.Игерілмей қалған экожүйелерде азот қажет ететін өсімдіктер түрлері пайда болады, ал сортаңданған суғарымды жерлерде тұзды қажет ететін түрлер 15-20 жыл көлемінде өңделу процесінде пайда болған негізгі өсімдіктер түрлері біржылдық арамшөптен көпжылдық зоналды арамшөп түрелеріне айналады.Егістік жерлер топырағында өңделмейтін өзгерістер (дегумификация, тұздану, эрозия) т.б сол аймаққа тән емес өсімдіктер түрлері пайда болуына байланысты арамшөптер мынадай екі топқа бөлінеді: арамшөп-апофиттер және арамшөп- антропохорлар. Арамшөп апофиттер жергілікті табиғи фитоценоздардың егістік алқабына еніп, солардың арасында тұрақтанады.Дегенмен, арамшөп апофиттердің көпшілігі адамның агротехникалық әсерінен шыдамайды , соныдықтан фитоценоздан шығып қалады. Арамшөп анропохорлар ең қауіпті болып саналады, демек адам арқылы таралады. Олардың пайда көпшілігің пайда болу орталығы мідени өсімдіктердің пайда болу орталықтарымен сәйкес келеді, сондықтан қзіргі кездегі егістік алқаптарда ластайды.Олардың таралуы жер шарының барлық бөлшектерінде анықталған, сондықтан оларды космополит өсімдіктер деп атайды. Қазақстан Республикасында аталған арамшөптердің екі тобы да таралған- апофиттер мен антропохорлар. Ең көп таралған арамшөптер 55 тұқымдастар, 294 туыстар,582 түрлерден тұрады.Аса көп таралған тұқымдастар кұрделігүлдер 194-түр, бидайтұқымдастар- 64 түр және басқалары 30-39 түрден тұрады.

10-шi сурет. Қазақстан Республикасының түрлерінің әртүрлілігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет