Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Озон қабатының жұқаруы проблемесы



Pdf көрінісі
бет232/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Озон қабатының жұқаруы проблемесы. Озон қабатының жер 
ғаламшарын ғарыштан келетін ультракүлгін сəулелерден қорғай-
тыны белгілі. 1984 жылы британдық ғалымдар Халли-Бей станция-
сында соңғы 10 жыл ішінде атмосфера құрамындағы озонның 40%-
ға азайғанын анықтады. Бірнеше рет зерттеу сынақтарын жүргізген 
соң, 1985 жылы озон қабатының жұқаруы туралы əйгілі мақала 
жарық көрді. 
Ал америкалық ғалымдар 1978 жылдан бері жүргізген зерт-
теу жұмыстарының нəтижесінде Антарктида үстінде, əсіресе, 
көктемге қарай озон мөлшерінің күрт азаятындығын анықтап, озон 
қабатының жұқаруы картасын жасаған. Озон қабаты жұқарған бөлік 
ауданы жағынан АҚШ жерімен шамалас болып шыққан. Ғалымдар 
арасында күтпеген тосын жаңалық болған бұл құбылыс атмосфера 
құрамында хлорфторсутекті қосылыстар – фреондардың көбеюі сал-
дарынан болатындығы дəлелденді.
Ауадағы ультаркүлгін сəулелердің көбеюі адамдарда көз ауру-
лары мен тері обырының (рак) жаппай белең алуына себепші бола-
ды. Сонымен қатар ДНҚ молекулаларын бұзу арқылы қайтымсыз 


324
өзгерістерге алып келуде. Озон қабатының жұқаруы Жер шарын-
дағы тіршілік дүниесіне, адамзат өркениетіне зор қауіп төндіруде.
Осы себепті бұл апатты құбылыс адамзаттың ғаламдық пробле-
масына айналып отыр. Озон қабатының жұқаруын мейлінше тежеу 
мақсатында 1985 жылы Вена конвенциясы, 1989 жылғы Монреаль 
хаттамасы бойынша озонды ыдырататын қосылыстарды шығаруды 
шектеуге қол қойылды. Қазіргі кезде дүниежүзі қауымдастығы бұл 
шарттарды орындауға басты назар аударуда.
Ормандар аумағының қысқаруы. Қазіргі кезде дүниежүзінде 
ормандар құрлықтың 30%-ын, яғни жалпы ауданы 4 млрд гектар 
аумақты алып жатыр. Соңғы 200 жыл ішінде ормандардың ауданы 
екі есеге жуық қысқарған.
Жыл сайын жер бетінен жойылатын ормандардың шамамен 10 
млн гектарын тропиктік ормандар құрайды. Олардың тек 10%-ы 
ғана қалпына келтіреді. Орман алқаптарының жойылуына əсірессе, 
апатты өрттер, қышқыл жаңбырлар, ағаштарды есепсіз кесу себепші 
болуда.
Ормандар ауа мен топырақ қабатының ластануынан да зардап 
шегуде. Мұның барлығы орман алқаптарының күрт азаюына, түр 
құрамының жұтандануына себеші болды.
Атмосфераны тұрақты түрде оттегімен байытып отырған 
ормандардың жойылуы топырақтың құнарлы қабатының тез шайы-
луына, су режимінің өзгеруіне кері əсерін тигізеді.
Соңғы деректерге қарағанда, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы 
адамның шаруашылық əрекеті əсерінен мұндай жерлердің ауданы 9 
млн км
2
артып отыр. Ал 30 млн км
2
аумақ шөлейттенуге ұшырауға 
жақындап тұр. Шөлейттену құбылысы дүние жүзінің жүзден астам 
елін қамтуда, ол əсіресе дамушы елдерді тұралатуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет