Оқулық " Экология"мамандығы



бет12/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   125
treatise95823

Енжар орнықтылық.Белсенді тіршілік әрекеті температуралық диапазонның шекарасын жеткенде көптеген организмдерде зат алмасу процесі деңгейінің көбірек төмендеуін сипаттайтын тыныштық күйге ену реакциялары байқалады.
Пойкилотермді организмдерде температураның көбірек жоғарлауы немесе ерекше төмендеуінде ешқандай патологиялық зардапсыз төзе алады. Мұндай температуралық төзімділіктің негізгі барлық түрлерге тән және күшті құрғауға шыдамды (тұқымдар, споралар, кейбір ұсақ жануарлар) жоғары дәрежеде ұлпа тұрақтылығы мен төзімділігі тән.
Тыныштық күйге енуді бейімделу реакциясы ретінде қарауға болады. Соған қарамастан температура шегінен асып кеткен жағдайда төзімділік шегіне жетіп организм өлімге ұшырайды. Температураға бейімделу мүмкіндігінің белсенді формасы (жылуреттелу элементтері) пойкилотермді организмдер қимыл – қозғалыстың белсенді қабілетіне байланысты денесінің жоғарғы температурасын ұстап тұруға мүкіндік алады.
Ара ұясында температураның реттелу деңгейі особьтардың үлкен санының қанаттарын дірілдету жолдары арқылы болатындығымен ерекшеленетіні жақсы белгілі.
Салқындау әрекетінде ылғалды буландыру кеңінен таралған. Жануарлар үшін бейімделу мінез – құлықы тән: көбірек жағымды микроклимат орындарын белсенді таңдап және ауыстыра біледі.


ГОМОЙОТЕРМДІ (ЖЫЛЫҚАНДЫ) ОРГАНИЗМДЕР.
Бұл топқа жоғары сатыдағы омыртқалылардың екі класы – құстар және сүтқоректілер тән.Пойкилотерді организмдерден айырмашылығы жылуалмасу (грекшен homoios – бірдей, ұқсас) жануарлар, сыртқы орта температуралық өзгерісіне бейімделген, оларда организмнің ішкі ортасында белсенді механизмдердің кешенді қызметі жылу гоместазын ұстап тұрады. Осының арқасында биохимялық және физиологиялық процестер әрдайым ұтымды температуралық жағдайда өтеді.
Гомойотермді организмдерде пойкилотермділерге қарағанда метаболизм қарқындылығы бір, екі қатарға жоғары. Олар жылу тепе – теңдігін ұстап тұруға өзіндік жылуөнімдерін пайдаланады. Сондықтан құстар және сүтқоректілер маңызды қасиеті бар организмдерге жатады, сыртқы орта температурасына организмдердің тіршілік әртекті тәуелділігі айтарлықтай төмендейді.
Гомойтермді жануарлардың дене температурасы еркін, биік тұрақтыққа ие. Тіпті арктикалық және антарктикалық түрлер орта температурасының 50 С0 – қа дейін төмендеуіде дене температурасы 2 – 4 С0 шамасында ғана өзгереді ( құстарда 41 С0 шамасында).
Сүтқоректілерде дене температурасы құстарға қарағанда бірніше есе төмен, және көптеген түрлер күшті тербелістерге ұшырайды. Сүтқоректілерде түр ерекшілігіне тән дене температурасы қалыптасқан Түраралық айырмашылық 30 – 39 С0 диапазонына сәйкес келеді. Көптеген сүтқоректілерде дене температурасы ұйқыға кеткенде төмендейді (10 С0 – тан 4 – 5 С0 дейін).
Барлық айтылғандар дененің жылу жағдайын сипаттайтын жылушығарушы «ядро» терең дене температурасына жатады. Барлық гоймойотермді жануарлардың сыртқы дене қабаты (терісі, бұлшықет бөліктері және т.б.) температурасын барынша өзгерте алатын «қабат» құрайды. Осылайша, тұрақты температура маңызды ішкі мүшелердің және процестердің бірін ғана сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет