Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Сұрақтарға жауап беріңіз?



Pdf көрінісі
бет6/128
Дата08.04.2024
өлшемі2.57 Mb.
#497888
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128
Снимок экрана 2024—01—22 в 01.35.55

Сұрақтарға жауап беріңіз?
1. Мектепке дейінгі педагогика нені қарастырады? Қолда бар 
ақпараттың негізінде оның пәнін көрсетіңіздер.
2. Педагогиканың ғылым ретіндегі қарастыратын пәні не? (Тұлғаны 
тәрбиелеу, оқыту және білім беру процестерінің мағыналық қасиеттері 
мен заңдылықтары). 


9
1.2 Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық негіздері 
Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық негіздері фило-
софияның, жаратылыстану ғылымдарының (биология) деректеріне, ба-
лалар психологиясы мен педагогикалық ойлар тарихы салаларындағы 
теорияларға, озат педагогикалық тәжірибеге негізделген. Осыдан мек-
тепке дейінгі педагогиканың жалпы теориялық негіздерінде төрт негізгі 
аспектілерді бөліп көрсетуге болады: философиялық, психологиялық, 
жаратылыстану-ғылымилық және тарихи-педагогикалық.
Философиялық негіздері. Педагогикалық зерттеулер мен 
педагогикалық процестерді ұйымдастырғанда және жүзеге асырғанда 
диалектиканың - материяның дамуының, сананың және қоғамның 
(қозғалыстың үздіксіздігі және материяның дамуы, санның сапаға 
ауысуы, детерминизм, жүйелілік, дамудың қозғаушы күші ретіндегі 
қайшылықтардың бірлігі мен күресі, таным мен практиканың бірлігі 
және т.б.) неғұрлым жалпы заңдары туралы ғылымның жалпы 
принциптері ескеріледі.
Мектепке дейінгі педагогиканың жаратылыстану ғылыми 
негіздерін И. М. Сеченов және И. П. Павловтың жоғарғы жүйке әрекеті 
туралы ілімі мен олардың оқушылары және зерттеушілер - В. М. 
Бехтеревтың, Н. Е. Введенскийдің, А. А. Ухтомскийдің, П. К. Анохинның, 
Н. М. Щеловановтың, Н. И. Касаткинның, Н. Л. Фигуринның, Н. М. 
Аксаринаның және т.б. онтогенезде жоғарғы жүйке әрекетінің да-
муы жөніндегі зерттеулері құрайды. Олар баланың психикалық 
әрекетінің нейрофизиологиялық тетіктері шартты рефлекторлық сипат 
алатындығын, ол мектепке дейінгі жастағы баланың қалыптасуына, 
генетикалық бағдарламаларды жүзеге асыруға, сол сияқты сыртқы 
әсерді, оның ішінде тәрбиені де жүзеге асыруға пісіп жетілу процесі 
ретінде әсер ететіндігін көрсетті.
Зерттеушілер баланы туған сәттен бастап тәрбиелеген жөн екендігі 
туралы тұжырымға келді, себебі шартты рефлекторлық әрекеттің даму 
заңдылықтарының бірі сол, баладағы әрбір келесі рефлекс алдыңғыдан 
тезірек және жеңілірек болады.
И. М. Сеченов пен И. П. Павловтың үш тұтастық - ағза мен сыртқы 
ортаның, барлық органдар мен ағза жүйесінің біртұтас ашық биожүйе 
ретіндегі және психикалық және физикалық даму тұтастығы мек-
тепке дейінгі мекемелерде педагогикалық процесті ұйымдастырудың 
физиологиялық негіздемесі болады.
Динамикалық стереотип жөніндегі ілім мектепке дейінгі балалардың 


10
күн тәртібін құру негізінде жатады. Динамикалық стереотип – білік, 
дағды, тәртіп әдеттерін қалыптастыру негізі, ол жаттығудың оқыту 
мен тәрбиелеудің әдісі ретіндегі тиімділігін көрсетеді. Тәрбиелеудегі 
даралау әдісіне қойылатын талаптар жоғары жүйке әрекетінің түрлері 
жайындағы ілімнен, жеке адамның түрлі анатомиялық-физиологиялық 
ерекшеліктерінен тұрады.
Онтогенезде сигнал беруші екі жүйенің дамуы туралы теория-
лар баланың тілінің, ақыл-ойының, физикалық, эстетикалық және 
тәрбиелеудің басқа да бағыттарының дамуының психологиялық-
педагогикалық негізін анықтайтын табиғи-ғылыми базасы болады. 
Солардың негізінде оқытудың әдістері мен құралдарына ұсыныстар 
жасалады.
Мектепке дейінгі педагогиканың психологиялық негіздерін мы-
налар құрайды:
• Л. С. Выготскийдің адамның тәртібі мен психикасын дамытудың 
мәдени-тарихи теориясы, ол жасаған жас ерекшелік кезеңдері
«сензитивтік кезеңдер», «жақын арадағы даму аймағы», «дамыта 
оқыту» теориясы;
• А. Н. Леонтьевтің әрекет бала дамуының шарттары, құралы 
және даму көзі екендігі туралы ілімі;
• П. Я. Гальпериннің ойлау әрекетін сатылап қалыптастыру тео-
риясы, Н. Н. Поддьяковтың еңбектері, Л. А. Венгердің мектепке дейінгі 
кезеңде баланың интеллектуалды даму ерекшеліктері туралы еңбектері;
• А. В. Запорожецтің мектепке дейінгі балалық шақта бала 
дамуының «амплификациясы» теориясы;
• Д. Б. Элькониннің бала ойынының психологиясы және 
психикалық даму кезеңдері туралы теориясы;
• В. Т. Кудрявцевтің мектепке дейінгі балалық шақтың әлеуметтік-
мәдени феномені туралы тұжырымдамасы және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет