Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет233/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Шикізат қорының шектеулілігі. Адамзат қоғамының даму та-
рихы – бұл, ең алдымен, алуан түрлі ресурстарды пайдалану тари-
хы. Табиғат қоғам дамуының барлық кезеңдерінде адамның мекен 
ортасы болумен қатар, оны тіршілігі мен шаруашылық əрекетіне 
қажетті ресурстармен қамтамасыз ететін шикізат көзі болып келеді. 
Адамзаттың шикізатты пайдалану ауқымы мен деңгейі қоғамның 
əлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерімен анықталады, яғни 
шикізат түрлеріне сұраныс Жер шарында халық санының өсуімен, 
өндірістің қарқынды дамуымен байланысты жылдан-жылға арта 
түсуде.
ХХ ғасыр ішінде жер қойнауынан бүкіл адамзат тарихында 
өндіргенінен əлдеқайда көп пайдалы қазбалар алынған.


325
Энергетикалық 
проблема. 
Энергетикалық 
ресурстар 
өндірісінің монополиялануы, тұтыну салаларының қарқынды дамуы 
энергетикалық шикізаттың тапшылығына жəне олардың бағасының 
күрт артуына себепші болуда.
Шикізат түрлерін өндіру жəне тасымалдау барысында 
экологиялық талаптарды орындау қажеттілігі энергетикалық про-
блеманы ушықтыра түсті. Бастапқы энергетикалық ресурстар 
қатарына жататын мұнай, табиғи газ, көмір, жанғыш тақтатастар, 
шымтезек, ағаш, су ресурстары қорының шектеулі болуы қалпына 
келетін немесе сарқылмайтын балама ресурс түрлерін пайдалануды 
жеделдетті.
Қазіргі кезде дүниежүзінің 40 елінде АЭС бар немесе салынып жа-
тыр, оларда орнатылған атомдық реактор блоктарының жалпы саны 
445-тен асады. Олардың үлесіне дүниежүзінде өндірілетін электр 
энергиясының 17%-ы тиесілі. Кейбір елдерде АЭС-ң электр энер-
гиясы өндірісіндегі үлесі басқа энергия көздерімен салыстырғанда 
басым бола бастады.
Францияда бұл көрсеткіш 77%-ға, Литвада 83%-ға тең. 
Осыған қарамастан көптеген елдерде АЭС салуға қарсы қоғамдық 
қозғалыстар жұмыс істейді. Əсіресе, бұл қозғалыстар Фукусимада 
болған апаттан кейін ерекше қарқын алуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет