Протоплатформалар – жер қыртысының ең ежелгі біршама
тұрақты, иілуге жəне майысуға келмейтін қатты бөлігі. Олар шама-
мен архейлік Пангеяның сынықтары болып табылатын континенттік
жер қыртысының айырықша бөліктері. Олардың көлденең енінің өзі
жүздеген километрден мыңдаған километрге дейін жетеді.
Радиокөміртекті əдіс – тау жыныстары құрамындағы
радиоактивті көміртегі изотопының алғашқы жəне қалдық концен-
трациясын салыстыру негізінде жүргізіледі. Анықтаушы материал
ретінде өсімдіктер қалдықтары, топырақ қарашірігі, биогендік кар-
бонаттар, мұздық құрамындағы көмірқышқыл газы алынады.
Синклиналь (грек. “синклио” – еңкею, иілу) – иіні төмен қараған,
сол себептен қанаттары бір-біріне қарай еңіс қатпарлар.
Синклиндік құрылымы иіні төменге қараған, қанаттары бір-
біріне қарай еңкіш келген, теріс мағыналы (ойыс), иілім.
Силикаттар – Жер қабығында ең көп тараған жыныс құрушы
минералдар. Силикаттардың барлығының кристалдық торының
негізіне төрт валентті кремний анионы (SiO
4
-4
) кіреді.
Спрединг болжамы – мұхиттар мен континентердің
қалыптасуын түсіндіретін тұжырымдама. Бұл болжамға сəйкес,
құрлықтар бір-бірінен қашықтайды да, мұхиттардың суасты орта
жоталарындағы рифтер біртіндеп кеңейеді. Осы жарықтар арқылы
астеносферадан балқыма төгіліп, жаңа мұхиттық қабат түзіледі,
яғни жаңа мұхит табаны пайда болады. Жер литосферасы бірнеше
тақталарға жіктеліп, олардың шектесу аймақтарында сейсмикалық
белсенді зоналар орналасады.
Стратиграфия – тау жыныстары қабаттарының арақатынасын
зерттейтін геология ғылымының саласы, лат. стратум – қабат
деген мағына береді.
Стратиграфиялық əдіс – шөгінді таужыныстары қабаттарының
өзара орналасу реттілігін анықтайтын əдіс. Шөгінді қабат
неғұрлым төмен орналасса, оның жасы соғұрлым ежелгі, ал
жоғарғы қабаттардағы шөгінді тау жыныстары төменгі қабаттармен
салыстырғанда жас болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |