Жылу реттелу механизмдері.Организмнің жылу реттеуші гомеостазын қамтамасыз ететін физиологиялық механизмдер (оның «ядросы»), топтық қызметі екіге бөлінеді: жылуреттелудің химиялық және физикалық механиздері. Химиялық жылуреттелу организмнің жылуөнімдерін реттейді. Бұл процесс қоршаған орта температурасы төмендегенде немесе жоғарлағанда жауап ретінде рефлекторлық күшейеді.Жылу үнемі организмдерде метаболизм реакциясының тотығу – тотықсыздану процестері арқылы бөлініп отырады. Сондай – ақ, оның бір бөлігі сыртқы орта мен дене температурасы арасында алшақтық өскен сайын сыртқы ортаға көбірек бөлінеді. Сондықтан сыртқы орта температурасы төмендеген жағдайда дене температурасы тұрақтылығын ұстап тұру үшін соған сәйкес метаболизм процесінің үдерісі және организмнің жылу тепе – теңдігін сақтаушы, қалпына келтіруші жылу шығарушы қажет.
Арнайы жылушығару қаңқа бұлшықеттерінде орналасқан. Жылуреттеуші тонус микроқысқарған фибриллдерде көрінеді, сыртқы қозғалмайтын бұлшықеттердің жоғарғы электрлік белсенділігі оның салқындаған кезінде тіркелген. Сондай – ақ бұлшықеттердің оттегін пайдалануы бір сағатта 15 % болатыны бақыланған. Қатты салқындаған сәтте жылуреттеуші тонус бірден жоғарлайды да бұлшықеттер жақсы жиырылады. Газалмасу бұл кезде 300 – 400 % - ға өседі. (К. П. Иванов, 1965).
Суықтың ұзаққа созылған әсерінен термогенездің қысқарған типі алмасуы (немесе толығуы) мүмкін, бұлшықет ұлпасының тыныс алуы бос (фосфорлаусыз) жолда қайта қосылуына байланысты фаза жасалуы төмендейді және АТФ ыдырауға ұшырайды.
Сүтқоректілер (сондай – ақ құстар да) жауырынаралық кеңістік аймағында, мойын және кеуде омыртқа бөлігінде май ұлпаларының ерекше қарқынмен тотығуына байланысты термогенездің тағы бір формасы жинақталып қалыптасады.
Сұр май көптеген митохондриялардан құралады және үлкен мөлшерде қан тамырларынан тұрады.Суықтың әсерінен сұр майға қанның келуі өседі, тыныс алуы жиілейді, жылу бөліну өседі. Бұл кезде ең маңыздысы жақын орналасқан мүшелер қыза бастайды: жүрек, ірі қан тамырлары, лимфа түйіндері, сонымен қатар жүйке жүйесі.Осылайша сұр май шұғыл жылу – жасаудың қайнар көзі ретінде пайданыланды.
Физикалық жылуреттелу морфофизиологиялық механизмдер кешені көмегімен дене температурасын қалыпты мөлшерде ұстап тұратын процесс.Жылуоқшаулау құрылымы (қауырсын, түкті тері) дене айналасында ауа қабатын ұстап тұру арқылы жылуоқшаулау рольін атқарады.
Тері жамылғысы параметрлерінің (көлемі, тығыздығы және т.б.) рефлекторлық басқаруы организмнің тез және қарқынды жауабын қамтамасыз етуде жылу тепе – теңдігінің бұзылуы химиялық жылуреттелуде жұмсалатын энергияға қарағанда азырақ болады.
Гомойотермді жануарлар үшін судың булануы салқындау механизмі (терінің терлеуі, ауыз қуысындағы сілекей қабатының ылғалдануы, жоғарғы тыныс алу жолдарындағы тыныс алу жиілігінің өзгеруі) тән, сол сияқты тамыр арқылы берілетін реакция (теріге жақсы орналасқан ұсақ қан тамырларының кеңейюі мен тарылуы жылу қабылдағандағы өзгерісі болып табылады).
Бейімделу тәртібі жылуреттелуге жұмсалатын энергияны үнемді бағыттайды. Микроклиматтың ерекшелігін қолдайды және пайдаланады.Қайтымды гипотермияда бірқатар гомойтермді жануарлар метаболизм қарқындылығының төмендеуіне байланысты тыныштық күйге енеді және дене температурасы төмендейді. Маусымдық және тәуліктік ырғақты гипотермді түрлерде термофотопериодты реакцияға байланысты эндогенді биологиялық сағат дамыған.
Достарыңызбен бөлісу: |