Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Балалар ойындарының ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі



Pdf көрінісі
бет74/128
Дата08.04.2024
өлшемі2.57 Mb.
#497888
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   128
Снимок экрана 2024—01—22 в 01.35.55

7.2 Балалар ойындарының ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі 
баланы дамыту, тәрбиелеу, оқытудағы ойынның маңызы
Ойын - баланың өз ынтасынан туған белсенді шығармашылық 
сипаттағы және жоғары эмоционалдық толыққандылығымен
ерекшеленетін еркін, өзіндік іс-әрекет.
Ойынның мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекеті ретінде өзінің 
ерекшеліктері болады.
Балалардың ойынында еркіндігі мен өзіндік жұмыс істей алуы 
баланың қалауымен болады. Бала ойынды тікелей ынталылықтан, 
сұраныстан бастайды. Ойын қанағаттанғандық сезімін алу үшін ой-
налады, ойынның мотиві – өзі үшін шындықтың маңызды жақтарын 
бастан өткізу (С. Л. Рубинштейн). Еркіндік және өз беттілік ойын-
ды, оның мазмұнын, рөлдерді, басқа балалармен бірлесуде еріктілікті, 
ойынға кіру және шығу еркіндігін таңдағанда көрінеді.
Ойын үшін іс-қимылын, әрекетін, ойынға қатысушылардың 
тәртібін өзі реттеу сипаты тән. Ойын белгілі бір талаптармен және ере-
желермен реттеледі. Әр ойында ереже әртүрлі (ойын амалының реті, 
тәртіп ережелері, өзара қарым-қатынас ережелері).
Ойын әрекетінің шығармашылық сипаты – ойын ынтамен, баланың 
рөлді, сюжетті, ойыншықтарды, қосымша-заттарды таңдағандағы 
шығармашылығымен 
байланысты. 
Ойынды 
құрғанда, 
ойын 
кейіпкерлерін жасағанда баланың ойлауы мен қиялы белсенді жұмыс 
істейді.
Ойынның эмоционалдық тұрғыда қанықтылығы – бала ойын-
да шынайы күйзеледі, ойнаған оқиғасын өз басынан кешіреді. Бала 
ойыннан ләззат алады, өз сезімін басқаларға береді, оларды әртүрлі 
рөлдерде көреді. Ойында теріс көңіл-күй де бастан өтеді – өкпе, 
қанағаттанбағандық, жеке жағымсыз күйзелістер, бұларды анықтау аса 
маңызды және олардан арылу керек. Бәрібір ойыннан жалпы әсер – оң 
болады.
Ойынның іс-әрекеттің жемісті түрлеріндегідей (сурет салу, еңбек, 
музыкалық) айқын материалдық нәтижесі болмайды. Ойынның 
құндылығы – жастарына қарай жан-жақты дамыту мүмкіншілігінде, 
диагностикалық, психотерапевтік, көңіл сергіту құралдары болуында.


119
Ойында балалардың арасындағы екі түрлі қарым-қатынас 
байқалады:
- ойын мазмұнымен, ережесімен анықталатын ойын қарым-
қатынасы;
- ойын үстінде көрінетін нақты қарым-қатынас (ойынға келісім 
жасау, рөлдерді бөліп беру, келіспеушіліктен шығу, ұстанатын ережені 
қою). 
Олар балалар қоғамын ұйымдастырудың негізі болады, ол өз 
кезегінде ойынды олардың өмірін ұйымдастыру түрі етеді. Ойынның 
мазмұнын көрсететін тура немесе қосымша ережелердің болуы оны 
дамытудың логикалық және уақытша реттілігін қамтамасыз етеді.
Ойында өзінің ішкі мазмұнына қарай жеке адам үшін маңызды 
мақсаты бар амалдар жасалады.
Сонымен, біз мектеп жасына дейінгі бала ойынының әрекет 
ретіндегі жалпы ерекшеліктерін бөліп көрсеттік. Ойынның әрбір 
түрінде өзінің әлеуеті мен ерекше белгілері бар, олар оларды бірінен 
бірін айырып тұрады. Сонымен бірге жалпы белгілер педагогтар мен 
ата-аналарға балалармен ойын әрекетін ұйымдастыру және дамыту 
тәсілдерінде бағдар береді.
Педагогикалық ғылымда ойын мектеп жасына дейінгі баланың 
жетекші іс-әрекеті ретінде қарастырылады (Н. П. Аникеева, В. С. 
Выготский, Я. Л. Коломинский, А. П. Усова, Д. Б. Эльконин). Жетекші 
іс-әрекет бала психикасындағы басты өзгерістерді анықтайды және 
дамудың жаңа сатысына көшуге дайындайды.
Іс-әрекеттің жетекші түрі туралы айта келіп, А. Н. Леонтьев: 
«Жетекші іс-әрекет – дамуы дамудың осы кезеңінде тұлғаның 
психикалық процестерде және психологиялық ерекшеліктерінде 
дамудың басты өзгерістеріне себепші болатын іс-әрекет» деп көрсетеді.
Жетекші іс-әрекет бірден дамыған түрде болмайды, өзінің 
қалыптасуында белгілі бір жолдан өтеді, оның қалыптасуы оқыту және 
тәрбиелеу процесінде үлкендердің жетекшілігімен жүреді.
Мектепке дейінгі жаста ойынның жетекші рөлі баланың оған жіберген 
уақытымен емес, негізгі сұраныстарын қанағаттандырғандығымен 
анықталады, ойынның негізінде іс-әрекеттің басқа түрлері туындайды 
және дамиды; ол психикалық дамуға үлкен ықпал етеді.
Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин және т.б. ғалымдар 
ойында балалардың негізгі сұраныстары көрініс табады: өзіндік әрекетке 
ұмтылу, үлкендердің өміріне белсенді араласу, қоршаған дүниені тану 
ниеті, белсенді қозғалыста, қарым-қатынас жасауда деп көрсетеді.


120
Ойынның негізінде еңбек, үйрену сияқты іс-әрекеттің басқа түрлері 
туындап дамиды. А. С. Макаренко ойында тұлғаның сапасы мен еңбек 
әрекетіне қажетті дағдылар қалыптасады деген.
Л. С. Выготский, В. В. Давыдов, А. В. Запорожец, Д.Б. Эльконин 
және т.б. ойын көбінесе бала психикасында, оның процестерінде (ой-
лау, елестету, зейін және т.с.с.) жаңа өзгерістер қалыптасуына ықпал 
етеді деп атап көрсеткен.
Педагогикалық теорияда ойынды үйретуге мектеп жасына дейінгі 
балаларды тәрбиелеу құралы ретінде ерекше назар аударылады. Мектеп 
жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрі бола тұрып, ойын 
тәрбиелеу мен дамытудың басты құралы болып табылады. Бірақ бұл 
ойынды ұйымдастыруға және басқаруға болатын педагогикалық про-
цеске енгізген жағдайда ғана болады.
Білім беру бағдарламасы талаптарын басшылыққа ала отырып, пе-
дагог бағдарламалық мазмұнды жоспарлайды, міндеттерін, амалдарын 
анықтайды, яғни ойынның өзіндік ерекшелігін және өзіндік сипатын 
бұзбай, оның барысын жобалайды.
С. А. Козлова мен Г. А. Куликованың пікірінше ойынға мынадай 
сипаттар тән болуы тиіс:
• мазмұнның тәрбиелік-танымдық құндылығы, бейнелетін 
көрсетілімдердің толыққандылығы мен дұрыстығы;
қажеттілігі, белсенділігі, ұйымдастырылғандығы, ойын 
амалдарының шығармашылық сипаты;
• жекелеген балалардың және барлық ойыншылардың мүдделерін 
ескере отырып ережелерге бағыну және ойында оларды басшылыққа 
алу қабілеті;
• ойыншықтарды, ойын амалдарын және материалдарды 
мақсатты пайдалану;
• жылы қарым-қатынас және балалардың жағымды көңіл-күйі.
Ойында педагог бала тұлғасының барлық жағына әсер етеді: оның 
санасына, сезіміне, еркіне, тәртібіне; ойынды ақыл-ой, адамгершілік, 
эстетикалық, дене тәрбиесі мақсатында пайдаланады.
Ойын барысында баланың өзін қоршаған айналасы жөніндегі 
білімі, түсінігі нақтыланады және тереңдейді. Ойында қандай да бір 
рөлді орындау үшін бала өз түсінігін ойын амалына көшіруі керек. 
Бірақ ойын балалардың бар білімі мен түсінігін бекітіп қана қоймайды,
үлкендердің жетекшілігімен жаңа білім алу процесіндегі белсенді та-
ным іс-әрекетінің өзіндік бір түрі болып табыдады.
Ойында баланың айналасындағы шындықты өзгерту талабы, 


121
жаңаны жасау қабілеті дамиды. Бала ойын сюжетіндегі нақтылы және 
ойдан құрылған құбылыстарды, таныс заттарды жаңа қасиеттермен 
және функциялармен байланыстырады (мысалы, кресло – космостық 
ракета). Бұл процестердің нәтижесі баланың елестетуі мен 
шығармашылығының дамуы болады.
Өзіне қандай да бір рөлді алып (дәрігердің, шофердің) бала өзіне 
мамандықты және басқа тұлғаның ерекшеліктерін жай ғана қолданып 
қоймайды, ол сол рөлге кіреді, кірігеді, оның сезімі мен көңіл-күйіне 
енеді, сөйтіп өз тұлғасын байытады және тереңдетеді.
Дегенмен, кез келген ойынның жағымды маңызы бола бермейді. 
Н. К. Крупская іс-әрекет мазмұнына қарай ойынның баланың дамуына 
кері әсері болуы да мүмкін екендігін атап көрсетті: ойынмен аңды да 
тәрбиелеуге болады, қоғамға пайдалы тамаша адамды да тәрбиелеуге 
болады.
Балалармен дұрыс, әдепті өзара әрекеттестік орнаса, ойын баланың 
ақыл-ойын кеңейтуге, танымның бейнелік түрлерін дамытуға (бейне-
леп ойлау, елестету), мүддесін реттеуге, тілін дамытуға ықпал етеді.
Ойынның өзара қарым-қатынас ережелерін, социумда тәртіп нор-
маларын меңгеруде маңызы зор. Ол балалардың қоғамдық тәртібі, 
өмірге және бір-біріне қарым-қатынасы неғұрлым жақсы қалыптасатын 
іс-әрекет түрі. Бірге ойынды ұйымдастыру арқылы балалар ұжымына, 
ал ұжым арқылы – әрбір балаға әсер етеді. Ойында бала белгіленген 
тәртіпке бағына отырып, өз ойын, істерін басқалармен келісу 
қажеттілігіне тап болады. Бала тек қана ойын тәжірибесін ғана алып 
қоймайды, өзін-өзі көрсету, өз аяғына тұру және коммуникативтік 
тәжірибесін алады.
Ойындарда шығармашылдық қабілет дамиды. Ол ой құрауда, 
рөлдер ойнағанда, қолдан қажетті ойыншықтарды, костюм элементтерін 
жасағанда көрініс табады. Ойын кезінде баланың сөзі, қол қимылы, бет 
әлпет қимылы күнделікті өмірдегіге қарағанда айқынырақ болады.
Ойын мектеп жасына дейінгі мекемеде балаларды тәрбиелеу мен 
дамытудың басты құралы. Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың іс-
әрекеті ретінде жетекші болады, онда мектепке дейінгі балалық шақтың 
барлық жаңа түрлері қалыптасады. Бала ойынының мектеп жасына 
дейінгі балалардың мектепке дейінгі мекемеде және одан тыс іс-әрекет 
түрлерін бір-бірінен айыратын өзіндік ерекшеліктері бар.


122


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет