Оқулық " Экология"мамандығы



бет25/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   125
treatise95823

Бақылау сұрақтары:

  1. «Экологиялық валенттілік» туралы түсініктің мазмұны қандай?

  2. Модификациялық фактордың ролі қандай?

  3. Лимитті фактор дегеніміз не?

  4. Бейімделудің екі деңгейлігі ережесіне анықтама беріңіз?


ІІІ-БӨЛІМ.ҚАУЫМДАСТЫҚТАР ЭКОЛОГИЯСЫ – СИНЭКОЛОГИЯ

    1. Түрааралық өзара қарым-қатынас: бейтарап, оң және теріс.

Популяциялар табиғатында түрлер бір-бірінен оқшауланып қалыптаспайды, әртүрлі үлгідегі қатынаста, бір-бірімен тығыз байланысып, өзара тәуелділікте болады. Тірі организмдер бірлестігі деп - организмдердің өзара байланысы мен бірлесіп, топтанып қоректенуін атайды.
Мамандардың санауы бойынша, егерде қауымдастықта 1000 түр болса, олардың арасындағы байланыс саны теориялық тұрғыдан 499500 жетуі мүмкін. Негізінде қауымдастық түрлерге өте бай боп келеді, мысалы, Онежский өзеніндегі тірі организмдер қауымдастығы 2000 түрден аса, ал Азов теңізінде – 10000 түр және т.б. бірлестіктегі тірі организмдердің барлығының қарым-қатынасын бөліп қарастыру өте қиын. Түрлердің бір-біріне тәуелділігінің қарапайым мысалы, бір түр екіншісіне азықтық қызмет атқарады. Дегенмен тәуелділіктің нәзігірек формасы бар. 1947 жылы Е.Хаскель барлық түраралық қатынасты 3 топқа ажыратуды ұсынды: бейтарап (нейтральды), теріс (отрицательный) және оң (положительный)
Нақты биоценозда түраралық қарым – қатынас әртүрлі түрлер популяциясының өзара әрекетінің күрделі формасы арқылы жүзеге асады.
Экожүйенің басты қызметі ретінде биологиялық айналымның жүруін қамтамасыз ететін қоректік байланыстар оның негізін құрайды.
Антибиоз нейтролиз және симбиоздарда түраралық қарым – қатынастардың жалпы теориясы деп айтуға болады.
Антибиоз – бәсекелестік қарым – қатынас қандай да бір түр бір белгілі әсер ету аймағына басқа түрлер дараларының орналасуына толығымен кедергі келтіреді. Антибиоз бәсеке түрге химиялық әсер етумен жүзеге асады және бірқатар саңырауқұлақ және прокариот түріне тән болып келеді.
Нейтролизм – түрлер арасындағы қарым – қатынас түрі, тікелей өзара байланыс формаларын қалыптастырмайды.
Симбиоз (грек тілінен symbiosis – бірге өмір сүру) – екі түрге де пайдалы өзара функциялық тығыз байланыс пайда болатын қатынас түрі
Мутуализм, (латынша mutlus – өзара ықпалдас), немесе тек қана біреуіне ғана пайдалы (комменсализм, латыннан com – бірге, mensa – тамақтану). Мутуализмнің мысалы – ішек бактерияларымен өсімдікқоректі жануарлар.
Комменализмге мысалы – жабысқақ – балықтар акуланың денесіне жабысып кеңістікте таралып оның қорегінің қалдықтарымен қоректенеді.
Комменсализм күнінде бір панада (інде) бірнеше түрлер тіршілік етеді. Үлкен көртышқаның Phombombys інінде, мысалы 212 түрлер тіркелген: сүтқоретілер, құстар,рептилиялар амфибиялар, моллюскалар, жәндіктер, кенелер, құстар және т.б.).


5-ші сурет Түраралық өзара қарым-қатынас
Бейтарапты қатынасқа нейтрализм жатады. Нейтрализм – бұл бір территорияда мекендейтін екі түрдің бір-біріне оң және теріс зардаптары жоқ, биотикалық қарым-қатынастың формасы. Нейтрализм кезінде түрлер бір-біріне тікелей байланысты емес, бірақта негізінен бірлестікке толығымен тәуелді болады. Мысалы, тиындар мен бұғылар бір орманда мекендейді, іс-жүзінде бір-бірімен байланыспайды. Бірлестіктегі тойған түрлердің арасында нейтрализм типіндегі қатынас ерекше дамыған.
Т

еріс ара-қатынастағыларға жататындар: бәсекелестік, жыртқыштық және паразитизм, антибиоз және аллелопатия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет