Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


-ТАРАУ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТӘРБИЕ СУБЪЕКТІСІ



Pdf көрінісі
бет23/128
Дата08.04.2024
өлшемі2.57 Mb.
#497888
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   128
Снимок экрана 2024—01—22 в 01.35.55

3-ТАРАУ
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТӘРБИЕ СУБЪЕКТІСІ 
ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Жоспар
3.1 «Субъект», «объект» ұғымдарының мәні мен мазмұны.
3.2 Адамның іс-әрекет, таным, қарым-қатынас субъектісінің негізгі 
белгілерінің жалпы сипаттамасы.
3.3 Педагогикада субъектіні зерттеудің негізгі бағыттары.
3.4 Мектеп жасына дейінгі бала мектепке дейінгі мекемеде 
субъект ретінде.
3.5 Мектеп жасына дейінгі баланың субъектілік қасиеттерін дамы-
ту.
3.6 Мектеп жасына дейінгі бала педагогикалық зерттеулер объектісі 
ретінде.
3.1 «Субъект», «объект» ұғымдарының мәні мен мазмұны
Жалпы және мектепке дейінгі педагогика курстары аясында 
«субъект» және «объект» ұғымдары жиі кездеседі. Олар білім беру 
процесінде, оқыту мен тәрбиелеу принциптерін (диалогтік, адамдық 
құндылықтар приоритеті және т.б.) негіздеуде, педагог пен мектеп жа-
сына дейінгі балалардың өзара әрекеттестік мәселелерін ашуда шешуші 
рөл атқарады. Көптеген басқа да педагогикалық ұғымдар сияқты олар-
ды да біржақты түсіндіруге келмейді. Оқулықтар мен құралдардың ав-
торлары әртүрлі түсініктемелер береді, бірақ сонымен бірге олардың 
ұқсас элементтері де бар. Бұл ұғымдардың мазмұнын ашу, олардың 
арақатынасын анықтау және оларды анықтауда өзіндік көзқарас білдіру 
тақырыппен жұмыс істеудің бірінші міндеті болып табылады. Бірнеше 
анықтамаларға тоқталайық.
Объект - Үлкен Совет Энциклопедиясында берілген анықтама бой-
ынша, субъектінің іс-қимылы бағытталған заттардың, құбылыстардың 
жиынтығы. Іс-қимыл өзгеру немесе өлшеулі сипатта болады. Объект 
ретінде қандай да бір белгілерімен сипатталатын жануар, адамдар болуы 
мүмкін. Оларға: әдебі мен іс-әрекетін сырттай мөлшерлеу сұранысы, 
ынтасыздық, өзін-өзі басқарудың, мақсатты бағытты белсенділіктің, 
шығармашылықтың, өзінің «Мен»-інің және қоғамдағы орнының нақты 
саналы түрде болмауы жатады. Сонымен, аталған белгілердің болуы 


37
адамды, оның ішінде баланы да объект санатына жатқызуға мүмкіндік 
туғызады.
«Субъект» ұғымы өзінің негізгі сипаттарына қарай объектіге тура 
қарама-қарсы. Үлкен Совет Энциклопедиясында субъект практикалық 
әрекет пен танымды жеткізуші, объектіге немесе объектілер жүйесіне 
бағытталған белсенділік көзі ретінде анықталады.
Л. И. Божовичтің көзқарасы тұрғысынан, субъект – өзін-өзі жасай-
тын адам.
М. М. Бахтин субъект – саналы белсенділікпен, бағытты 
мақсаттылығымен және шығармашылығымен сипатталатын тұлға деп 
көрсетеді.
«Субъект» және «объект» ұғымдарының мазмұнын салыстыра 
келе, В. А. Лекторский: «Объект субъект еместердің бәрін білдіреді» 
деп түсіндіреді.
Субъект және объект - философиялық категория, олардың пайда бо-
луы адамтану мәселелерін ашу теорияларымен байланысты. Адам - өте 
күрделі жүйе, ол өзінің бойына биологиялық, интеллектуалдық және 
рухани бастауларды сіңірген. Адам – бірнеше сатылы күрделілігі бар
біртұтас жүйе. Ол қоғамда тұратын, оның заңдарымен өмір сүретін, 
бірақ мәдениеттен жасалған, мәдениетті жасаушы және мәдениетке 
тәуелді биосоциомәдениетті жан.
Адамның қоғамдағы орны мен рөлінің өзгеруіне байланысты 
(құлдан тұлғаға дейін) оған феномен ретінде қатынас жүйесі де өзгереді.
Бүгін біз адамды еркіндігі, жауапкершілігі бар, өзін және 
айналасындағыларды шығармашылықпен дамытуға ынталы, жауапты 
тұлға ретінде гуманистік көзқарас тұрғысынан қарастырамыз.
Бұл идеялар білім беру саласында жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу 
мақсаттарында толығымен көрініс табады.
Мақсат - білім беру идеалын жеке тұлғаның белсенді, өз бетімен, 
жоғары адамгершілікпен, интеллектуалды дамуы деп сипаттауға бола-
ды, ол айналасын саналы және шығармашылықпен ары қарай дамытуға 
қабілетті ұлттық және әлемдік мәдениеттің жеткізушісі мен өкілі болып 
табылады. 
Білім беру жүйесінің алдына жан-жақты үйлесімді дамыған жеке 
тұлғаны қалыптастыру мақсатын қоя отырып, біз баламен іс-әрекет, та-
ным және қарым-қатынас субъектісі ретінде өзіміздің өзара байланысы-
мызды орнатамыз. Субъектіні жас кезеңдерінің барлығында ынтасыз, 
үнемі қамқорлық пен шектеушілікті қажетсінетін объект тұрғысынан 
қарастыру арқылы тәрбиелеу мүмкін емес.


38


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет