Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Мектепке дейінгі ересек жас



Pdf көрінісі
бет89/128
Дата08.04.2024
өлшемі2.57 Mb.
#497888
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   128
Снимок экрана 2024—01—22 в 01.35.55

Мектепке дейінгі ересек жас. Бұл кезеңде балалардың 
құрбыларымен ойнауға құштарлығы артады, балалардың әрқайсысы 
өзінің күрделі ойын іске асыруға ұмтылады. Сонымен бірге балалардың 
айналасы жөніндегі білімі көбейеді, өмірдің түрлі қырларына 
қызығушылықтары анықталады. Жаңа деңгейдегі ойындар құру үшін 
балаларды неғұрлым күрделі ойындар – бірлескен сюжет құрастыру 
тәсілдерін үйрету қажет. 
Сюжет құрастыру мыналарды қамтиды: 
 баланың әртүрлі тақырыптық мазмұнды қамтитындай 
оқиғалардың жаңа тізбегін құру білігі;
 серіктес-құрбысына бағдарланған болуы керек;
 серіктесі үшін өзінің болашақтағы ойларын белгілеу, олардың 
пікіріне құлақ асу;
 баланың өзінің және ойын бойынша серіктесінің ұсынған 
оқиғаларын ойын барысында жалпы сюжетке қосу білігі.
Үлкендермен бірге ойнау, әдеттегідей, сюжет құрастыруды 
меңгерудің бірінші кезеңінде жетекші әдіс болады. Дегенмен, өзара
амал түрлері өзгереді. Н. Я. Михайленко және Н. А. Короткова сюжет 
құрастыруды меңгеруде тек сөз арқылы жүретін «ойдан шығарылған 
ойын» әдісін қолдануды ұсынады. Бұл ойында үлкен адам балаларға 
әртүрлі сюжеттік оқиғаларды біріктіруді және үйлестіруді жүргізеді. 
Ойдан шығарылған нәрсе ойын атрибуттарының қатысынсыз өтеді. 
Балалар үшін мұндай ойын тек үлкен кісімен ойнағанда ғана түсінікті 
болады. Балалар өздері ойнағанда балалар ойыншыққа қайтып орала-
ды, бірақ ойдан сюжет шығару білігі оларға толық және келісімді түрде 
өзінің ойлаған ойынын ойнап шығуға көмектеседі.
10–7463


146
Бірігіп ойдан шығаруды белгілі сюжеттерді ептеп өзгерту арқылы 
бастауға ұсынылады. Тәрбиеші бірте-бірте балаларды таныс сюжеттің 
неғұрлым күрделі өзгерістеріне жетелейді. Ал кейін – жаңаны бірге ойлап 
табады.
Мұндай жұмыс үшін белгілі ертегілердің сюжеттері қолайлы. 
Оқиғаның жалпы мағынасы сақталады, тек қана кейіпкерлердің істерінің 
нақты жағдайлары өзгертіледі. Барлық ертегілердің жеткілікті түрде 
айқын кестелері бар:
• басты кейіпкер іздеп жолға аттанатындай қандай да бір затты табу 
туралы ой келді;
• кейіпкер сиқырлы құралдың иесімен кездеседі және оны алу үшін 
сынақтан өтеді;
• кейіпкер сиқырлы құралды алады, соның көмегімен керекті 
объектісін алады;
• кейіпкер қолында іздеген объектісі бар қарсыласын тауып алады 
да, негізгі сынақтан өтеді (қарсыласымен соғысады);
• кейіпкер қарсыласын жеңеді де, іздеген объектісін алады;
• кейіпкер үйіне қайтады, келіп тиісті сый-сияпатын алады.
«Ханзада және сұр қасқыр» ертегісінің мысалында сюжеттік-
рөлдік ойынды ұйымдастыруды қарастырайық. Ханзада жалын-құсқа 
емес, жаңа жыл шыршасына баруына болады, сұр қасқырды емес, 
періні кездестіреді, сиқырлы домалақшаны емес, тышқан-жолбасшыны 
алады. Сиқырлы тышқанның көмегімен ол шыршалар Еліне келеді. 
Шыршаларды алып дәу күзетеді, онымен соғысу керек. Жауын жеңіп, 
кейіпкер ең сұлу шыршаны алып келеді. Ол патшалықта мерекелейді, 
сыйлыққа ұшатын жаңа машина және т.б. алады. Ертегіні түрлендіргенде 
балаларға бұрыннан белгілі таныс ертегілер, өмірден тарихи материал-
дар, фильмдер пайдаланылады.
Балаларға ертегінің жалпы схемасы берілмейді, ол ойдан 
шығарылатын ойынды ұйымдастыру үшін тәрбиешіге керек, олай болма-
са ойын оқу есебіне айналып кетеді. Ойдан шығарылған ойындарда ба-
лалар бірін-бірі тыңдауға, серіктесінің әңгімесін жалғастыруға үйренеді. 
Ертегіні өзгертуді бас кейіпкерден бастау керек, содан соң басқа өзгерістер 
енгізіледі.
Ойын 10-15 минутқа созылады. Балалардың санын екіден үшке дейін 
көбейтуге болады. Тәрбиеші ойынды эмоционалды түрде жүргізуі керек. 
Мұндай ойындарға байқаушылар қатысады, олар аздап білік алады. Ертегі 
сюжеттерінен өмірдегі нақты оқиғаларға көшуге болады. Алған білігін 
бала оны қисынды өзгертіп, түрлендіріп өзі ойнағанда пайдаланады.


147
Сонымен, Н. Я. Михайленко мен Н. А. Короткованың әдістемесіне 
сүйенсек, мектеп жасына дейінгі балалардың ойыны алуан түрлі, 
белсенді, шығармашыл, дамытушы іс-әрекет болып табылады. Бұл 
жағдайда ол өзіне тән барлық функцияларды атқарады және балаларды 
оқытуда, тәрбиелеуде және дамытуда, бала өмірінде өзінің тиісті орнын 
алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет