Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет17/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

П. П. Семенов-Тян-Шанский (1827-1914) – еуропалық ғалым-
дардың ішінде Тянь-Шань тауын зерттеген алғашқылардың бірі. 
1856-1857 жылдары ғалым Тянь-Шань тауына өзiнiң əйгiлi саяха-
тын жасады. Ол бұл сапарындағы зерттеу қорытындысында та-
улы өлкенiң орографиясына жаңаша сипаттама берiп, тұңғыш рет 
биiк тау ландшафтын анықтады. П. П. Семеновтың бұл сапарда 
ашқан аса маңызды жаңалықтарының бiрi – Орта Азиядағы тау 
мұздықтарының табылуы. 
Орталық жəне Солтүстік Тянь-Шаньға бірнеше экспедиция жасап, 
Хантəңірі шыңының бөктеріне дейін жеткен. Соның нəтижесінде ол 
биік таудағы қар белдеуінің биіктігін, ондағы мұздықтарды анықтап, 
бұл тау жүйесінде жанартау құбылыстарының жоқтығын дəлелдеді. 
Сол кезде Еуропа ғылымында қалыптасқан Тянь-Шань жанартау 
əрекеті нəтижесінде пайда болған деген ұғымды теріске шығарады. 
Ол Тянь-Шань тауларының бітімі мен геологиясына қатысты 
бақылаулар жасады. Осы саладағы ұлы еңбегі үшін ғалым Семенов-
Тян-Шанский деген атаққа ие болды.
Н. А. Северцовтің (1827-1885) Қазақстанды зерттеу жұмыстары 
П. П. Семеновтың Тянь-Шаньды зерттеуімен қатар жүргізілді. Ол 
əуелде Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысына сапар шекті. 
Одан соң Тянь-Шаньда, Жетісу, Қызылқұм, Қаратау өңірлерінде 
зерттеу-бақылау жұмыстарын жүргізді, Үстірт пен Мұғалжарды 
зерттеді. Осы зерттеулер нəтижесінде Н. А. Северцов Қазақстан 
жерінде жануарлардың таралуы жайында ғылыми ой-пікірлерді 
кеңейтті. 
Жануарлардың дамуы мен таралуына физикалық-географиялық 
жағдайлардың əсер ететінін дəлелдеді. Таулы өлкелердің геоло-
гиясы мен қалыптасу тарихына назар аударды. Ғалымның табиғат 
компоненттерінің өзара байланысы жəне сабақтастығы туралы иде-
ясы географиядағы экологиялық бағыттың дамуына жол ашты
И. В. Мушкетов (1850-1902) өз заманындағы геология жəне 
физикалық география саласындағы ірі маман болды. Оның 
геологиялық зерттеулері физикалық географияның көп мəселелерін 
шешуге, табиғат құбылыстарының пайда болуы мен заңдылығын 
анықтауға көмектесті.
1875-1876 жылдары И. В. Мушкетов Тянь-Шаньның солтүстігі 
мен Жетісу (Жоңғар) Алатауына үлкен саяхат жасап, Əулиеата 
(қазіргі Тараз) қаласының маңын, Александр жотасын, Сусамыр 
өзенінің алқабын, Ыстықкөлді зерттейді. Сонымен қатар Ілені
Күнгей жəне Теріскей Алатауды бірнеше жерден басып өткен.


23
И. В. Мушкетов Орта Азияның физикалық географиясы мен 
геологиясына арналған «Түркістан» (1886-1906) атты еңбегін жаз-
ды. Онда Тянь-Шань тауларының жүйесін, оның мұздықтарын, тау 
етектеріндегі жазық жерлер мен жота аралық аңғарлар мен ойыстар-
да сары (лесс) топырақты жəне саздақ балшықты жерлердің пайда 
болуының метеорологиялық жағдайын зерттейді. 
Сонымен бірге шекараларын анықтап, алғашқы геологиялық 
қартасын (1881) жасады. Ғалым А. Гумбольдтың Тянь-Шаньда 
вулкандық құбылыс бар деген көзқарасын теріске шығарып, өз 
деректерін келтіреді. Сонымен бірге 1887 жылы Верныйда (Алматы) 
болған жер сілкінудің себептері мен шөлді аудандардағы жел əрекеті 
туралы құнды деректер жинақтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет