Оқулық " Экология"мамандығы


Өзен бойының және көл жиектерінің экожүйелері



бет96/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   125
treatise95823

Өзен бойының және көл жиектерінің экожүйелері.
Өзен бойындағы және көл маңындағы өзіндік ерекшілі бар орман-шалғынды және сортаң экожүйелер азоналды қатарға жататын дала және шөлді зоналар. Олардың арасында далалы жерлерде шалғындық және шалғындық - батпақ өсiмдiктерiнен, талды - теректi ормандардан тұратын -300-ге жуық шалғындық қарапайым экожүйелер таралған. Шөлдерде – талды және тораңғы ормандары және жыңғылды, шалғындық дәндi, соның iшiнде қамысты экожүйелер таралған. Көл жиектерi шалғындық- батпақты қамысты және шалғынды өсімдіктер жамылғысы сортаң шалғынды-далалы және галофитті типтегі шөлейттер кешенініндегі экожүйелермен алмасады.Өзендер бойындағы шалғындық ауданы 6 га. миллионды құрайды.
Далалы жазықтықтардағы гидротермиялық коэффициент - 0, 5- 1, 2 , шөлдер үшін - 0, 2 - 0, 5. Орман қорын пiшенді шабындықтар,егiстiк жерлер ,рекреация аумақтары құрайды. Шөл және дала зона тармағынан өтетін - шалғындық - тоғайлы экожүйелер 5 аудандарға бөлінеді. (2.3-шi сурет) . Өзен бойы экожүйелері бөлінбейді.Қорғауды қажет ететін сирек және эндемиялық экожүйелерге тораңғы, ясендер көптеген шалғындық түрлер жатады.

Су және су жолы - батпақ экожүйелері.
Су және су жолы - батпақ экожүйелері су тұздылығы бойынша айтарлықтай деңгейде ауытқып тұрады, Солтүстік мұзды мұхитына шығатын Обь және Ертіс өзендерінен басқа су бассейндері ағысының тұйықталғындығы мен ерекшеленеді, көпшілігіне мезгілімен құрғап қалу тән. Бассейнді экожүйелер аборигенді (байырғы) ихтиофаунаның жиынтығы бойынша айырмашылықтары болады,су құстары және олардың қоректік базалары: бентостар,планктонтар, балдырлар, жағалаудағы су өсiмдiктерi т.б. Су экожүйелерінің ихтиофаунасын 100-ден астам түрлері құрайды.Көпшілік бассейндердегі аборигендердің кейбіреулері жерсіндірілген түрлермен жартылай алмасқан (Арал теңiзi, Балқаш немесе тағы басқалар).
Орнитофауна су құстарының 130 түрінен тұрады (аңшылық -кәсiпшiлiк -43, балық қоректі -20, сирек және жойылу қаупі төнген- 19). Су құстарының жылдық орта мөлшерінің саны 60 миллионнан атсам особьтарды құрайды.Сулы және сулы- батпақты типтегі биоалуантүрлілікті есепке алуды және бассейндерді аудандастыруды әлі де жүргізуге тура келеді. Өте сирек және эндемикалық популяциялар фауна бөлiмде сипатталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет