Оқулық " Экология"мамандығы


ОРГАНИЗМДЕР ДЕҢГЕЙІНДЕ ЖАЛПЫ БЕЙІМДЕЛУ ҚАҒИДАЛАРЫ



бет23/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   125
treatise95823

2.6.ОРГАНИЗМДЕР ДЕҢГЕЙІНДЕ ЖАЛПЫ БЕЙІМДЕЛУ ҚАҒИДАЛАРЫ.
Оптимум ережесі.Сандық көріну (әсер етудің қарқындылық дозасы) факторы организм қажеттілігіне сәйкес және оның тіршілігі үшін қолайлы орта қалыптастырушы.
Фактор шкаласының сандық өзгерісі диапозон толқуы, көрсетіп тұрған жағдайға сәйкес зона қалыптастырады. (Сурет 4.).





А БП

БПтах
БПвк

гф


Сурет 4. Түрлердің факторлық орта градиентіндегі экологиялық аймақ потенциалы.


БП

Абцис осьі – орта факторының градиенті (ТФ), мысалы температура. Ординат осьі – түрлердің биотикалық потенциалы (саны, көбеюі т.б.).
НП – төменгі пессимум – фактор жетіспеуінен тіршілік зонасының төменгі қауіпті нүктесі. НЗР және ВЗР – төменгі және жоғарғы зона реттелуінің сәкестігі, оптимальды мәнінен фактордың ауытқуына қарамастан экологиялық реттелу механизмінің арқасында түрлердің қалыпты тіршілігі сақталады.
ВК – жоғары қауіпті нүкте; ВП – жоғары пессимум – фактор салмағының жоғарлауынан тіршілік зонасының бұзылуы.
(Т.А. Акимова, В.В. Хаскин, 1994).

Фактордың сандық көріну зонасы, оптимумнан ауытқиды, бірақ организм тіршілігіне қауіп төндірмейтіндіктен, О2 – (оттегін) үздіксіз келіп, СО2 – (көмірқышқыл газы) бюөлініп шығу нәтижесінде органикалық субстрат тотығады. Газалмасу механизмі газдар диффузиясында – оттегі және көміртегі екі оксидінің – градиент бойынша концентрациясына тең. Бұл анықталу эволюция жолында газаалмасуды және осы жүйенің экологиялық механизмдерін әртүрлі тіршілік жағдайында оттегінің қажетті мөлшерімен қамтамасыз етті.


Өсімдіктердегі тыныс алудың фотосинтезден айырмашылығы барлық мүшелері мен ұлпалары арқылы іске асады. Өсімдікке оттегі устьице саңылаулары арқылы енеді, клетка қабырғасындағы сұйықтықта еріп және осы жерден градиентке тең қысыммен цитоплазмаға енеді. Осыған байланысты қабаттың ылғалдылығы мен мембранадағы су алмасу жағдайы тыныс алу процесін байланыстырушылығы туралы маңызды мәселе туындайды. Негізінде өсімдіктердің (ең болмағанда жер беттіндегі бөлігі) оттегімен қамтамасыз етілуде шектелмеген.
Топырақтың қатты ылғалдануынан тамырдың тыныс алуы қиындап экологиялық мәселе туындауы мүмкін. Топырақ аэрациясы ауаға толы соңылау жүйесін қамтамасыз етеді, судың толуына кедергі келтіреді. Топырақтың асыра ылғалдануы (тасқындар, ұзақ нөсер жауындар тағы сол сияқтылар) барлық топырақ саңылауларын суға толтырады, және тіпті жоғарғы бөлігін де, топырақтың жақсы аэрацияланған горизонтында да оттек жетіспеушілігі орын алады. Бұл тамыр өсуін және оның қызметін тежейді; су сору деңгейі және транспирация төмендейді. Тамыр жүйесінде ұзақ уақыт оттегі тапшылығынан өсімдік солып, қурап қалады. Сондықтан өсімдіктің қалыпты тамыр жүйесі грунтты су горизонтына кірмеді.
Көптеген өсімдіктер үшін оттегінің топырақ ылғалдылығындағы ең аз концентрациясы, тамырдың өсуін және атқаратын қызметін қамтамасыз ететін 1 – 2 мг/л (қарағай, шырша) шамасында болады. Бірақ топырақтағы оттегінің жетіспеушілігіне әртүрлі түрлердің тұрақтылығы биологиясына байланысты болады.
Топырақтың артық ылғалдануында қалыпты дами алатын, оттегі жетіспеушілігі жоғары тұрақтылық көрсетете алатын өсімдіктерге – гидрофиттер жатады. Мұндай тұрақтылық ұлпа төзімділігі мен түсіндіріледі, ал топырақтағы оттегі жетіспеушілігі өсімдіктің жер бетіндегі ауасорғыш жүйесі арқылы тамырға берілуімен толығады.
Жануарларда газалмасудың диффузды принципі арнай тыныс алу мүшелерінің қалыптасуымен түсіндіріледі. Өте ірі формаларда жалпы тыныс алу процесінің екі құрам бөлігіне: сыртқы тыныс алу (тыныс алу мүшелері арқылы болатын газалмасу) және ішкі (клеткада және ұлпадағы газалмасу).Оған қоса тыныс алу жүйесі (гемолимфа, қан), осы екі процестің қызметін біріктіреді. Бұл оттегінің диффузия жылдамдығының қарқынды азаюы себепті жоғары беттегі газалмасуды тоқтатады; сонымен қатар, осы жолда оттегі клеткаға жақсы сіңіріледі. Сондықтан дене жамылғысы тасылмалдау жүйесінің қатысуынсыз тыныс алу ұсақ организмдерге ғана тән.
Шар тәрізді типтерде мұндай тыныс алу диаметрі - 1 мм шамасындағы организмдерде ғана анықталған. Бұл жағдай қарапайымдыларға тән. Денесінің сыртқы жамылғысы арқылы тыныс алатын дене пішіні ірілеу жануарлар да белгілі. Олардың денесі мықты тығыздалғандықтан, оттегі оның барлық қалыңдығына жеңіл тарала алады (жалпақ құрттар), немесе олардың сыртқы дене қабаты күрделі құрылымды, оттегінің жекеленген клеткаларға өтуіне жол ашады (губкалар), немесе, тірі клеткалар инертті су бетінде және минералды заттар бетінде жұқа қабат құрып орналасады (медузалар). Барлық осы формалар тотығу метаболизімінің өте төмен деңгейде болуымен ерекшеленеді.
Көпшілік жағдайда көпклеткалы жануарларда организмнің барлық клеткалары және ұлпаларының тасылмадау жүйесімен байланысқан арнайы сыртқы тыныстау мүшесі қалыптасқан. Мұндай мүшенің артқаратын қызметі әралуан: эпителилі жамылғы ұспасының ашық бөлігі қалыптасады, онда капиляр қантамырлары жақсы таралған. Осы бөлік арқылы сыртқы ортадан О2 сіңіріледі және СО2 – қайтымды бағытта бөлініп шығады. (Насекомдарда қалыптасқан).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет