Оқулық " Экология"мамандығы



бет38/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   125
treatise95823

Консументтер (тұтынушылар) – бұл организмдер продуценттер тұтынатын органикалық заттарымен немесе басқа консументтермен және олардың трансформацияланған жаңа түрлерін пайдаланады. Табиғатта консументтердің ролін негізінен жануарлар атқарады. Консументтерді әртүрлі қатарға бөлуге болады. Бірінші реттік консументтер автотрофты (фотосинтездеуші) продуценттермен қоректенеді. Бұларға негізінен шөпқоректі жануарлар, жасыл өсімдіктердің паразиттері (жәндіктер, кемiргiштер, тұяқтылар, шаян тәрiздiлер және моллюскалар жатады. Екіншілік консументтер шөпқоекті организмдермен қоректенеді және ет қоректі формалары да кездеседі. Үшінші реттік консументтерге ет қоректілерді, сонымен қатар өз кезегінде ет қоректі жануарлармен қоректенетіндерді жатқызамыз. Сонымен бірге консументтердің 4 – ші және 5-ші реттік қатарын ерекшелеп көрсетуге болады.



Жарық



Продуценттер




Біріншілік консументтер




Минеральды заттар




Екінші реттік консументтер




Редуценттер

Сурет 11. Қоректік тізбек бойынша энергияның берілуі және зат айналымының сызба-нұсқасы.


Редуценттер өлген органикалық заттар есебінен өмір сүріп оларды органикалық емес қосылыстарға айналдырады. Бұлар, негiзiнен, бактериялар мен саңырауқұлақтар.
Класификация бұл қарама-қарсы ұғым, өйткені консументтер мен продуценттер өздерінің өмір сүру барысында қоршаған ортадағы зат айналымға қатысатын минералды заттарды бөліп шығарып, редуценттердің рөлін атқарады. Қоректік тізбектегі әр сақинаның орнын трофикалық деңгей деп атайды. Бірінші трофикалық деңгейде әрқашан продуценттер тұрады, олар органикалық массаны тудырады; екінші деңгейде шөпқоректі консументтер, үшіншілері олар тіршілік етуші формалардың арқасында өмір сүретін етқоректілер, төртіншісі - басқа етқоректілермен қоректенетін организмдер. Осылайша жыртқыштардың қоректік тізбегі продуценттерден шөпқоректілерге қарай жылжиды .Жыртқыштардың тізбегімен көтерілген сайын жануарларың дене бітімдері өсіп саны азая береді. Мысал ретінде жыртқыштардың қысқа тізбегін көрсетеміз:
Шөп Қоян Түлкі
(продуцент) (консумент) (Консумент)
1 санаттағы 2 санаттағы

Сурет 12. Ағзалар мен экожүйенің категориялары
Қоректік ауқымы кең түрлер қоректік тізбектің әртүрлі трофикалық деңгейінде бола алады. Оған мысал ретінде адамды алсақ болады, оның тағам рационына өсімдіктектес тағаммен қатар шөппен етпен қоректенетін жануарлар кіреді. Осылайша адам әртүрлі қоректік тізбекке бірінші, екінші, үшінші санаттағы консумент ретінде шығады. Өсімдіктес тағам түрлеріне маманданған организмдер (мысалы қоянтектестер мен тұяқтылар) әрқашанда қоректік тізбектің екінші санатында тұрады. Осылайша консументтер қоректік тізбектің әртүрлі деңгейінде бола алады, ол олардың тағам түрінде мамандануына байланысты.
Қоректік тізбектер түсінігі сипаттауға ыңғайлы, табиғатта қоректік тізбектер бірлестіктердің әртүрлі өкілдері өзара қыйлысатын көптеген қоректік байланыстармен бірігеді, сөйтіп қоректік немесе трофикалық тор құрайды.
Кезкелген түрдің ағзалары көптеген басқа түрлердің потенциальды қорегі болып табылады.: мысалы, жыртқыштар оңай бір түрден екінші түрлерге ауысып кете алады, ал көпшілігі, жануартекті қоректен басқасы, азғана мөлшерде өсімдіктерді тұтынуға қабілетті. Жоғарыда келтірілген мысалда шөпті бірінші қояндар емес басқада шөп қоректілер жеп қоюы мүмкін; өз кезегінде қоянды түлкімен бірге бүркітте жеуі мүмкін.
Сонымен, экожүйедегі трофикалық торлар өте күрделі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет