144
үшін ойында ойыншық барынша аз пайдаланылады.
Педагог сөйлеу
жағдаяттарын ойында «телефонмен сөйлесу» типінде беруіне болады,
онда тәрбиеші диалогқа қатысады және жауаптардың мазмұнын айтып
бере алады. Сол сияқты «Бауырсақ», «Шалқан» сияқты белгілі ертегілер
бойынша ойын-импровизацияларды тиімді пайдалануға болады.
Сонымен, тәрбиеші балалармен бірге ойнайды, балалардың рөлдік
болмысқа кіруіне тікелей араласады. Ол үшін қос рөлді байланыстар
мен рөлдік диалогтың сюжеттері пайдаланылады. Баланың рөлдік бол-
мысы серіктесіне бағдарланады (алдымен үлкенге, ал кейін құрбысына).
Достарыңызбен бөлісу: