132
А. В. Запорожец былай деп көрсетті: «Ойын, ертегі сияқты, бала
күнделікті әсер шеңберінен шығып,
адамзат ұмтылысының және
ерлік істерінің неғұрлым кең әлеміне ене отырып, оны өзі бейнелейтін
адамдардың санасы мен сезіміне кіруге үйретеді».
Ойын мектеп жасына дейінгі баланың өмірінде маңызды орын
алады және баланың өзіндік іс-әрекетінің басым түрі болып саналады.
Сюжеттік-рөлдік ойындарда амалдарды түсіну, адамдар арасындағы
қарым-қатынасты
бағдарлау, кооперацияның алғашқы дағдылары да-
миды (А. В. Запорожец, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин, Л. А. Венгер,
А. П. Усова).
Еркін сюжеттік ойын – мектеп жасына дейінгі бала үшін ең қызық
ойын, ойында бала іштей еркіндіктің субъективтік сезімін,
өзіне
бағынышты заттарды, амалдарды,
қатынастарды басынан өткізеді, ал
мұндай әсер мектеп жасына дейінгі баланың өнімді іс-әрекетінің басқа
түрлерінде бола бермейді. Сюжеттік ойын баладан нақты «өнім» талап
етпейді. Онда бәрі «солай сияқты» болады. Бала үлкендердің кез келген
ісін табысты істей алады, кез келген ситуацияға кіре де алады, «қалаған
оқиғасын» басынан өткізеді. Бұл мүмкіндіктер баланың практикалық
әлемін кеңейтеді, дамуына жағымды эмоционалды рең береді.
Сюжеттік-рөлдік ойындардың көзі – балаларды қоршаған орта.
Сюжеттік-рөлдік ойындар балалардың ұйымдастырылған және
өзіндік іс-әрекетінің әр түрлеріне қосылады және оларды дамыту мен
тәрбиелеуде басты маңызы бар.
Достарыңызбен бөлісу: