Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет16/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

П. И. Рычковтың 1762 жылы шыққан «Топография Оренбургская» 
(«Орынбор топографиясы») атты кiтабы болды. 
Қазақстанның географиялық зерттелу тарихында 1768-1774 
жылдардағы академиялық экспедициялар ерекше орын алады. 
1820-1821 жылдардағы экспедициялық зерттеулер нəтижесiнде 
«Естественная история Оренбургского края» («Орынбор өлкесiнiң 
табиғат тарихы») атты 3 томдық еңбек жарияланды. Оның бірінші 
бөлiмiнде Батыс Қазақстанның табиғат жағдайларына жалпы сипат-
тама берiлдi. 
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазiргi Қазақстан аумағын 
зерттеушi экспедициялардың саны артты. 1827 жылдан 1872 жылға 
дейiнгi аралықта Г. С. Карелин өлкенi картаға түсiрумен бiрге 
əртүрлi аймақтардың (Каспий теңізі жағалауы, Алтай, Тарбағатай, 
Жетiсу Алатауы тауларының) жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнен 
коллекциялар жинады. Атақты немiс ғалымы А. Гумбольдт өзiнiң 
Алтайға жасаған саяхаты (1829 ж.) нəтижесiнде «Центральная Азия» 
(«Орталық Азия») деген көлемдi еңбегiн шығарды. 
ХІХ ғасырдың 30-жылдарына дейiн Қазақстан туралы жиналған 
географиялық деректер А. И. Левшиннiң «Описание киргиз-каза-


21
чьих или киргиз-кайсацких орд и степей» («Қырғыз-қазақ не қырғыз-
қайсақ ордасы мен даласының сипаттамасы») деген кiтабында (1832 
ж.) қорытындыланды. Бұл кiтап қазақ жерi туралы берiлген алғашқы 
толық географиялық сипаттама болды. 
1840-1850 жылдары аралығында Шығыс, Оңтүстік-Шығыс жəне 
Орталық Қазақстан өңiрлерiне Ресей ботанигi Л. И. Шренк саяхат 
жасады. Ол Жетiсу Алатауына, Балқаш-Алакөл ойысының шығыс 
бөлiгiне физикалық-географиялық сипаттама бердi. 
ХІХ ғасырдың орта шенiнде Арал (А. И. Бутаков) жəне Каспий 
(К. М. БэрН. А. Ивашинцов) теңiздерi жан-жақты зерттелдi. 1857 
жылы Арал-Каспий атырабына императорлық Санкт-Петербург 
Ғылым Академиясы ұйымдастырған экспедицияға И. Г. Борщов пен 
Н. А. Северцов қатысты. Экспедиция жұмыстарының қорытынды 
деректерiнiң маңызы өте зор болды.
Экспедиция жұмысының нəтижесiнде Батыс Қазақстанның жер 
бедерi, геологиялық құрылысы, климаты, флорасы жəне фаунасы 
туралы нақты деректер аясы кеңейдi. И. Г. Борщов «Материалы 
для ботанической географии Арало-Каспийского края» («Арал-Ка-
спий өлкесiнiң ботаникалық географиясына арналған деректер») 
деген еңбегінде Батыс Қазақстанды ландшафтылық-географиялық 
облыстарға бөлдi. 
1858-1859 жылдарында Жетiсу Алатауы мен Iле өңiрiне қазақтың 
ұлы ғалымы Шоқан Уəлиханов Қашқар сапарына шығу барысында 
тоқталып, Жетiсу жері мен Тянь-Шань тауының табиғатына ғылыми 
сипаттама бердi. Балқаш көлі мен Алакөлдiң пайда болу жəне 
қалыптасу тарихының өте ұқсастығын дəлелдедi. 
Жетiсу Алатауы мен Солтүстік Тянь-Шань тауын жануарлардың 
таралуына қарай биiк таулық белдеулерге бөлдi. Сонымен бiрге осы 
зерттелген өңiрлердiң маршруттық жəне жалпы шолулық картала-
рын жасады. 
ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында кен байлықтарын iздеуге 
байланысты физикалық-географиялық сипаттағы бiрқатар жаңа 
деректер алынды. Əсiресе, Орталық Қазақстан мен Тарбағатай 
тауының жəне Маңғыстау түбегiнiң геологиялық құрылысы, орогра-
фиясы туралы нақтылы деректер жинақталды. 
Қазақстан табиғатын шын мағынасында ғылыми-географиялық 
тұрғыда зерттеу XIX ғасырдың екінші жартысынан басталды. Бұл 
тұрғыда П. П. Семенов-Тян-Шанскийдің, Н. А. Северцовтың, И. В. 
Мушкетовтың, А. Н. Красновтың, Л. С. Бергтің сіңірген еңбектері 
айрықша.


22


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет