13
Мектепке дейінгі педагогика педагогикалық практикаға бағыттаушы
рөл атқарады. Мектепке дейінгі педагогика балабақшаның, отбасының
тәрбиелік және оқыту өзара ықпалдастығының бірлігін, мектепке
дейінгі мекеме мен мектеп жұмысының
сабақтастығын қамтамасыз
етеді. Мектепке дейінгі педагогика мектепке дейінгі білім берудің
мазмұнын, әдістерін, құралын және қажетті нәтижені негіздейді.
Мектепке дейінгі педагогиканың ғылым ретіндегі міндет-тері мек-
тепке дейінгі білім беру мекемелерінің
қызметінің сұраныстарымен
анықталады. Сонымен қатар, ғылымның міндеті бар тәжірибені біліп
түсіндіріп қана қоймай, практиканың
ары қарай дамуын бағдарлау,
жаңа перспективалық педагогикалық технологияларды жасау, нақты
педагогикалық практиканы жетілдіру міндеттерін де атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: