Оқулық " Экология"мамандығы



бет15/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   125
treatise95823

СУ ЖӘНЕ МИНЕРАЛДЫ ТҰЗДАР.
Тірі организмдердің тіршілігі үшін су аса маңызды болып табылады. Ол протоплазманың негізгі құрам бөлігі, биохимиялық реакцияның негізгі ортасы. Нәр беретін заттар организмде су ертіндісі түрінде айналымға түседі; осындай түрде тасымалданады, ал азғантай дәрежеде диссилиляция өнімдерін организмнен бөліп шығарады.
Су өсімдіктер мен жануарлардың негізгі салмағын құрайды; оның ұлпадағы құрамы 50 – 80% шамасында өзгеріп отырады, ал кейбір түрлерде одан да едәуір жоғары болады. Осылай медузалардың денесі 95% шамасында судан тұрады, көптеген моллюскалар ұлпаларында 92% дейін су болады. Клеткаішілік және клеткааралық алмасулар су және еріген тұз мөлшеріне едәуір тәуелді келеді, ал гидробионттарда – сыртқы ортамен осмостық арақатынас қалыптасқан.
Жануарлардағы газ алмасу тек қана беткі бөлігі дымқыл болғанда болуы мүмкін. Жер бетінде тіршілік ететін организмдерде ылғалдың булануына сыртқы орта жылу тепе – теңдігі қатысады. Сыртқы ортамен организмнің су алмасуы екі қарама – қарсы процестерден құралады: организмге судың келуі және оның сыртқы ортаға берілуі. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерден бұл процесс топырақтан тамыр жүйесі арқылы суды сіңіруіне негізделген, оны (еріген заттармен бірге) жеке мүшелер мен клеткаларға өткізеді. Су алмасуда 5% - шамасында су фотосинтезге жұмсалады, ал қалғаны буланудың орнын толтырады және тургор құбылысына жұмсалады.
Жануарлар суды ішу арқылы қабылдайды, бұл көп формаларға тән, тіпті суда тіршілік ететіндер үшін де қажет. Организмнен судың шығарылуы несеппен және экскременттер арқылы, сондай – ақ булану жолымен іске асады.
Көптеген организмдер, әсіресе суда тіршілік ететіндер тері жамылғысы арқылы немесе су кіретін ұлпаның арнайы бөлігі арқылы суды қабылдап және шығаруға қабілетті. Мына жағдай жер бетінде тіршілік ететіндерге қатысты: тұманнан, жаңбырдан ылғалды сіңіру өсімдіктердің көпшілігіне, омыртқасыз жануарларға, амфибияларға тән. Жануарлар үшін судың маңызды көзі қорегі; бұнымен оның су алмасудағы мәні өзгермейді, ұлпалардың қоректік объектілері сумен тығыз байланысты.
Органикалық заттардың тотығуы процесі нәтижесінде организмдерде метаболикалық су пайда болады. Үдемелі қоректену нәтижесінде организде май қорлары жинақталады; осындай май қорлары екі есе қызмет атқарады: энергия көзі және клетка мен ұлпаға келетін су көзі. Әртүрлі сыртқы орталарда ылғалмен қамтамасыз ету жағдайының өзгерісінен, географиялық аймақтарда және мекен ету орталарында кең ауқымды арнайы эволюциялық бейімделуге әкеліп соқты.
Судың экологиялық мәні оның әртүрлі су көздеріне жинақталуымен шектелмейді. Жер бетіне түсетін жауын – шашынның алатын орны ерекше, су көздерін толықтырады, топырақ ылғалдылығын және ауа ылғылдылығын сақтайды. Жауын – шашын таралуы біркелкі емес. Тропикалық ормандарда мм шамасында (1 жылда 1 л) (Гавай араланда 12 л), шөлді тропикалық белдеуде – жылына 200 мм (Сахара, Арабия шөлдері, Оңтүстік Калифорния).
Қоңыржай белдеуде, Орта Азия, Иран т.б. шөлдерде жылдық жауын – шашын мөлшері 250 мм шамасында осы белдеудің ормандарында – көп (Колхидте – 2500 мм), бірақ жалпы жауын – шашын мөлшері тропикалыққа қарғанда молырақ түседі. Жауын – шашын мөлшері бір сағат ішінде маусымға байланысты тез ауытқиды.
Ауа ылғалдылығы су булары құрамына, олардың мөлшеріне әсер етеді. Ауа ылғалдылығы судың тері жамылғысына өтумен, сондай – ақ осы жолмен суды жоғалтуымен және тыныс алу жолдарына енуімен анықталады. Соңғы жағдайда қанығудың жетістіктік көрсеткіші маңызды мәнге ие болады – булану мөлшері арасындағы әртүрлілік, сол температурада ауаның қанығуы, және абсолютті ылғалдылық.
Су алмасу тұз алмасумен тығыз байланысты. Организмнің қалыпты қызметі үшін тұздардың біршама жиынтығы (иондар) қажет, тұздар ұлпа құрамына кіреді, клеткадағы алмасу механизмдеріне маңызды рөль атқарады. Су және тұз мөлшерінің өзгеруі осмостық процестерді және иондық тепе – теңдікті алға жылжытады. Зат алмасудың судық және тұздық аспектілері ортақ байланысқан, сондықтан сыртқы орта жағдайына бейімделуді су – тұз алмасуы деп те атайды. Организмдер үшін сулы – тұзды алмасуы тұрақтылығының сақталуы аса маңызды болып табылады, осмостық процестер тек қана суборганизм деңгейінде ғана орындалмайды, сондай – ақ тұздылық маңызды параметр ретінде болатын оларды қоршаған су ортасымен де орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет